Балаларды және кәнігі құмарпаздарды ойынға тартқандар әкімшілік жауапқа тартылады

Бейбенбі, 25 Ақпан 2021 00:00 Жарияланды Заң Оқылды 395 рет

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің бесінші отырысында жас ұрпақты құмар ойынның зиянды ықпалынан арылту керектігін күнтәртібіне қойды, деп хабарлайды Egemen.kz
«... Балаларды және кәнігі құмарпаздарды ойынға тартқан немесе сондай жағдайға жол берген заңды тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылуға тиіс. Қажет болса, оларды лицензиясынан айырамыз», дейді Мемлекет басшысы.
Осы орайда Президент жас ұрпақты құмар ойынның зиянды ықпалынан жан-жақты қорғауымыз керектігін басты назарға қойды. Сондай-ақ мәселені шешу үшін жаңа тәсілдерді қолдану қажет екенін баса айтты.