«ЗАҢ КЕРУЕНІ» АУДАНЫМЫЗДА

Жұма, 04 Қараша 2022 00:00

313412128 3323499767926063 8373175043821395262 n

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 1-қыркүйек күнгі Жолдауын іске асыру аясында және Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасымен 2022-жылғы 7-қазандағы ведомствоаралық жедел кеңес хаттамасының 2.2-тармағына сәйкес құқық қорғау және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, өңірлерде «Заң керуені» акциясы өткізіліп жатыр. Ауданымызда жалғасын тапқан акцияға Түркістан облысы прокурорының орынбасары Келдібеков Саян Шаймұратұлы, Түркістан облысы полиция Департаментінің ЖПҚБ-ның бастығы Төреханов Асылхан Сейдеханұлы, Қазығұрт ауданы әкімі Абдуллаев Арман Айдарұлы, Қазығұрт ауданы прокурорының міндетін атқарушы Кадиров Ержан Кеулімжайұлы және Қазығұрт ауданының полиция бөлімінің бастығы Ермеков Мұрат Мұхтарұлы қатысты.

314325055 3323499757926064 928614571375079324 n

Акция барысында жергілікті тұрғындарға жедел құқықтық көмек көрсету, құқықтық мәдениет деңгейін арттыру, заңдарды түсіндіру, елдегі қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті нығайту үшін азаматтық қоғам мен құқық қорғау органдарының күш-жігерін біріктіру жұмыстары аясында сөз болып, азаматтар тарапынан қойылған сұрақтар мен өтініштерге нақты жауаптар берілді.

«Қазығұрт – ақпарат».

312710542 434862202166020 6136879802360795064 n

Мемлекет басшысының республика бойынша 2 млрд. ағаш көшеттерін отырғызу тапсырмасын орындау барысында Түркістан облысы бойынша 5 жылда 132 мың гектар жерге 210 миллионнан аса көшет отырғызу жоспарланған. Қазір бұл бағытта жұмыс жүріп жатыр. Сонымен қатар облыс әкімдігінің бастамасымен Түркістанда 2019-2022 жылдары қала айналасынан 7700 га жерге «Жасыл белдеу» құру жоспарланды. Бүгінгі таңда барлығы 13629 га жерге көшеттер егіліп, күтіп-бапталуда. Алдағы уақытта «Жасыл белдеу» аумағын 30 мың гектарға жеткізу көзделуде.
Егілген орман ағаштарының бірінші, екінші жылдарында 25 пайызының жерсінбей қурап қалуы – табиғи заңды құбылыс. Өйткені Түркістан қаласының климаты күрт континентальды. Қураған ағаштардың орнына қайта жайқалту мақсатында орман екпелерін толықтыру жұмыстарын жүргізу маңызды. Ғылыми-зерттеу институтының берген қорытындысына сәйкес, мәдени орман екпелерінің өнімділігі 55%-ды құрайтындығы дәлелденген.
Бір гектар орман жылына 18 млн. текше метр ауаны тазартып, 1 сағат ішінде 8 келі көмірқышқыл газын сіңіреді. Бұл 200 адамның 1 сағатта бөліп шығаратын көмірқышқыл газының көлемімен тең. Таза ауа – адамзаттың тіршілігі мен денсаулығының тірегі. Түркістан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының мәлімдеуінше, бүгінде, Түркістан қаласының экологиялық жағдайын жақсарту мақсатында қала аумағында саябақтар мен аллеялардың көлемі артып, 495 гектарға жетті. Оған қоса, қала аумағында көгалдандырудың жаңа технологияларын қолдану нәтижесінде көшеттердің өнімділігі артып, газондардың жақсы өніп-дамуына қол жеткізілді.

313089240 434862318832675 5465279378637740338 n
Жауапты мамандардың мәлімдеуінше, Түркістан қаласында атмосфералық ауаның ­ластануы 65%-ға төмендеген. Түркістан қаласының экологиялық жағдайы тұрақталып, анағұрлым жақсарып келеді. Бұған су жүйелерін жаңғырту, жасыл алқаптардың көбеюі, қаланың толықтай табиғи газ жүйесіне қосылуы оң әсерін беріп отыр.
Бұдан бөлек, облыстың орман шаруашылығы мекемелерінің тұқымбақтарында 30 миллион данадан астам әртүрлі орман ағаштарының көшеттері өсіріліп жатыр. Алдағы уақытта ол көшеттердің санын 60 миллионға жеткізу жоспарлануда. Мамандардың айтуынша, бұл жұмыстар облыстың аудан, қала және елдімекендерінде жасыл желек құру мен көгалдандыруға, экологияның тұрақтануына оң әсерін тигізеді.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

369 АШИРОВ

Күздің алғашқы күніндегі басты жаңалық кезектен тыс Президент сайлауы өтеді, бұл жолы бір рет сайланған президент тек 7 жыл басқарады. Конституцияға енгізілетін ең маңызды өзгерістің бірі – сайлау туралы заңның өзгеруі. Біз қазір бір реттік, жеті жылдық Президент сайлауына өтіп жатырмыз. Бұл демократиялық қадамның бірі деп есептеймін. Себебі, қанша мықты болса да билікте бір басшының ұзақ жылдар бойы отыруы дамуды тежейді.
Қазіргі таңда геосаяси жағдай тұрақсыз. Көршілес мемлекеттер арасындағы қақ­тығыстарға қарап, еліміздегі ең маңызды мәселе – Бейбітшілікті сақтау деп анық айта аламыз. Оны сақтау үшін саяси тұрақтылық керек. Осы жағынан алғанда, жеті жылдық, бір реттік Президент сайлауы елдегі бастамалар мен реформаларды тиянақты жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасы Президенттігіне үміткерлер арасынан талапқа сәйкес 6 үміткерді тіркеді. Қазіргі таңда үміткерлердің сенімді өкілдері үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Жаңа Қазақстан – жаңару мен жаңғыру жолы, бүгінгі буынның болашақ ұрпаққа аманаты. Қазақстанның тұрақты дамуын ары қарай қамтамасыз ету үшін, белсенді азаматтық позиция ұстанып, сайлауға қатысуға, ең лайықты кандидатқа дауыс беруге шақырамын.

Нұржан АШИРОВ,
Түркістан облыстық
мәслихатының депутаты.

314137537 3322613248014715 3778588306266199109 n

Аудан әкімі Арман Абдуллаев ҚР Президентінің 2022-жылғы 03-наурыздағы №826 «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығын іске асыру аясында, Қақпақ, Қызылқия ауыл округтерінде халықпен кездесу өткізді. Кездесу барысында елді мекен тұрғындары тарапынан ауыз су, ағын су, көше жарығы, электр бағаналарын ауыстыру, жол жөндеу, тұрғын үйлерге табиғи газ кіргізу секілді мәселелер төңірегінде сұрақтар қойылды. Ауыл азаматтары тарапынан қойылған барша сұрақтарға аудан әкімі Арман Айдарұлы толыққанды жауап беріп, айтылған ұсыныстар бойынша мекеме және бөлім басшыларына тапсырмалар жүктеп, барша мәселенің назарға алынатынын, сондай-ақ кезең-кезеңімен жоспар бойынша шешімін табатынын айтып өтті.
Сонымен қатар, аудан әкімі Қақпақ және Қызылқия ауыл округтерін аралап, тас жолдарды, көше жарығын және жауын суы ағатын арықтарды бақылауынан өткізді.

Қазығұрт ауданы әкімінің
баспасөз қызметі.

fa616a1e-82ed-4e7d-8226-ee177260e73a

Қазығұрт аудандық қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтті. Оны кеңес төрағасы Әбілахан Жылқыбаев жүргізді. Жиында екі мәселе қаралды. Алғаш Қазығұрт аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері Бейбіт Төреханов ағымдағы жылдың 9 айында атқарылған іс-шаралары мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы атқарған жұмыстары туралы есеп берді.
Аудандық орталық ауруханасына қарасты 60 медициналық нысан бар. Ол нысан ғимараттарының 40-ы типтік, 16-сы ыңғайластырылған, 4-еуі ақысыз жалға алынған. Атап айтқанда, 1 емхана, 5 стационар, 4 БМСКК орталығы, 10 дәрігерлік амбулатория, 25 фельдшерлік акушерлік пункт, 15 медициналық пункт. Ауруханаға қарасты аудандық емхана ғимаратына облыстық бюджет есебінен 101 миллион теңге қаржы қаралып, 2020-2021 жылдары толығымен күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Сөйтіп, 2021-жылдың мамыр айында пайдалануға берілді. Ағымдағы жылы аудандық орталық ауруханасы ғимаратына 590941416 теңге қаржы бөлініп, күрделі жөндеу жұмыстары атқарылуда. Бұл жұмыстар жыл соңына дейін толығымен аяқталып, халық игілігіне тапсырылады деп күтілуде.
Санитарлық талаптарға сәйкес келмейтін ескі, тозығы жеткен, жаңа құрылысты қажет ететін ғимараттарда отырған 14 медициналық нысан бар. Олардың 12-сі фельдшерлік-акушерлік пункттер. Еңбекші, Қызылсеңгір, Ақбастау, Махамбет, Майлыошақ, Алтынтөбе, Қаржан, Айнатас, Жұмысшы, Шанақ және Ащыбұлақ дәрігерлік ­амбулатория құрылысын салуға АПЗ ­дайын. Ағымдағы жылы Қақпақ, Жаңаталап және Ынталы 3 фельдшерлік акушерлік пунктті салу жоспарға енген болса, 2023-2024 жылдары Қызылдихан, Жіңішке, Үлгілі, Бейнеткеш, Майбұлақ, Шақпақ елдімекендерінде жаңа медициналық нысан салу көзделіп отыр.
2021-жылы 10 нысанды газбен қамтамасыз ету мақсатында бюджеттен 9,3 миллион теңге қаржы бөлініп, Жамбыл, Қарабау, Абай дәрігерлік амбулаториялары, Тілектес, Қарабастау, Қосағаш, Қаржан, 1-мамыр, Үшбұлақ және Қарабау фельдшерлік акушерлік пунктері көгілдір отынмен қамтамасыз етілді. Ағымдағы жылы тағы да 10 нысанды, атап айтқанда, Тұрбат БМСКК орталығын, Шарбұлақ, Қызылтаң, Қызылту дәрігерлік амбулаторияларын, Жеңіс, Өндіріс, Еңбек фельдшерлік акушерлік пунктерін және Тассай, Көктөбе, Аққұм медициналық пунктерін газдандыруға бюджеттен 13,7 миллион теңге қаржы қарастырылып, техникалық шарттарына сәйкес, жобасы әзірленіп, көгілдір отын тарту жоспарлануда.
Ауданымызда ана өлімінің көрсеткіші өткен жылдың 9 айында 37,6 болса, ағымдағы жылдың 9 айында болған жоқ. Нәрестелер өлімінің көрсеткіші есепті кезеңмен салыстырғанда, 9,8-ден 8,7-ге төмендеді. Сәбилердің шетінеу (неонатальдық өлім) көрсеткіші 2,9-дан 4,3-ке артты. Бес жасқа дейінгі балалар өлім көрсеткіші өткен жылдың 9 айында 12,8 болса, ағымдағы жылдың 9 айында 9,5 болды.
Ауруханада 2021-жылдың 9 айында 106 дәрігер, 122 мейірбике, ағымдағы жылдың 9 айында 38 дәрігер, 69 мейірбике білімін жетілдірген. КТ, нейроинсульттік бөлімше, жоғары мамандандырылған медициналық қызмет – травматологиялық оталар жасауға байланысты рентгенолог, нейрохирург, травматолог дәрігерлердің біліктіліктерін жоғарылату, осы бағыттағы қажетті медициналық құралдармен жабдықтау жоспарланған. Аудан әкімдігіне жас мамандарды ауылға тарту мақсатында тұрғын үйлерге және оларға жеңілдіктер беру туралы жергілікті пакеттерге қол жеткізуге сұраныстар жасалған. Аурухана балансында 35 автокөлік болса, оның алтауы тозығы жеткен, есептен шығаруға жоспарланған, төртеуі жөндеуді қажет етеді.

958a708c-d99d-4014-9e62-065bd6cd0944
Қоғамдық кеңес отырысының күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша, аудандық экономика және қаржы бөлімі­нің басшысы Мұрат Сапиев ағымдағы жылдың 9 айында аудан бюджетінің атқарылуы мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы атқарған жұмыстары туралы есеп берді. Ағымдағы жылы аудан бюджеті 3 мәрте нақтыланып, 9 рет түзетулер енгізіліп, 1-қазанға 25687,9 миллион теңгені құрап, биылғы 9 айда 17731,2 миллион теңгесі игерілді. 2022-жылға арналған аудан бюджетінің ішкі кірістері 2537,8 миллион теңге болса, оның 2427,5 миллион теңгесі салықтық түсімдерден, 59,2 миллион теңгесі негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдерден, 51,2 миллион теңгесі салықтық емес түсімдерден құралған.
Аудандық экономика және қаржы бөлімінде ағымдағы жылдың 9 айында жеке және заңды тұлғалардан 1 арыз-шағым тіркеліп, 19 жеке қабылдау болған. Сәуір айында мекеменің қызметіне сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу бойынша жұмысшы топтың құрамы бекітілген. Сөйтіп, 26-сәуірде бөлімде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізілген. Нәтижеде, бөлімнің қызметінде ешқандай сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталмаған. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жол бермеу мақсатында бөлім қызметкерлерінің қатысуымен 3-наурызда, 21-сәуірде және 22-қыркүйекте құқықтық сабақтар өткізілген.
Қоғамдық кеңес мүшелері жиын барысында қос мекеме басшысына сұрақтар беріп, олардың баяндамаларын жан-жақты талдап, ескертпелерін айтып, толықтырулар енгізді. Бас дәрігер Бейбіт Орынбекұлы мен бөлім басшысы Мұрат Байдуллаұлының баяндамасы мен есебіне «қанағаттанарлық» деп баға беріліп, шешім қабылданды.

Құралбек ЕРГӨБЕКОВ.

8181b626-7886-4403-849b-ddc43a8eac47

Қазығұрт ауданының 2021-жылғы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің қорытындысы және Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 2022-жылғы 11-қаңтардағы Парламент Мәжілісінің отырысында жасаған мәлімдемесі мен ағымдағы жылғы 16 наурыздағы Қазақстан халқына арнаған «Жаңа Қазақстан: Жаңару мен жаңғыру жолы» Жолдауына сәйкес, Сабыр Рақымов ауылдық округінде 2022 жылдың 9 айда атқарған жұмыстары туралы.
Ауылдық округте үш елді мекен бар, отбасылар саны -629, халықтың саны - 4090 тұрғын бар.
С.Рақымов ауылдық округі әкімі аппаратында 7 мемлекеттік қызметкер және 2 нұсқаушы қызмет атқарады. Ауыл округі аумағында 4-мектеп, 4-балабақша, 1-мәдениет үйі, 1-дәрігерлік амбулатория, 17-шағын кәсіпкерлік нысандар халыққа қызмет етуде.

С.Рақымов ауылдық окургі бойынша 172-шаруа қожалықтары, 3-Ө/К, 3-ЖШС-не бекітіліп берілген. 2022-жылға түзілген «Үш жақтама келісім» шартқа сәйкес игерілетін егістік жерге жоспар 2501,0 га болса, орындалғаны 2506,1 гектар болып, жоспар 100,2 % орындалды.
Ауыл шаруашылығы техникаларын жаңалау бойынша жоспар 7 дана болса, қазіргі таңда ауыл округі бойынша ауыл шаруашылық тауар өндірушілері 7 дана жаңа техника алып жұмыстарын жүргізуде, 100% орындалды.
С.Рақымов ауылдық округінің вет пункт меңгерушісі Е.Сулейменов және 3-лицензиялы мал дәрігерлері қызмет көрсетуде. Ауыл округі бойынша барлық ауыл шаруашылық малдары жұқпалы ауруларға қарсы жоспарға сәйкес емделуде. Үй іргелік қора жайларды тұрақты дизенфекциялануда.
Елдімекендердегі иесіз қаңғыбас ит-мысықтарды аулау және жою жұмыстары тұрақты жүргізілуде.
Сабыр Рақымов ауылдық округінде 1 учаскелік полиция қызметкері жұмыс жасайды. С.Рақымов ауылдық округі бойынша көктемгі шақырылушы жалпы- 315 бала, аудандық дәрігерлік сараптаудан өткені 25 бала, әскерге 8 бала кетті. Әскерге шақыру қағазы 315 балаға толық таратылды.
С.Рақымов ауылдық округіне қарасты Көкібел, Майбұлақ және Қызылата елді мекендері ­бойынша 629 тұрғын үй болса, қазіргі таңда 567 үй табиғи газға қосылып 91,1 пайызға орындалды. Қазіргі таңда қосылмаған тұрғын үйлерді табиғи газға қосу жұмыстары жүруде.
Ауыл округінің толық газбен қамтылмау себебі, 2021-жылы қыркүйек айында Майбұлақ елдімекеніне 5 көшеге газ құбыры тартылып яғни 55 тұрғын үйге табиғи газ кіргізу үшін көше бойына табиғи газ құбырын тарту құрылысы жүргізілді, қазіргі таңда тұрғындардың үйлеріне газ құбырын кіргізу жұмыстары жүргізілуде.
С.Рақымов ауылдық округі бойынша 2022-жылы көшет отырғызу жоспар 830 дана болса, көктем және күз айларында жалпы егілген көшет 850 дана егіліп 102,4 пайыз орындалды.
Сонымен бірге, ауыл округінде әр сенбі күндері жалпы сенбіліктер ұйымдастырылып, оған ауыл тұрғындары мен қоғамдық жұмыспен қамтылғандар күнделікті тазалық жұмыстарын жүргізуде. Сенбіліктер барысында көше бойлары, арық – атыздар, аяқ жолдары, тұрмыстық қатты қалдықтардан тазаланып, аптасына бір күн белгіленіп, техника көмегімен шығарылды.

c8ae7020-3398-48d0-9125-c88b4d135aff
2022 жылы ауыл округі бойынша ардагерлерге көрсетілген әлеуметтік көмектер; Ауылдық округте зейнеткерлер саны-335 зейнеткер болса; Оның ішінде демалыс орнына жолдама алғандар-16 зейнеткер; Ауыл округі бойынша 2022-жылы 26 отбасыға яғни 184 адамға барлығы 3 926 773 теңге атаулы әлеуметтік көмек тағайындалып берілді.
Ауыл кәсіпкерлері өз қаражат есебінен, жағдайы төмен отбасыларына 350 мың теңге көлемінде азық-түлікпен және киім-кешек қамтамасыз етілді.
Қызылата елдімекенінің таза ауыз су жүйесіндегі су жинағыш (резервуар) және орталық су тартатын насос тозығы жеткен болатын, аталған су жинағыш резервуар екі дана және су тартатын насосты ауыстыруға аудандық бюджеттен қаралып -8,5 млн. теңге бөлініп жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Майбұлақ елдімекені «Исабек» мешіті тозығы жеткен болатын, ауыл тұрғындары және ауыл кәсіпкерлері демеушілігімен заманауи мешіт салып пайдалануға берілді құны -70 млн. теңге.

89c484d0-5f11-438c-87cb-6530da8a3610
Көкібел елдімекені «Оқ-жүніс» мешіті тозығы жеткен болатын, ауыл тұрғындары және ауыл кәсіпкерлері демеушілігімен заманауи түрде ірге тасын қалап қабырғасын көтеруде.
Қызылата елдімекенінің тұрғындары мен кәсіпкер­лері Қызылата елдімекенінде орналасқан мазараттың алдына қоршау жасап арка тұрғызды, құрылыс жұмыстары аяқталды.
С.Рақымов ауылдық округінің елдімекендерінің арық-атыздарына қоғамдық жұмыспен қамтылған азаматтар механикалық тазалау жұмыстары жүргізілді.
- Ауыл округінде тұрғын үйге мұқтаж отбасыларға жылдағы дәстүрлі түрде төртінші тұрғын үймен қамтамасыз ету жалғасуда, 2022-жылы Майбұлақ елдімекенінің тұрғыны, әлеуметі аз қамтылған отбасы, бірінші топ мүмкіндігі шектеулі азамат А.Арыстанбеков және Көкібел елдімекенінің тұрғыны әлеуметі аз қамтылған отбасы, бірінші топ мүмкіндігі шектеулі азамат С.Калденовке тұрғын үй салып беруге ауыл тұрғындары және кәсіпкерлер демеушілігімен тұрғын үйді күрделі жөндеу жүргізіп жылу жүйелерін орнатып заман талабына сай етіп пайдалануға берілді.
Сабыр Рақымов ауылдық округі бойынша алдағы ­кезде атқарылатын өзекті мәселелерге тоқталып өтер болсақ: 1. Ауыл округіндегі елдімекендердегі ішкі жолдарды орта жөндеуден өткізу. 2. Ауыл округіндегі елдімекендерде электр бағаналарын ауыстыру. 3. Елдімекеннің жолдарын жарықтандыру жұмыстарын жүргізу. Сондай-ақ, ауыл округінің әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету, жаңа жұмыс орындарын құру. Кәсіпкерлікті одан ары дамыту, тұрақты жұмыс орындарын ашу және салық түсімдерін молайтып, халықтың жағдайын жақсарту. Сонда ғана тұғыры биік ел боламыз.

Сапарбек МАҚҰЛБАЕВ,
С. Рақымов ауылдық округінің әкімі.

312058387 2778887438910852 3630067385172051653 n

Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының тапсырысымен мердігер мекеме «Корпорация Береке А» ЖШС тарапынан Қазығұрт ауданындағы жалпы ұзындығы 18 шақырымды құрайтын облыстық маңызы бар КХ-47 «Сынтас-Қаржан» автомобиль жолына орташа жөндеу жұмыстары жүріп, толық пайдалануға берілді.
Жөндеу жұмыстары кезінде ескі асфальт қабаты алынып, жолдағы жарамсыз асфальт жабындысын бұзылды. Сондай-ақ, жол негізі 10 см құмды шағал-тас қоспасымен нығайтылып, үстіне 2 қабат асфальт жабындысы салынған.
Сонымен қатар, жол бойындағы елді мекендердің ішіне жаяу жүргіншілерге арналған аяқ жол салынып, жасанды жол кедергісі мен тиісті жол белгілері орнатылған. Сондай-ақ, ескірген темір су өткізгіш құбырлар жаңартылды.
Жүргізілген жұмыстардың сапасы тапсырыс беруші, техникалық қадағалаушы «Оңтүстік жолдары» МКК және «Ұлттық жол активтері сапасы орталығы» РМК тарапынан тұрақты бақылауда болды.

Төребек БАЙТАСОВ.

bf1fe339-6e31-4503-98c2-e5b42d474153

Түркістан облысына жұмыс сапары барысында ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов «Керуен-сарай» кешеніне барып, инвесторлармен және өңірде жұмыс істеп жатқан туристік сала өкілдерімен кездесті.
Премьер-Министрге газ және күн электр станцияларының құрылысы, көмір-химия, мұнай-химия және күкірт қышқылы зауыттарын, каустикалық сода, ПВХ, кальций карбиді мен цемент өндіретін химия кешенін, Өгем өзеніндегі ГЭС каскады бар су құбырын, жылыжай кешенін, бордақылау алаңын салу бойынша және т.б. жаңа инвестициялық жобалар таныстырылды.
«Бұлардың барлығы да облыс үшін әлеуметтік және экономикалық маңызы жоғары жобалар. Олар тұрақты жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді және өнеркәсіп өнімдерінің көлемін едәуір арттырады. Облыс әкімдігі жобалардың уақытылы іске асырылуын ерекше бақылауға алып, қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз етуі тиіс», — деді Әлихан Смайылов.
Оның айтуынша, жаңа электр станцияларын іске қосу оңтүстік өңірдегі энергия тапшылығын азайтуға мүмкіндік береді, ал жаңа аграрлық нысандар елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы Президент тапсырмаларын жүзеге асыруға ықпал ететін болады.
Өз кезегінде инвесторлар жобалармен жұмыс істеу кезінде туындаған бірқатар проблемалық мәселелерді көтерді. Әлихан Смайылов мемлекеттік органдарға оларды мұқият қарап, заңнама шеңберінде жәрдем көрсетуді тапсырды.
Сонымен қатар Премьер-Министрге өңірдің негізгі бағыттары тарихи-танымдық, қажылық, емдік-сауықтыру, эко және этнотуризм болып табылатын туристік саласының даму қарқыны туралы баяндалды. Атап айтқанда, Әлихан Смайыловқа «Қасқасу» туристік-рекреациялық кешенінің жобасы таныстырылды, онда күніне 4 мыңға жуық адам демалатын болады.
«Жыл бойына сапалы қызмет көрсететін туризм нысандарының экономикалық тиімділігі қашанда жоғары болмақ. Меніңше, Түркістан облысының осы бағытта әлеуеті зор», — деді Әлихан Смайылов.
Сондай-ақ ол туристермен жұмыс істеу үшін білікті кадрларды даярлау сапасына да назар аудару керектігін атап көрсетті.
Премьер-Министр жұмыс сапары аясында Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне барып, «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығын абаттандыру жұмыстарының барысымен танысты.

Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
баспасөз қызметі.

312214218 423701019948805 1791015572232109291 n

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Қазығұрт ауданындағы бірнеше ауыл өкілдерін арнайы қабылдады. Мақсат – халықтың жер дауына қатысты ұсыныс-тілектерін тыңдау. Кездесуге жер саласына қатысты мекеме басшылары, Қазығұрт ауданының әкімі Арман Абдуллаев қатысты.
Алдымен Жұмысшы, Сынтас және Қарабау ауылы тұрғындары атынан келген азаматтардың өтініштері тыңдалды. Азаматтар ұзақ жылдарға созылған жер дауының оң шешімі табылып келе жатқанын айта келе, енді сол қайтарылған жерді ауыл тұрғындарына әділ бөлу мәселесін көтерді. Алтынтөбе ауылы тұрғындарының да өтініштері мен ұсыныстары хаттамаға енгізілді.
Тұрғындар күрделі мәселенің облыс басшылығының қолдауымен халықтың пайдасына шешіліп жатқанына ризашылықтарын білдірді.
Облыс әкімі Дархан Сатыбалды тұрғындарға әрбір мәселені келісіп, ауызбіршілікпен шешу маңызды екенін айтты.
– Өздеріңіз білесіздер, бірнеше ауылда жерді ауданның меншігіне өткізу бойынша жүйелі жұмыстар атқарылды. Бұл мәселені бақылауда ұстап отырмыз. Ендігі кезекте жерді тұрғындарға бөліп беру мәселесін біржолата шешкен жөн. Тұрғындар өздері шешім қабылдайды. Бұл істі бірлікпен, ынтымақпен шешкен абзал. Сіздердің ұсыныстарыңыз ескеріліп, халық қолдағаны таңдалады. Екіншіден, ол жерді құр алып қоймай, игеру қажет. Біз шаруашылықпен айналысамын, өнім шығарамын дейтін азаматтарға қолдау көрсетуге дайынбыз, – деген облыс әкімі аудан басшысы Арман Абдуллаевқа осы жерге қатысты ауыл тұрғындарымен кездесу өткізіп, комиссия құрып, оңтайлы шешуді тапсырды.
«Түркістан» әлеуметтік кәсіпкерлік корпарациясының теңгерімінде қалған 209 гектар жерді алтынтөбеліктерге бөліп беруді жүктеді. Сондай - ақ Оңтүстік-Батыс мал шаруашылығы және өсімдік шаруашылығы ғылыми - зерттеу институтына тиесілі 89 га суармалы егістік жер ауданның жер қорына қайтарылмақ.
Түркістан облысының әкімінің тапсырмасына сәйкес, «Түркістан» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамының директорлар Кеңесінің 26.03.2022 жылғы шешімі негізінде Қазығұрт ауданы, Алтынтөбе ауылы округінде орналасқан Қоғам меншігіндегі жалпы ауданы 15 547 га жер учаскелерін Қазақстан Республикасының Жер Кодексінің 82 бабының талаптарына сәйкес жеке меншік құқығынан бас тарту арқылы Қазығұрт ауданының жер қорына қайтару туралы шешімі шығарылған.
Алтынтөбе ауылы округінде 5 ауыл орналасқан. Заңнама талаптарына сәйкес, Қазығұрт аудан әкімдігінің 10.10.2022 жылғы №289 қаулысымен 15547 гектар ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелері ауданның арнайы жер қорына енгізілді.
«Қарабау» ТӨШ» ЖШС-нің қарамағындағы 4959,5 гектар егістік жерді Сынтас, Жұмысшы, Қарабау ауылдарының тұрғындарына бөліп беру мәселесі бойынша да облыс, аудан әкімдіктері, тиісті басқарма және ауыл белсенділері тарапынан тиісті жұмыстар атқарылды. Нәтижесінде 27 қыркүйекте ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі мен ғылыми зерттеу институтының басшысы елмен жүздесіп, 491 гектар жерді «Қарабау» тұқым шаруашылығына ұрық өндіру үшін қалдырып, 4468,5 гектар жерді үш елді мекеннің халқына бөліп беру жөнінде шешім қабылдады.
Аталған мәселеге қатысты құжат толық рәсімделіп, жер аудан қорына қайтарылған соң елге берілетін болады.
Жер дауы бірнеше жылға созылған 8 ауылда 15 мыңнан астам халық тұрады. Қазығұрт ауданының арнайы жер қорына қайтарылған суармалы егістік жерлер адам саны бойынша үлестірілмек.


Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.

ҚҰРЫЛЫС НЫСАНДАРЫН АРАЛАДЫ

Сенбі, 22 Қазан 2022 00:00

311465222 3311073019168738 5399426205812910602 n

Аудан әкімі Арман Абдуллаев Қақпақ ауыл округіне арнайы барып, Қақпақ ауылының электр жүйелерінің құрылысы, Қақпақ елді мекенінің жер асты су қоры барлау жұмыстары және Сырлысай елді мекенінен салынып жатқан 200 орындық мектеп құрылысы нысандарын аралады. Құрылыс басында мердігер мекеме басшыларымен кездесіп, халықтың ұсыныстарын жеткізді.

 

ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗДІ

311461899 3311592815783425 1984561514709149297 n

Аудан әкімі Абдуллаев Арман Айдарұлы Қазығұрт ауыл округі және Қызылқия ауыл округінен келген бірқатар азаматтармен жеке қабылдау өткізді. Жеке қабылдауға мәслихат хатшысы Көпеев Өрісбай Бұхарұлы, аудан әкімінің орынбасарлары мен бөлім басшылары, ауыл округ әкімдері қатысты. Әкімнің қабылдауында болған азаматтар тұрғын үй алу кезегі мен жер мәселесі төңірегінде сұрақтар қойып, өтініштерін айтты. Аудан басшысы сұрақтарға толыққанды әрі нақты жауап қатып, ауыл әкімдері мен бөлім басшыларына шешімін табуды тапсырды.

 

ТҰРҒЫНДАР МӘСЕЛЕСІН ШЕШУ БАСТЫ НАЗАРДА

312333839 3310939065848800 3867065817831569337 n

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын, «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығын іске асыру, елдің мұң-мұқтажын, мәселесін шешу мақсатында аудан әкімі Арман Абдуллаев Сарапхана және Қарабау ауыл округтерінде халықпен кездесу өткізді. Кездесу барысында елдімекендердегі электр бағаналарын ауыстыру, ауыз сумен қамтамасыз ету, үй іргелік жер беру, жайылым және егістік жерлер, жол жөндеу, мектеп салу сияқты мәселелер төңірегінде сұрақтар қойылып, аудан әкімі Арман Айдарұлы мен аудан әкімдігі қызметкерлері тарапынан толыққанды жауаптар берілді. Аудан басшысы ауыл тұрғындарының басқа да айтқан ұсыныстары алдағы жұмыс жоспарына сәйкес назарға алынатынын тілге тиек етті.
Іс-сапар барысында аудан әкімі Сарапхана ауыл округінде жүргізіліп жатқан бірқатар құрылыс нысандарын аралады.

Қазығұрт ауданы әкімінің баспасөз қызметі.