Жұртты мазалаған 10 сауалға жауап

Сейсенбі, 31 Наурыз 2020 00:00

«Covid-19» ас ішкенде жұға ма?

 

Әлемді алаңдатқан коронавирус қалай тарайды? Жүкті әйелге вирус жылдам жұға ма? Тамақ ішкенде вирус тарай ма? Осы және басқа да маңызды сұрақтарға Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының деректеріне сүйене отырып, жауап береміз.

Covid-19 вирусы қалай тарайды?

Коронавирустар әдетте адамнан адамға жұғады. Олар ауаға науқас адам түшкірген кезде тарайды. Covid-19 дертімен ауырып жүрген адамнан басқа адамға вирус тез жұғады.

Анализден алғашында Covid-19 табылмай, кейін табылуы мүмкін бе?

Инфекцияның алғашқы кезеңінде вирус анықталмауы да мүмкін. Сондықтан, дәрігерлер бірнеше рет анализ алады. Егер адамнан Covid-19 симптомдары байқалса, бірақ анализ қорытындысы вирус жоғын көрсетсе, демек, адамға бұл коронавирус жұқпаған

Карантинде жатқан адам Covid-19 вирусын тарата ала ма?

Covid-19 вирусы үшін 14 күн карантин өте маңызды. Себебі, вирустың инкубация уақыты көп дегенде 14 күнге созылады. 14 күндік карантиннен шыққан адамнан вирус табылмаса, ол қоғамға қауіп төндірмейді. Екі аптада симптомдар байқалмаса, анализі таза болса, демек, ол адам сау.

Адамдар неге бір-бірінен 1-2 метр қашықтықта жүруі тиіс?

Әдетте коронавирус жұққан адам түшкірген кезде вирус ауыз я мұрын арқылы 1-2 метрге дейін тарайды. Сондықтан, түшкіріп, жөтеліп жүрген адамнан кем дегенде 1-2 метр алыс жүрген жөн.

Жүкті әйелдерге бұл вирус жылдам жұға ма?

Аяғы ауыр әйелдерге вирус жылдам жұғатыны жайлы нақты дерек жоқ, яғни белгісіз. Бірақ жүкті әйел басқа инфекциялар жұққанда ағзасында өзгерістерді бірден сезеді. Ал, жалпы екіқабат әйелге тұмау тисе, ЖРБИ жұқса қатты ауыруы мүмкін.

Коронавирустан қаза болған адамның жерлеу

рәсіміне баруға бола ма?

Covid-19 коронавирусынан қаза болған адамның мәйітіне қол тигізуге болмайды. Денені жуып, жерлеуге дайындаған соң көруге болады. Бірақ мәйітті сүюге, құшақтауға тыйым салынады. Діни салт-жоралғы бойынша мәйітті жуу керек болса, жергілікті имамдар, дін өкілдері және жерлеу бюросының адамдарымен ақылдасқан жөн.

Covid-19 азық-түлік, қатырылған я мұздатылған тамақ арқылы жұға ма?

Covid-19 вирусының тамақ арқылы жұққаны жайлы дерек жоқ. Жалпы, коронавирустар үстел үстінде көп өмір сүре алмайды. Демек тамақ қораптары мен пакеттердің сырты арқылы вирустың жұғу қаупі өте аз.

Басқа елден келген тауарлар мен қораптар арқылы вирус жұға ма?

Қазірге дейін шетелден импортталған тауарлар арқылы Covid-19 вирусы жұққаны жайлы дерек жоқ.

Күн жылынса Covid-19 вирусы тоқтамай ма?

Covid-19 вирусына ауа райы және қандай температура әсер ететіні әлі анықталмады. Тұмау, суық тию сияқты дерттер қыс түсе тарайды. Бірақ тұмау басқа мезгілдерде де тимейді дегенді білдірмейді. Дәл қазір Covid-19 вирусының күн жылынғанда басылатыны я басылмайтыны белгісіз. Бұл вирус әлі толық зерттелген жоқ. Ғалымдардың жұмысы әлі жалғасып жатыр.

Ұялы телефон, гаджеттерді сүртіп тазалау керек пе?

Дәрігерлер сырттан келген соң телефонның сыртын спиртті майлықтармен сүртуге кеңес береді. Ал, телефонның сыртқы қабын сабындап жуып, кептіріп алған жөн. Бастысы, қолыңызды жиі жуып, адам көп жиналатын жерге бармауға тырысыңыз.

     

7a9e00b011b26092f405074c2ea27559bd4b7cedb0fd99abf1eb4a21997a

Құтыру ауыруының алдын алайық!

Сейсенбі, 28 Қаңтар 2020 00:00

Өзекті мәселе

 

Жуырда аудан әкімдігінде «Қазығұрт ауданындағы аурушаңдық деңгейі бойынша санитариялық эпидемиологиялық ақуал туралы» аудан деңгейінде халық денсаулығын қорғау мәселелері жөніндегі үйлестіру кеңесі өтті. Аталған кеңесті аудан әкімінің орынбасары С.Тұрсынқұлов жүргізіп, күн тәртібіндегі мәселе жайлы тоқталып өтті. Аталмыш жиынға аудандық тауарлармен көрсетілетін қызметтердің сапасымен қауіпсіздігін бақылау басқармасының басшысы К.Усипбекова, аудандық орталық аурухананың эпдемиолог дәрігерлері, аудандық ішкі саясат бөлімінің, аудандық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының, аумақтық инспекция және ветеринария бөлімінің мамандары мен ауыл округінің әкімдері қатысты.

Алғаш болып сөз алған Қазығұрт аудандық Тауарлармен көрсетілетін қызметтердің сапасымен қауіпсіздігін бақылау басқармасының басшысы К.Усипбекова: «Аудандағы аса қауіпті құтыру ауруынан аудандағы қолайсыз ахуал жалғасып келеді. 2019- жылдың 12 айында ит тістеуінен зардап шегіп, медициналық көмек алған адамдар саны 100 мың халыққа шаққандағы көрсеткіш-697,1 құрап отыр, былтырғы жылмен салыстырғандағы 100 мың халыққа шаққандағы көрсеткіш -648,9 болған. Көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 60 жағдайға көбейіп отыр. Ветеринария бөлімі 2019-жылға 4342 бас қаңғыбас ит мысықтарды аулап, жою бойынша жоспар түзіліп, 2019-жылдың мәліметі бойынша 4342 бас қанғыбас иттер мен мысықтар ауланып жойылса да жануарлардан жарақат алғандар саны азаймауда. Өткен жылмен салыстырғанда иттен немесе басқа да жануарлардан жарақат алғандар саны кейбір ауыл округтерде төмендеген, бұл дегеніміз тұрғындардың жануарлардан жарақат алудан кейін медициналық көмекке жүгіну жағдайына немқұрайлы қарайтындығын немесе мүлдем хабарсыздығын көрсетеді. Жануарлардың тістеуінен жарақат алғандардың басым бөлігі (77%) белгілі иттер, яғни ит иелері өз жануарларын күтіп ұстау ережелерін сақтамағандықтан болып отырғандығын көрсетеді. Иттерді ұстап байлау, серуендету жағдайларына қойылатын талаптарды сақтамау жағдайларын бұзғаны бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 408-бабына сәйкес, аудандық ішкі істер бөлімі немесе ауылдық әкімдік өкілдері әкімшілік жауапкершілікке тартып, тұрғындарға жауапкершілік артудың маңызы зор.Сонымен қатар адамдар мен жануарлар үшін ортақ құтыру, күйдіргі, бруцеллез және тағы басқа зооантропоноздық аурулардың алдын алу мақсатында тұрғындардың өз бетінше өлген ауыл шаруашылық жануарларын сою, белгісіз жерге өткізу немесе ауыл сыртына қоқыс алаңшаларына ветеринариялық қызмет мамандарына хабарламай шығарып тастау жағдайларына тосқауыл қойылуы қажет. Заң бұзушылықтар анықталған жағдайда ҚР АШМ 10.07.2002 жылғы №339 Ветеринария туралы заңының 25-бабын және ҚР ӘҚБтК 406-бабына сәйкес мал иелері немесе басқада заң бұзушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылатынын ескертеміз» – деді.

Кеңесті қорытындылаған аудан әкімінің орынбасары С.Тұрсынқұлов жауапты саланың мамандарына тапсырмалар беріп, алдағы уақытта құтыру ауруының алдын алу жөніндегі ескертпе қағазын үйме-үй таратылуын қадағалауды аудандық ішкі саясат пен білім бөліміне жүктеді.

Мамандар биылғы қыс айының жылы болуына байланысты ауру ошағының көбейіп тұрғанын алға тартып, жабайы аң-құстардың, қараусыз иттердің көзін жоюға қаражы қарастыру керектігін айтты.

Ал, тұрғындарға айтарымыз ит қапқан жағдайда, өзге де ауру белгілері біліне бастаса үй жағдайында ем алмастан шұғыл түрде медициналық көмекке жүгіну керектігін естеріңізге саламыз.

Ғазиза ТІЛЕУБЕРГЕНҚЫЗЫ.

Бас неге солқылдап ауырады?

Сейсенбі, 05 Қараша 2019 00:00

 

Бас ауруы – адамға әртүрлі дәрежедегі ауырсыну әкелетін және көп қолайсыздық тудыратын сырқат. Оған себеп көп: психикалық және эмоциялық шаршау, бас миы тамырларының склерозы, бас сақинасы, мидың органикалық аурулары (ісік, инсульт және т.б.) және басқалар. 

Бас ауруының себептері:

Шиеленіске байланысты: Қатты ауырмайтын, бірақ ұзаққа созылатын ауру. Ешқандай шаншу да болмайды. Бас немесе мойын айналасында түйінделіп қалған сезім болады. Жеткіліксіз ұйқы, депрессия және стресс ең басты себептері.

Мигрень (бас сақинасы): Қатты ауыртатын және шаншитын бас ауруы. Көбінесе, көздің артында сезіледі. Жарыққа және дауыстарға қарсы тітіркену, лоқсу және жүрек айнуы болады. Себептері мезгілсіз тамақтану және гормонды дәрі-дәрмектер.

Солқылдау: Өте қатты ауыртады. Көбінесе бір көз айналасында немесе артында сезіледі. Мұрынның бітелуі, көздің жасаурауымен бірге болуы мүмкін. Ауруы көбінесе ұйқы кезінде келеді. Спиртті ішімдіктер және темекі мұның ең басты себептері.

Гайморитке байланысты: Ауыртпалы және тұрақты. Мұрыннан тоқтамай су ағады. Ауырғаны мұрын үстінен бастап, маңдайға және құлаққа дейін жайылады. Себептері гайморит инфекциясы және мұрынның бітелуі.

Аллергияға байланысты: Танаулардың бітелуі, көздердің жасаурауы, қышытпа және бастың шаншуы белгілерінен байқалады. Гүл тозаңы, зең (зәк, көгеру) және шаң ауруға себеп болады.

Кофеинге байланысты: Шаншытып ауыртады және шамадан артық кофеин тұтынудан туындайды.

Шаршауға байланысты: Ауру, белгілі бір жердің ауырғанымен шектеулі емес. Шаршататын физикалық қозғалыстар, түшкіру, жөтелу, ісік, мигренмен бірге көрінуі мүмкін.

Сүйек аралары: Баста қысым және қысылу сезімі. Жақтың аурып шытырлауы арқылы белгісін көрсетеді. Жақтағы келеңсіздік және стресс бұған басты себеп.

Ревматизм: Мойында немесе бастың артқы жағында, қимылдағанда артатын аурулар. Тұз жиналуынан және суықтан болады.

Көздің шаршауы: Көз айналасындағы ауру сезімі. Көрудің нашарлауы және астигмат аурудың себептері.

Көзілдіріктің сәйкес келмеуінен де бас ауырады. Емі: көз дәрігеріне қаранып, көзілдірікті ауыстыру керек.

Жақпайтын тамақ жесе де бас ауыруы мүмкін. Емі: асқазанды тазартса, бастың ауруы қояды.

Қаназдықтан да бас ауруы туындайды. Белгілері: бас ауырады, көздің қарашығы ұлғайып, маңдай мұздап, тамырдың соғуы әлсірейді. Емі: басыңызды орамалмен қатты таңып, тегіс жерде шалқаңыздан жатып бір сәт демалыңыз. Кейін кофе немесе шай ішіңіз.

Ой еңбегімен айналысатын адамдар күніне бір мезгіл таза ауада серуендеуді ұмытып, күні-түні қағаздан бас алмаған кездері басы ауырады. Емі: а) легенге ыстық су құйып, 10-15 минут аяқты толарсаққа дейін малып отырыңыз; ә) бір шай қасық жалбыз шөбін 1 кесе қайнаған суға тұндырып ішіңіз, кейін демалыңыз; б) ой еңбегінен шаршап жүрген адамдардың балық жегені абзал.

Бас ауруына бас сақинасы, желке және жүйке невралгиясы да себепші болады. Бұл аурулар негізінен жүйкенің жұқаруынан, әлсіздіктен туындайды. Белгісі: басы ауырады, ашушаң болады, яғни сіркесі су көтермейді. Емі: а) мазасыз ойлардан арылып, жақсылап тынығу керек; ә) шай ішу қажет; б) жұмыртқаны шикілей кесеге жарып, үстіне қайнаған су құйып әбден араластырыңыз, осындай қоспаны күнде аз-аздан ішсеңіз, жүйке ауруынан құтыласыз.

Жүйкенің жұқаруы (неврастения, невроз) — бұл ауру мұғалімдерде жиі кездеседі, яғни бұны устаздардың кәсіби ауруы десе де болады. Емі: а) күнде 1 ас қасықтан бал жеу керек; ә) киікоты, қалақай т.б. дәрілік өсімдіктермен емделу керек; б) маңдайға жұқалап кесілген шикі картопты таңып қойыңыз; в) таңертеңгілік аш қарынға айран ішкен — бас аурудың мың да бір емі; г) басыңыз ауырған кезде қос қолыңызды шынтақпен қоса ыстық суға малып отырсаңыз, басыңыздың ауырғаны қояды. Ыдыстағы су салқындап бара жатса, ыстық сумен араластырып, температурасын бір қалыпта ұстаңыз.

Қан таспасы (гипертония), атеросклероз ауруына шалдыққанда кардиолог, терапевт дәрігерлерге, инсультқа шалдыққанда невропатолог дәрігерге, ал миыңызда қатерлі ісік не бітеу жара бары анықталса, нейрохирург дәрігерге  қаралып, тексеріліп арнайы ем алған жөн. Кекшиме, яғни мең-зең еткен менингит ауруына шалдыққан жағдайда инфекционист дәрігерге барып, ем алған дұрыс.

Фаузия КЕНЖЕБАЕВА,

аудандық орталық аурухананың

терепия кабинетінің мейірбикесі.

Дәрігер кеңесі

 

Тұмау және тыныс алу жолдарының өткір вирустық инфекциялары – бұл ауа-тамшы жолдарымен жұғатын әртүрлі инфекциялардың жиынтығы. Соның ішінде тұмау циклдік ағымға ие болған. Сонымен қатар, адамдардың көпшілігінде тұмау пандемиядан да қауіпті эпидемияға айналып отыр. Ең алдымен «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтында жол ізде» деген қағиданы ұмытпауларыңыз керек. «Сақтықта қорлық жоқ» дегендей, әрбір адам өз денсаулығына жауап беруі тиіс.

Тұмауды алдын алудың жолдары:

  • Ең тиімді алдын алу әдісі- тұмауға қарсы вакцинасы.
  • Эпидемия кезінде адамдармен байланысыңызды мүмкіндігінше азайтуға тырысыңыз (қоғамдық көліктермен жиірек жүріп, қонаққа барудан бас тартыңыз).
  • Бөлмеңізді, үйіңізді жиі желдетіп, ылғалды түрде жиыстырып қойыңыз.
  • Мұрныңыздың шырышты қабығын интерферонды қолдана отырып, 0,25 пайызды оксалин майымен майлап қойыңыз.
  • Сарымсақ пияз сонымен қатар құрамында С дәрумені бар өнімдерді көбірек пайдаланыңыз лимон, орам жапырақ, қара қарақат.
  • Төрт қабатты дәкелі таңғышты қолданыңыз.
  • Толық тамақтаныңыз.
  • Таза ауада жүйелі түрде серуендеу, денешынықтыру және спортпен айналысуды қолға алыңыз.
  • Тұмаумен ауыратын науқасты басқалардан алшақтауды ұмытпаңыз.

Тұмау – жұқпалы вирустық ауру. Эпидемиология институтының ғалымдарының айтуы бойынша   аурудың ушығуы  желтоқсан айының соңы мен қаңтар айының басында болады. Жұғу жолы – ауа-тамшылы.

Аурудың тарау көзі – сөйлеу, жөтелу, түшкіру кезінде вирус бөлетін тұмаумен ауыратын адам.

Тұмаудың негізгі белгілері – бастың ауруы,  көзді басқа жаққа бұрып қараған кезде көздің ішінің ауруы, буын, бұлшық еттің ауруы, дененің әлсіреп ауруы, дене қызуының көтерілуі.

Тұмауды емдеу:

  1. Жатып емделу;
  2. Дәрігерді үйге шақыру;
  3. Жылы сусындарды жиі ішу;
  4. Қызу көтерілген кезде  парацетамол, эффералган, фервекс, терафлю т.б ішу;
  5. С дәрумені бар өнімдерді көп пайдалану.

Тұмаудың алдын алу үшін не істеу керек?

  1. Эпидемия басталмай тұрып, вакцинация жасау;
  2.  Эпидемия басталмай тұрып, мұрынның тесіктеріне   2-3сағат бұрын оксолин  майын жағып, 2-3рет интерферон тамызып тұрыңыз;
  3. Тұмаудың алғашқы белгілері байқалған кезде басқаларға жұқтырмау үшін  үйден шықпау;
  4. Медициналық бетперде киіп алып жүріңіз. Оны әр 3 сағат сайын ауыстыруды ұмытпау;
  5. Сыныпты жиі-жиі желдетіп, үзіліс кезінде сыртқа шығып тұру;
  6. Тағам дайындауға көкөністер, жемістерді, сонымен қатар С дәруменіне бай өнімдерді жиі пайдалану;
  7. Адам көп жерлерге бармауға тырысу керек.

Айна СЫДЫҚОВА,

Эпидемиолог дәрігердің міндетін уақытша атқарушы.

 

Екпе егу – жұқпалы аурулардың алдын алу бойынша бірінші маңызды іс-шара болып табылады. Халық ішінде бұл негізгі алдын алулардың бірі болып саналады. Қазір медицина саласында әртүрлі қатерлі жұқпалы аурулардың пайда болуына байланысты вакциналар шығарылып, аурулардың алдын алу бойынша нәтижелі жұмыстар атқарылуда. Қазіргі таңда вакцинациясыз адам өмірін елестету мүмкін емес. Себебі, әлемдегі миллиондаған адамдарды емделмейтін аурулармен ауырмай-ақ осы вакцинация арқасында емдеп өмірлерін сақтап қолуға мүмкіндік ашылды.

Адам ағзасына әлсіз микроденелерді ендіру әдісі арқылы медицина саласында адам ағзасында иммунитет қалыптастыру арқылы қауіпті ауруларға ағзаның төтеп беруін күшейту мүмкіндігі пайда болды. Осылайша 18 ғасырда медицина саласында адамзат баласы алпауыт жетістікке қол жеткізді.

Қазіргі таңда вакцинация халықтардың ауруын емдеудегі әртарапты тиімді әдістердің бірі екені барша әлемге белгілі. Сол себепті де вакциналардың тапшы да әрі қымбат болуы көп елдердің осындай вакциналарды өз халықтарына сатып алуларына мүмкіндік бермей отыр. Құдайға шүкір, біздің елімізде вакциналардың қажет болған барлық түрлері бар. Десек те, осындай мамыражай заманда екпе егуден өз еркімен бас тартатын ата-аналар да кездесіп отыр.

Қазығұрт ауданында қарсы профилактикалық егулерден бас тартулардың алдын алу жөніндегі іс-шаралардың жоспары жасалып, ағымдағы жылдың 15-19 қазан аралығында ауыл округтерінде тұрғындармен кездесу өтті. Өңірлерде халықпен вакциналаудың тиімділігі және қарсы профилактикалық егулерден бас тартулардың зардаптары туралы ақпараттық-түсіндіру жұмысы жөніндегі консультативтік топ құрылып, аудандық ішкі саясат бөлімі бас маманы Ғ.Сағат, аудандық ақпараттық насихат топтың мүшесі М.Исханов, «Кемел Ел» Әлеуметтік даму Ұлттық қоры» қоғамдық қорының төрағасы Д.Уразбаев, аудандық аурухананың иммунолог дәрігері А.Тілеуқабыл, психологтары және әлеуметтік қызметкерлер қатысты. Осы тақырып аясында лекция оқылып, пікір алмасып, түрлі сауалдарға тұщымды жауаптар алынды.

Балаларымызды қорғаудың ең сенімді жолы – уақтылы вакцинациялану екенін естен шығармауымыз қажет.

А.ТІЛЕУҚАБЫЛ,

Қазығұрт аудандық ауруханасының иммунолог дәрігері.

Д.УРАЗБАЕВ,

«Кемел Ел» қоғамдық қорының төрағасы.

БАУЫР АУРУЫНЫҢ БЕЛГІЛЕРІ

Сейсенбі, 05 Қараша 2019 00:00

Маман кеңесі

 

Бауыр көбінесе ең тыныш денесі деп аталады. Егер оның аурулары өздерін сезінсе, бір нәрсе дұрыс емес деп күдіктенуге болатын кейбір белгілер бар...

Бауыр – адам ағзасындағы ең үлкен без. Ол 1,5 килограмм салмақпен және 70 функциясынан көп жұмыс істейді. Бұл орган екі қабатты қабықша болып табылатын арнайы капсулада орналасқан.

Бауырда «ауырсыну» туралы сөйлескенде, бұл органның жүйке аяқтарының болмауына байланысты өзі ауырмауы мүмкін екенін түсіну керек. Безендірілген және капсула созылған кезде ауыр немесе жағымсыз сезім пайда болады. Егер бауыр «ауырса», онда ол айтарлықтай өсті.

Оның құрылымы мен организмде орындалатын қызметтердің табиғаты себепті біздің табиғи сүзгіштеріміз көптеген ауруларға ұшырайды. Бұл вирустық инфекциялар (гепатит В, С, D), және бактериялық аурулар және паразиттік табиғат (туберкулез, абсцесс, alveococcosis, эхинококкоз, аскаридоз).

Сондай-ақ, gepatozy (алкогольді және алкогольсіз майлы бауыр ауруы), ісік (киста, карцинома, саркомасы, карцинома), қан тамырлары (веноздық тромбоз, гипертония), тұқым қуалайтын (гипоплазия, Гемохроматоз дәрежесі стеатоза С пигментті), травматикалық жарақат.

Бауыр ауруының белгілері мынандай.

Бауырдың регенерациясы үшін бірегей қабілеті бар, бірақ олар шексіз емес. Сіз оны шамадан жүктеп отыратын болсаңыз, ол кейде өте нәзік деп есептейді. Бауырдың жақсы еместігін түсінуге осындай белгілер көмектеседі.

Бірінші белгісі: күштің төмендеуі және жалпы әлсіздік. Бауыр аурулары үшін негізсіз шаршау сезімі пайда болғаны туралы шағымдармен сипатталады. Мұндай өзгерістер жиі пациенттердің өздері де емес, жақын адамдармен де байқалады.

Әлсіздік, апатия, күшін жоғалту, ұйқының бұзылуы организмнің жалпы уыттылығы нәтижесінде туындауы мүмкін. Бұл бауыр өзінің басты міндеті – қанды тазарту және зиянды заттардың бейтараптандырылуы кезінде шешілмеген жағдайда орын алады.

Екінші белгісі: іштің ісінуі. Асцит – іш қуысында сұйықтықтың жинақталуы, көп жағдайда бауыр циррозымен байқалады. Бұл ағзадағы сұйықтық немесе натрий кешіктірілсе және ішек трактінен және басқа органдардан бауырға түсетін тамырларда қан қысымын жоғарылағанда пайда болады.

Нашар қан айналымы және қабыну процесі жасушалардың натрийін жою қиын. Су жиналады. Сұйықтықтың жиналуы спазмды, ауыр сезімталдықты, тыныс алу мен аурудың тарылуын тудыруы мүмкін.

Үшінші белгісі: іште ауырсыну. Бауыр асқазанның үстіндегі және өкпенің оң жағында орналасқан. Қабынған бауыр ауырады және бұл ауырсыну ішкі қабат кеңістігінде және төменде сезіледі.

Төртінші белгісі: сұйықтықты сақтау. Натрий ағзасындағы және жоғары артериялық қысымның кешігуі ағзадағы сұйықтықты және асцитсіз жинақтауды тудыруы мүмкін. Бет, аяқ және қолдың ісінуі – мұндай тұншығудың жалпы пайда болуы. Емдеу басқа аурулармен, мысалы, лимфа жүйесінің бұзылуы, бүйрек ауруы, эмфизема, жүректің тоқырау қабілетсіздігі.

Кездейсоқ немесе мерзімді сұйықтықтың кешігуі менструа немесе гестация кезінде пайда болады және олар өздері жоғалады. Ісіну симптомдары әлдеқайда нашарласа немесе ұзақ уақыт кетпесе, оның пайда болу себебін анықтау қажет.

Бесінші белгісі: тамақтану (уытқу). Уақыт өте келе әрқайсымыз ауруға немесе нашар сапалы өнімге байланысты нәзіктікпен бетпе-бет келудеміз. Ұзақ уақыт бойы жүрек айнуын сезіну түрлі жағдайларға байланысты болуы мүмкін, мысалы, улану, бас айналу, жүктілік пен гемикрания.

Егер бірнеше күн бойы ауырып қалсаңыз (кейде іш өту немесе құсу пайда болса), бұл сізді ескертуі керек. Нәрсіздікке себеп болатын нәрсені ойлап көрші. Егер ол өтпесе, дәрігермен кездесу жасаңыз. Бауыр жеткіліксіздігімен жүрек айнуы басқа белгілермен бірге жүреді.

Цирроз және бауыр жеткіліксіздігі асқорыту трактіне теріс әсер етеді. Іштің ісінуі, іштің ауыруы және жүрек айнуы ішек қозғалғыштығын бәсеңдетеді. Инсулинге төзімділік пен бауыр жеткіліксіздігінен туындаған ішек бактерияларының жеткіліксіз саны асқынуларды ғана қосады.

Алтыншы белгісі: ас қорыту. Бауырдың зақымдануы ішек өткізгіштігінің тудыратын («жабылмаған АІЖ» деп аталатын), ішекке бактериялық үзіліс, жалпы баяулауы ас қорыту болып табылады.

Бұл гормондар деңгейінің өзгеруіне және өт шығарудың болуына байланысты. Ұзақ созылыс, дәретхана әдеттеріндегі өзгерістер және асқазан-ішек жолдарының жайлылығының төмендеуі бауыр қызметінің бұзылыстарын көрсетуі мүмкін.

Жетінші белгісі: қышық терісі. Бір қызығы, бауыр ауруы терінің қышуын тудыруы мүмкін. Cholestasisбауырдан өтпектің секрециясын қысқарту немесе тоқтату. Прорит кейде холестазамен бірге жүреді. Оның келу механизмі әлі толық зерттелмеген.

Теорияларда холестеринді синтездеуде альтернативті жолмен (бауыр емес, әдеттегідей) туындайтын стероидті заттар бар. Бұл қытырлақ пен қышуды тудырады.

Сізге кейіннен эфир майлары, алма сірке суы, қопсытқыш шай, сұлы ванналары, гуава жапырақтары, кебек бұрышы, қарақұмық кремі, мэнтол, кастор майы көмектеседі.

Сегізінші белгісі: білік ағыны. Биррубин гемоглобиннің қан жасушаларында өтімді ас қорыту арқылы қалыптасады. Бұл, шын мәнінде, экскрецияның өнімі. Қанда жиналатын кезде, көз немесе тері сарғыш болып қалады. Диафузия көп жағдайда бауыр ауруының немесе өт жолының бітелуінің бар екендігін көрсетеді.

Тоғызыншы белгісі: аппетит жоғалуы. Бауыр аурулары және аштықтың механизмі. Иммундық реакция кезінде цитокиндер (протоколдар аралық медиаторлар ретінде әрекет етеді) белсендіріледі. Асқорыту трактындағы цитокиндердің пайда болуы аппетит жоғалтуы мүмкін.

Оныншы белгісі: нәзік талшықтар. Өздеріңіз білетіндей, билирубин сіздің нәжісті кетіреді. Бауырдың функциясының бұзылуы нәжістің түсін өзгерте алады, бұл қазірде цирроз, ісік, өт тастар, кисталар немесе гепатит клиникалық көрінісі. Мұндай өзгерістер ұзақ уақыт бойы байқалса, маманға хабарласыңыз.

Он бірінші белгісі: зәрдің атипті емес түсі. Бауырдың бұзылуы билирубиннің өніміне әсер етуі мүмкін. Бұл жағдайда бүйректер оның шығарылуын дамытады және пигментті денеден несеппен шығарады. Билирубинi жоғарылаған зәрдiң түсi ашық сарыдан қызғылтқа, алтынға немесе қоңырға дейін өзгереді. Бұл бауырдың зақымдалуын көрсетуі мүмкін.

Зәрдегі атипикалық түстің дегидратациясы, А дәрумені, зәр шығару жолдарының инфекциясы, ақуыздың үлкен мөлшерін, қызылшаның тұтынуынан туындауы мүмкін. Егер несептің атипті түстері ұзақ уақыт бойы сақталса, маманмен кездесу жасаңыз.

Он екінші белгісі: іш қату, диарея және ішек қандары. Бауырдың қатты зақымдануына ішек трактісі әсер етеді. Бауырдың тамырлар мен артерияларында жоғары қан қысымы қан тамырларының жарылуы мүмкін. Бұдан кейін асқазан-ішек арқылы өтетін қан кетеді. Асқазанда, ішек жолдарында немесе өңешінде болуы мүмкін, егер бауырда ісік дамыса, ол басқа ішкі ағзаларға әсер ететін гормондар шығара алады. Гормондар ас қорыту процестеріне әсер етуі мүмкін және созылмалы іш қату тудыруы мүмкін. Бауыр ісігі туралы бірқатар жағдайларда және созылмалы диареяның болуы.

Бауырдың көптеген аурулары дұрыс емес өмір салтының нәтижесі болғандықтан, олардың алдын алу үшін физикалық белсенділік режимін және тамақтану сипатын түзету қажет.

Мұқағали АМАНБАЕВ,

«Аяжан» амбулаториялық емханасының күндізгі

дәрігері.

Басты байлық – халық денсаулығы

Сейсенбі, 05 Қараша 2019 00:00

Жолдау аясында

 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа жолдаған дәстүрлі Жолдауында медициналық қызмет көрсетудің сапасы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету мәселесіне ерекше тоқталды.

Бұл жерде халықтың денсаулығына байланысты, әсіресе, ана мен сәби өліміне қатысты көрсеткіштердің өңірлік теңгерімсіздігі айқын көрінеді. Осы көрсеткіш төмендеп келеді дегенмен, әлі де жоғары, сондай-ақ, дамыған елдердің деңгейінен айтарлықтай көп.

        Үкімет әр өңір бойынша медицинадағы нақты дерттер топтамасы жөнінде

басымдықтар тізімін жасап, соның негізінде бюджеттен қаржы бөлу қажет. 2020-жылғы 1-қаңтардан бастап Қазақстанда міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі іске қосылады. Әрқайсыңызға мына нәрсені айтқым келеді: Мемлекет тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемін сақтайды. Оны қаржыландыруға алдағы үш жыл ішінде 2,8 триллионнан астам теңге бөлінеді, – деп Мемлекет басшысы Жолдауда атап айтты.

Мұндағы мақсат – қоғамның басты байлығы – адам және оның денсаулығы. Сол үшін жылдан-жылға медицина саласына баса көңіл бөлініп келеді. Өйткені, халықтың денсаулығы – баға жетпес байлық, мемлекеттің қымбат қазынасы. Денсаулығы мықты адам ғана қоғамға лайықты қызмет етеді, ел экономикасын дамытуға өз үлесін қосады.

Мемлекеттің 2005-жылдан бастап денсаулық сақтау саласын реформалау жөніндегі бағдарламалар қабылданған болатын. Бұл бағдарламалар медицина қызметкерлерінің алдына көптеген міндеттер жүктеген. Осының арқасында қазіргі таңда медицина саласында бұрын-соңды болмаған жетістіктер мен өзгерістерге қол жеткізілді.

Медицина саласындағы ең күрделі саланың бірі – өкпе құрты кеселі болып табылады. Осыдан 10 жыл бұрын аудан халқының арасында туберкулез ауруының көрсеткіші жүз мыңға шаққанда 83 пайыз болған болса, 2018-жылдың соңында бұл көрсеткіш 42 пайызға төмендеді.

Мұны мемлекет тарапынан қабылданған бағдарламалардың нәтижесі деп білемін. Бір ғана мысал, соңғы жылдары аудан әкімі тарапынан туберкулез ауруына шалдыққан науқастарға әлеуметтік көмек беруге ұдайы көңіл бөлініп отыр. Нақтылап айтқанда, ай сайын туберкулез ауруына шалдығып, ем қабылдап жатқан науқастарға 2018-жылдан бастап 6 миллион 100 мың теңге көлемінде қаржы бөлініп тұрса, үстіміздегі жылдың өткен 9 айында 64 науқасқа 4 миллионнан астам қаржы бөлінді.

Өкпе құрты – негізінен әлеуметтік аурулар қатарына жатады. Сондықтан, соңғы кездері аудан көлемінде атқарылып жатқан игілікті істер, ауылдарды абаттандыру, елдімекендерді көгалдандыру, табиғи газ, сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету секілді жұмыстар да науқастардың денсаулығының түзелуіне оң әсері бар.

Кейбір науқастар басқа аудандарда тұрып жатса да, Қазығұрт ауданына келіп ем қабылдағысы келетінін білдірген өтініштер көбейе түсуде. Бұл дегеніміз, аудан басшыларының медицина саласына оң қабақ танытып, жан-жақты қамқорлық жасауының нәтижесі. Оның үстіне аудан халқының да әлеуметтік жағдайының жарқын көрінісін білдірсе керек.

А.ЕРЖАНОВ,

Қазығұрт аудандық туберкулез диспансерінің меңгерушісі.

Тары-талқан ағзаны жасартады

Сейсенбі, 24 Қырқүйек 2019 00:00

«Талқан – көктеген және термоөңдеуден өткен бидай, қара бидай, сұлы және арпадан жасалған өнім. Күш беретін құнарлы тағам әсіресе, балаларға, жүкті әйелдерге, қарттарға пайдалы. Поволжье, Орта Азия, Оңтүстік Сібірдің көшпелі халықтарының көне рецептілері негізінде арнайы технологиямен әзірленген.

Талқан

Талқан – сіңімді әрі дәмді. «Ыстық су құй да, жей бер. Сүтке пісір де балаға бер». Бұл – біздің емес, Ресейдің жарнамасы. Терістік көршімізде талқанның түр-түрі өндіріледі. Мәселен, Башқұртстанның ғалымдары сұлы талқанының технологиясын әлдеқашан әзірлеп тастаған. «Құнарлы дәм» деп атайтын бұл тағамның жарнамасы ең алдымен емділігімен байланыстырылады. Ал біз үшін талқан дегенің тіпті таңсық емес. Өзіміздің ұлттық тағам. Тек өндірісі қолға алынбаған. Жұрт іздегенін базардан табады. Айталық, Шымкенттің базарында қазір талқанның келісі – 500 теңгенің айналасында сатылып жатыр. Ораза кезінде ғана баға солай, былайғы уақытта талқанды іздейтіндер жоқтың қасы. Рамазан айы өте шыққаннан кейін базардан 1 келі тары не талқан табуыңыз мұң болып қалады. Сонда да болса, таза дәнді дақылдардан дайындалатын талқан бүгінге дейін қазақтың дастарханынан кете қойған жоқ. Жалпы, көшпелілер азық еткен тамақ түрлерінің қайсысы болса да құнарлылығымен, дәмділігімен таңғалдырады. Талқанды өндіруді Қостанай облысы Жітіқара қаласындағы «National Food Company Kazakhstan» ЖШС қолға алыпты. Үстіміздегі жылдың басынан бері кәсіпорын тұрғындарға көптеген бидайдан дайындаған талқан өнімін ұсынды.
Басшылық өнімді сол баяғы апа-әжелеріміз жасаған технологиямен өндіруді жөн санапты. Кәсіпорын көшпелілер күшінің қайнары саналатын талқанның күніне бір тоннасын өндіреді. Олар айына 20 тоннаға дейін осы экологиялық сапалы өнімді тұтынушыға ұсына алады. Алдағы уақытта өндіріс орны талқанды тек бидайдан ғана емес, дәнді дақылдардың өзге түрлерінен де дайындауды ойластырып отыр. Жуырда қостанайлық бір топ кәсіпкер ұлттық тағамымыз – талқан туралы дабыл қағып, Елбасына ашық хат жолдады. «Ұлттық тағамымыз ұмытылып барады» деген кәсіпкерлер талқанды күнделікті тұтынатын азық-түлік тізіміне енгізіп, балабақша мен әскерде ас мәзіріне қосуды сұрапты. Құптарлық-ақ ұсыныс. Талқан тек құнарлы тағам ғана емес, емдік қасиеті мол азық. Ғалымдардың айтуынша, күніне 200 грамм талқан жеген кісі қан аздығы ауруынан құлан-таза айығады екен. Ертеде ата-бабаларымыз талқанды сусамыр дертін емдеуге пайдаланған. Жалпы, ежелден-ақ, ұлттық тағамдар қатарында талқанның орны ерекше болған. Оны сәбиден бастап қарт кісілерге дейін сүйсініп жеген. Талқан күш-қуат берумен қатар, қартаю үдерісін баяулатады дейді дәрігерлер.

Тары – «жауынгер дақыл»

Қазақтың және бір жеңсік асы – жент. Жентке тары керек. Оған дүкендегі дайын тары жарамайды. Оны дайындаудың бұрыннан келе жатқан өзіндік әдісі бар. Тарыны суырып, елеп, тазартып болған соң, оны күн түсетін ашық жерге екі-үш күндей жайып кептіреді. Сосын суға шайып, баяу отқа қойып, тарының басындағы бүршігі жарылғанша 45 минуттай қайнатады. Езілмес үшін араластырып тұрады. Жұмсарған кезде қазаннан алып, ыстық күйінде қапшықтарға салады. Содан кейін қапшықтың сыртынан суығанша мұздай су құяды. Сонда тары бір-біріне жабыспайды. Осы қалпында таң атқанша тұрады. Келесі күні қытырлақ болғанша қуырады. Сағыз сияқты созылмауы қажет. Содан кейін жаяды. Суығанда түюді бастайды. Түйіп болған соң суырып, екінші рет тағы түйіп, суырады. Сонда ащы кебегі шығып, ұсақ тары астында қалады. Ұсақ тарыдан жент жасайды. Ал ірісі сөк болады.
Тары дақылының шығу тарихы өте ерте заманға немесе 5-7 мың жылдыққа барады. Жер шарында тарының 500-ден астам түрі өседі екен. Тарының қай жерде тұңғыш пайда болғанын көп елдің ғалымдары зерттеген. Қорыта келгенде, тарының шығу тегі шығыс елдерінде, соның ішінде Үндістан, Моңғолия мен Алтайда деген қорытындыға келген. Сонымен қатар, тары шығыс елдерінен Еуропаға ертедегі ұлы жорықтар мен қоныстанушылар арқылы тарағаны дәлелденген. Ауыл шаруашылығы мен өндірістегі пайдасы – тарының сабанын жеген сауын сиырдың сүтінің өнімі, құнарлығы артады екен. Сабанының сапасы қыстың көктемдегі көк майсадан кем түспегені дәлелденген. Тары сабанында дәрумендер мол болғандықтан малдар сүйсініп жейді. Тары дәнінен спирт алынса, сабағынан қағаз шығарады. Тарыны жеген тауықтар көп жұмыртқалайды. Жұмыртқаның қабығы қатты болады, ұзақ сақталады. Булап шошқа мен қазға жемге береді. Тарының сабаны, топаны, кебегі де малға құнарлы азық екен. Ғалымдардың зерттеуі бойынша, тарының емдік қасиеті қазіргі медицинада дәлелденген. Ол күш-қуат берумен қатар, бауырды, бөтекенің жұмысын жақсартып, терлетуге әсер етеді. Қыздырып басқан тары ісікті басып, тіс ауырғанды тоқтатады. Ерте заманнан тарының емдік қасиетін білген емшілер бауырға таптырмас ем деп білген.
Халқымыз тарыны – «жауынгер дақыл» деп атайды. «Кеспе көже күн батқанша, бидай көже ел жатқанша, тары көже таң атқанша» деп бекер айтпаған. Сөктің тағамдық қасиеті мен түрлі ауруларға пайдасын білген. Ұзақ аурудан әлсіреген кісіні ашыған көжемен көтерген. Тары көже әрі сусын, әрі тамақ болады. Бозада ашытады. Қуырылған бидайдан, арпадан жүгеріден ұнтақтап дайындалады. Ерте кезде талқан дайындаудың екі тәсілі болған. Бірі – қол диірменге тарту, екіншісі – келіге түю. Екі тәсілмен дайындағанда талқанның майдаланбай қалып қоятын түйіршіктері болады, оны «талқанның сағы» дейді. Талқанның сағын бөліп алу үшін жайпақ табаққа салып екшейді. Сонда сағы талқанның бетіне бөлініп шығады да, ұнтағы астында қалады. Бетіндегі сақты алып тастай отырып, талқанның ұнтағын бөліп алады. Талқан аса дәмді, әрі құнарлы тамақ. Оны майға, кілегейге, қаймаққа араластырып жеуге де, шайға салуға да болады. Талқан салған шай қою болады әрі тез суиды. Оны жентке қосады. Талқаннан әзірленетін тамақты «сарталқан» немесе «майталқан» деп атайды. Сарталқан дайындағанда талқанды қойдың құйрық майына немесе жылқының майына араластырып, баяу жанған отқа қойып қуырады. Талқанды құмшекер салып дастарқанға құрғақ күйінде қоюға да болады. Оны кебегі көп тазартылмаған бидай ұнынан ( 2 не 3 сорт ұннан) әзірлеуге де болады. Ол үшін аздап май жағылған қазанға шақтап ұн салып ақырындап қуырыды. Қуырылып қызыл-күрең тартқан ыстық талқанға сары май және құмшекер қосады, сонда ол өте дәмді болады. Оны балалар да сүйсініп жейді. Талқанды майға, кілегейге, сүтке араластырып жеуге болады. 1 кг талқанға — 200 г құм шекер, 200 г май қажет.

М.РЫСБАЕВА.

Құтыру – өліммен аяқталатын ауру

Сейсенбі, 24 Қырқүйек 2019 00:00

Құтыру – адамдар мен жануарлар ауыратын аса қауіпті жұқпалы ауру. Барлық жағдайларда науқастың орталық жүйке жүйесінің органдары зақымданып, тиісті құтыруға қарсы егу (вакцина) алмаған жағдайда өліммен аяқталады. Құтыру ауруы – адамға жануарлардың (ит, мысық, жылқы ірі, қара және уақ малдар және басқа жануарлар) сілекейі арқылы тістеп, тырнап алғанда жұғады.
Сол себептен өзіңізді немесе балаларыңызды жануарлар жарақаттап, тістеп, тырнап алса, дер кезінде медициналық көмекке жүгіну қажет. Қазіргі күнге құтыру ауруын емдеуге дәрі-дәрмектер болмағандықтан, оның алдын алудың бірден бір жолы профилактикалық егу болып табылады. Құтыруға ауруына қарсы егу жұмыстары аудандық ауруханалар мен емханаларда жарақаттанған науқастарға тәулік бойы тегін жүргізіледі. Жануарлардан жарақат алғандардың барлығына егу тағайындалады, олар міндетті түрде егуді толық және белгіленген күндері алуы қажет.
ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 408-бабы негізінде ветеринария туралы заңдарды бұзғандығы, жануарларды байлап ұстамағаны үшін иесіне әкімшілік құқық бұзушылық хаттама толтырылып, айыппұл салынады. Сол себептен, үй жануарларын күтіп ұстау ережелерін барлығымыз білуіміз және толық орындауымыз қажет. Құтырудың алдын алу жолдары: иесіз иттер мен мысықтарға қарсы күрес, үй жануарларын күтіп ұстау ережелерін орындау, оларды құтыруға қарсы егу, үй жануарларының, жабайы аңдардың шабуылынан қорғану, жарақат алған адамдардың дер кезінде толық егілуі.
2019-жылдың 8 айында Қазығұрт ауданы бойынша жануарлардан 512 адам зардап шегіп, медициналық көмек алды. Олардың барлығына құтырудың алдын-алу мақсатында егу жұмыстары жүргізілді. Егер, үй жағдайында жануарлардан тістеліп, тырналып, сілекейленіп жарақат алған жағдайда жарақат орнын 20 % сабынды су ерітіндісімен жуып, жарақат шеттерін спирт немесе йод ерітіндісімен сүртіп, матамен таныңыз және құтыруға қарсы егу алу үшін жергілікті емхана қызметіне жүгініңіз. Құтыруға қарсы антирабикалық вакцинасының адам ағзасына кері әсері жоқ.
Жануарлар тістеген жағдайда міндетті түрде дәрігерге қаралыңыз!
Өз өміріңіз – өз қолыңызда!

Нұрлыбахыт ТАСБАЛТА,
Қазығұрт аудандық тауарлар мен
көрсетілетін қызметтердің
сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының бөлім басшысы.