Еркебұлан – спорт шебері

Жұма, 30 Желтоқсан 2016 09:47

Қызылорда қаласында дзю-до күресінен ересектер арасында Қазақстан чемпионаты болды.

Депутат турнир өткізді

Жұма, 30 Желтоқсан 2016 09:47

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай, Рабат елдімекеніндегі Қ.Әбдалиев атындағы жалпы орта мектебінде аудандық мәслихаттың депутаты Саян Батырбаевтың демеушілігімен шахматтан турнир болды. Оған 12 шахматшы қатысты.

Турнир Тәуелсіздікке арналды

Жұма, 30 Желтоқсан 2016 09:46

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай, А.Байтұрсынов атындағы жалпы орта мектебінде дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Нұрахмет Бөртеевтің ұйымдастыруымен спорттың үстел теннисінен ұлдар және қыздар арасында аудандық турнир болды. Оған 16 команда қатысты. Турнирді аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Қ.Бұхаров ашып, жарысқа қатысушы оқушыларға сәттілік тіледі.

«Айнатас» командасы – жеңімпаз

Сәрсенбі, 16 Қараша 2016 10:40

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығына  орай Елшібек батыр атындағы мектеп-лицейінде волейболдан жасөспірім қыздар арасында ауданның ашық біріншілігі өтті.

1408955853 gran-pri

 


І орынды Айнатас ауылындағы «Комсомол» жалпы орта мектебінің «Айнатас» командасы қанжығалады. Маржан Бижанова мен Асылжанды Сыпабекті ерекше  атап өтсек болады. Өйткені, олар біріншіліктің  «Үздік ойыншысы» атанды.

Аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен өткен біріншіліктің мақсаты –   дене тәрбесі мен спортты  әрі қарай дамыту, жасөспірімдерді Отан сүйгіштікке, патриоттық сезімге баулу, волейболға  жастарды  тарту, жас  спортшылырдың тәжірибесін шыңдау, «Спорт есрткіге қарсы!» ұранын кеңінен насихаттау.

Исатай ҚАСЫМБЕКОВ,

жаттықтырушы.

 

«ЖАҢАБАЗАР» – КУБОК ИЕСІ

Дүйсенбі, 14 Қараша 2016 10:30

ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында футболдан шілде айында басталған Қазығұрт ауданы әкімінің кубогіне арналған біріншілік өз мәресіне жетті. Жұртты бұқаралық спортқа тартудың ең үлкен көзі – футбол болып саналады. Жеңімпаздарды марапаттау рәсімінде ең әуелі облыс чемпионатында ауданымыздың мерейін асырған спортшылардың есімдері аталды.

«Қазығұрт» облыс чемпионы атанды

Дүйсенбі, 14 Қараша 2016 10:28

Футболдан Оңтүстік Қазақстан облысы чемпионаты өз мәресіне жетті. Облыс көлеміндегі аудан, қалалардан құралған командалар 2 топқа бөлініп, өзара бақ сынасты.

Шахмат тақтайшасындағы тартыс

Дүйсенбі, 14 Қараша 2016 10:25

Жамбыл атындағы жалпы орта мектебінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай шахматтан мұғалімдер арасында Қазығұрт ауданының біріншілігі өтті.

Шынықсаң – шымыр боларсың

Дүйсенбі, 07 Қараша 2016 08:50

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Ащыбұлақ» жалпы орта мектебінде «Оқушыларды үздіксіз дене тәрбиесімен шұғылдануға баулу арқылы салауатты өмір салтын насихаттау» тақырыбында аудандық семинар өтті.