ТҰРҒЫНДАРҒА ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕЛЕРІ ТҮСІНДІРІЛДІ

Жұма, 22 Қазан 2021 00:00 Жарияланды Әлеумет Оқылды 109 рет

Қазығұрт ДЧС 4

Қазығұрт ауданы аумағында жылу беру маусымында адамдардың улы газбен улану мен жарақаттануларын алдын алу және қысқарту бойынша Қазығұрт ауданының төтенше жағдайлар бөлімі және Қазығұрт ауданындағы №13 өрт сөндіру бөлімі қызметкерлерімен бүгінгі күнге дейін 1856 тұрғын үйлер араланып, 6013 адамға өрт қауіпсіздік ережелері туралы түсіндіріліп, жадынамалар таратылып берілді.
Бірінші кезекте, пеш жағарда қарапайым техникалық қауіпсіздік ережелерін ұстау, жабық жерлерде автокөлікті істеп тұрған қозғалтқышпен ұстамау, газ плитасымен қондырылған ас бөлмені жиі ауасын тазарту керек. Ал, енді үйде және гаражда ауаның жағдайын тұрақты бақылауын қалай қамтамасыз етуге болады?
- Үйлерде пештерді тексеру және жөндеу жұмыстарын жылу беру мерзіміне дейін өткізу;
- Шатырдың астындағы барлық түтін өтетін арналардағы дуалдарды және үйдің мұржасын тазалап, әктеп шығу қажет;
- Жылу беру мерзімінің басында, және де 2 айда 1 рет барлық жылу мезгілінде пештерді және мұржаларды күйеден тазалау қажет;
- Ауа тазартқыш және газ арналарын мұржа қылып қолдануға болмайды;
- Автокөлікті жөндегенде және гаражда жұмыс істегенде есікті ашық қалдыру қажет;
- Автокөліктің қозғалтқышын уақыт сайын өшіріп түру қажет;
- Бөлмені ауамен тазарту, таза ауаға жиі шығу, қозғалтқышы істеп тұрған автокөлікте ұйықтамау қажет.
Осы ережелерді орындай отырып, біз өзімізге және өз жақындарымызға төнетін қайғылы жайттардың алдын алған болар ек.
Барынша қауіпсіздік ережелерін сақтаған жағдайда ғана улы газбен уланудың алдын аламыз. Сонда ғана тұрмыстық өрттер болмас еді!

Қазығұрт ауданы төтенше жағдайлар бөлімі.