ҚАЗЫҒҰРТТА ОБЛЫСТЫҚ ЧЕМПИОНАТ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

Жұма, 08 Қазан 2021 00:00 Жарияланды Спорт Оқылды 134 рет

243469660 3022205028055540 2893552317963466134 n

Қазығұрт ауданы Жеңіс спорт сарайында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, бокстан жастар арасында Қазақстан чемпионатына іріктеу турнирі аяқталды. 4 күнге созылған бәсекеге өңіріміздің әр ауданынан 12 салмақ бойынша іріктелген спортшылар қатысып, өзара кім мықтыны анықтады. Шаршы алаңға шыққан жасөспірім спортшылар барын салды.
Жалпы Қазығұртта боксшылар додасы биыл бесінші рет ұйымдастырылса, оның үшеуі республикалық деңгейде өтіп отыр. Сондықтан, бұл турнирге тас-түйін дайындалып келгендердің осалы жоқ.
Жас боксшылардың шеберлігін шыңдаған бәсеке соңында турнирдің үздік боксшылары марапатталды.

«Қазығұрт-ақпарат».