БАСТЫ БАҒЫТ – ЖАСӨСПІРІМДЕР ФУТБОЛЫН ДАМЫТУ

Жұма, 04 Қараша 2022 00:00 Жарияланды Спорт Оқылды 321 рет

852a807c-0584-4276-872e-56de31df384a

Қазығұрттықтар үшін қуанышты жаңалық! Түркістан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының Қазығұрт аудандық №4 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің 2007-2008 жылы туылған талантты жас футболшылары Шымкент қаласында өтіп жатқан «Шымкент қаласы Балалар футбол лигасында» Қазығұрттық қырандар 18 команданың ішінен топ жарып келеді. Бұл, жеңіске деген құштарлықтары мықты, жасыл алаңда жасындай жарқылдаған шәкірттеріміздің бапкері Мықтыбек Рысалиевтің ерен еңбегінің нәтижесі. Білікті басшы, Сәбит Шушбаев бұл жетістікті жоғары бағалады. Футбол лигасының ойындарын тамашалауға келген көрермендердің көпшілігі қазығұрттық жасөспірімдердің жасыл алаңдағы талантына риза болды.
Қазақстан футболының өркендеуіне мол үлес қосатын дарындылар арасында 2008-жылғы туылған үздік ойыншыларымыз бар. Олардың қатарында команда капитаны Рахимов Ратмир, қақпашы Абдули Нұрасыл, қорғаны мықты қорғаушы Әмір Нұрсұлтан мен осы чемпионатта «Үздік ойыншы» номинация иегері Эргешов Нұрсұлтан Қазығұрт футбол мектебінің мақтаныштары.
Бапкер Рысалиев Мықтыбектің айтуынша, бұл әрбір шәкірттің алаңда тәжірибесінің қалыптасуы, командалық ойында бірін-бірі жақсы түсінуі. Шеберліктері мен техникалары да жылдам жас футболшыларымыз әлі талай додада жеңістерге жететін болады.

Абылай ӨТЕГЕН,
аудандық №4 БЖСМ әдіскері.

Тағыда осы категорияда: « ОБЛЫСТЫҚ ЖАРЫС ӨТТІ