Кіші футболдан жарыс өтті

Дүйсенбі, 12 Қараша 2018 00:00

56569

Қазығұрт ауданына 90 жыл

кокпар 1

Футбол турнирі өтті

Дүйсенбі, 29 Қазан 2018 00:00

44444

       

Қазығұрт ауданы әкімінің жүлдесі үшін өтіп жатқан футбол турнирі өз мəресіне жетті. Тартысты бəсекеде «Жаңабазар» командасы – І, «Рабат» командасы – ІІ, «Қазығұрт» командасы ІІІ – орынды иеленді. Жеңіске жеткен жаңабазарлықтарға – 150 мың, рабаттықтарға – 100 мың, қазығұрттықтарға – 50 мың теңгенің сертификаты мен кубокпен, аудан әкімінің дипломымен марапатталды. Сондай-ақ, үздік ойыншылар мен үздік төрешілерге де құрмет көрсетіліп, қаржылай сыйлықтар табыс етілді.

Ойыншыларға жеңіс құтты болсын дегіміз келеді.

Бекжан ОРЫНБАСАР,

аудандық дене шынықтыру және спорт

бөлімінің бас маманы.

Мерейлері үстем болды

Дүйсенбі, 17 Қырқүйек 2018 00:00

Аудан әкімінің жүлдесі

 

Спорттың бұқаралығын арттыру, жұртшылық арасында саламатты өмір салтын насихаттау мақсатын діттеген футболдан аудан біріншілігінің VII-тур ойындары өтті. Көш басындағы командалар жасыл алаңда кезекті жеңіске жетіп, мерейлері үстем болды.

Футболдан Қазығұрт ауданы біріншілігінің VII -турдан кейінгі ойын кестесі

Команда атауы

Ойыны

Ұтыс

Тең

Ұтылыс

Доп айырмасы

Ұпайы

1

Жаңабазар

7

6

1

 

23-3

19

2

Қазығұрт-1

7

6

1

 

20-4

19

3

Заңғар «Рабат

7

5

2

 

23-5

17

4

Қызылқия

7

4

2

1

18-5

14

5

Қазығұрт-2

7

3

 

4

14-19

9

6

Қарабау

7

3

 

4

7-13

9

7

Шарапхана

7

2

2

3

10-9

8

8

Алтынтөбе

7

2

2

3

10-13

8

9

Шарбұлақ

7

2

2

3

10-16

8

10

Ардагер

7

 

2

5

6-18

2

11

Тұрбат

7

 

2

5

3-21

2

12

Жігерген

7

 

2

5

2-20

2

VІІ-турдың ойын нәтижелері төмендегіше:

«Қазығұрт-1» – «Шарапхана»1 – 0,              «Қазығұрт-2» – «Тұрбат»4 – 2,

«Жаңабазар» – «Шарбұлақ» 3 – 0,                   Заңғар «Рабат» – «Қарабау» 2 – 0,

«Алтынтөбе» – «Жігерген» 3 – 0,                     «Ардагер» – «Қызылқия» 0 – 3.

VІІІ-турдың алғашқы ойынын 15-қыркүйек сенбі күні сағат 16:00-де «Жігерген» – «Шарапхана», сағат 17:00-да «Қазығұрт-2» – «Алтынтөбе», «Жаңабазар» – «Ардагер»

командалары кешкі сағат 18:00-да бастайды.

Ал, жексенбі 16-қыркүйек күні сағат 16:00-де Заңғар «Рабат» – «Шарбұлақ», сағат 17:00-де «Қазығұрт-1» – «Қызылқия», сағат 18:00-де «Тұрбат» – «Қарабау» командалары өзара тартысқа түседі.

        Құрметті футбол сүйер қауым, жоғарыдағы командаларды қолдауға стадионға жиналайық!  

Б.ОРЫНБАСАР,

аудандық дене шынықтыру

және спорт бөлімінің бас маманы.

Шахматтан жарыс өтті

Дүйсенбі, 13 Тамыз 2018 00:00

Спорт

аааа

Жуырда Қ.Әбдәлиев ауыл округі аппаратының ұйымдастыруымен тұрғындар арасында Астананың 20 жылдығы мен ауданның 90 жылдығына орай шахматтан жарыс өтті.

Аталған жарысқа 12 талапкер қатысты. Оның ішінде спорт шеберіне кандидат, бірінші санаттағы шахматшылар қатысты. Тартысты әрі қызықты өткен сайыста Н.Тұрысбков – І, Қ.Сүлеймен – ІІ, Е.Жиенбеков – ІІІ орын иегері атанды. Жарыста Бақыт Қадырбаев төрешілік етіп, жүлдегерлерге ақшалай сыйлық тапсырылды.

Қ.СҮЛЕЙМЕНОВ,

Қ.Әбдәлиев ауыл округі ардагерлер

Кеңесінің төрағасы.

Жеңісті болған Жасмина!

Дүйсенбі, 13 Тамыз 2018 00:00

 

Қазығұрт аудандық «Жас туристер» станциясының үйірме қатысушысы, Т.Рысқұлов атындағы мектеп-лицейінің 8-сынып оқушысы Жасмина Бағысбай облыстық жас туристер станциясы ұйымдастырған «Үздік гид экскурсовод» байқауына қатысып, жүлделі 3-орынды иеленіп, арнайы дипломмен және бағалы сыйлықпен марапатталды.

Менің табысқа жетуіме жетекшім Айнұр Байжігітованың еңбегі көп. Ол кісіге айтар алғысым шексіз. Бірлесе отырып дайындаған «Біркөлік – жердің жәннаты» тақырыбындағы баяндамамыз өте көп дайындық пен еңбекті қажет етсе де, сол еңбектің жемісті боларына сеніп едік, сеніміміз ақталды, – деп қуанышымен бөлісті Жасмина.

Алар асуларың мен шығар биіктерің көп болсын, жарайсың, Жасмина!

М.АКИЛОВА,

«Жас туристер» станциясының

қосымша білім беру педагогы.

Жерлестеріміз жүлделі орындарда

Дүйсенбі, 13 Тамыз 2018 00:00

                                               

Гулмира шахмат

Футбол

1111111

Спорт

Дүйсенбі, 09 Шілде 2018 00:00

 

Жуырда Астананың 20 жылдығына, бүкіләлемдік нашақорлыққа қарсы күрес күніне орай орталық футбол алаңында «Спорт – есірткі бизнесіне, терроризмге қарсы» ұранымен 2001-2003 жылы туылған жасөспірімдер арасында кіші футболдан біріншілік өтті.

 

img316798

 

Нәтижесінде «Тұрбат» командасы – І, «Шарбұлақ» командасы – ІІ, «Жаңабазар-2» командасы – ІІІ орын иеленді.

Жеңімпаздарға №4 БЖСМ және аудандық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы тарапынан дайындалған кубок, медаль, заттай сыйлықтар және дипломдар табыс етілді.

Төрешілер шешімімен Айтбек Құланбай – «үздік қақпашы», Сардор Шакиров – «үздік шабуылшы», Бекназар Тәжібай – «үздік қорғаушы», атанса, ал, «ең үздік гол» соққаны үшін Мадияр Діллахан және Қуандық Айту арнайы дипломдармен марапатталды.

Футболдан біріншілік өтті

Дүйсенбі, 21 Мамыр 2018 00:00

Жуырда ауданның 90 жылдығына орай футбол күні қарсаңында «Жас спортшылар нашақорлыққа қарсы күрес» ұранымен 2003-2004 жылы туылған жасөспірімдер арасында біріншілік өтті.

22