Дін

 

«Зайырлылық» сөзінің мәні – мемлекеттің – діннен, діннің – мемлекеттен бейтараптылығы және ар-ождан бостандығы. Зайырлылық сипаты — ізгілік пен қажеттілік. Өркениетті елдер зайырлылық дәстүрін таңдауда. Зайырлылық азаматтарға дін мәселесінде еркіндік береді.

Зайырлы мемлекет — азаматтардың дін ұстану еркіндігі мен діни мекемелердің мемлекеттен бөлінуін білдіреді. Дін мемлекеттік саясаттан тыс. Конституция бойынша діни партия құруға жол берілмеген. Мемлекеттік органдар Конституция негізінде салалық заңдарды басшылыққа алып жұмыс істейді. Қазақстанның әр азаматы ұждан бостандығын пайдаланады.

Зайырлылық пен діндарлық екі бөлек дүние емес, оларды салалас (параллель) ұғымдар ретінде де, қарама-қарсы ұғымдар ретінде де қарастыруға болмайды. Зайырлылық − мемлекеттің, ал, діндарлық − жеке тұлғаның сипаты.

Зайырлы мемлекет аясындағы қоғам ішінде діндар да, дінсіз де, құдайды мойындағанмен, құлшылық жасамайтындар да қатар өмір сүре береді. Олардың барлығы да зайырлылық қағидаттарын, зайырлы мемлекет заңнамаларын мойындамаса, оның аясында тіршілік ете алмас еді. Яғни, зайырлы көзқарастарды қабылдап, олардың да дамуға құқылы екенін мойындау – зайырлы мемлекеттегі дінді-дінсіз әрбір азаматқа тән ерекшелік.

Әрбір дәстүрлі дінде зайырлылық қағидаттарымен үндесетін көзқарастар мен құндылықтар жеткілікті дәрежеде кездеседі. Әсіресе, исламда зайырлылық қағидаттары мейлінше терең орныққанСондықтан, шынайы мұсылман адам зайырлы көзқарастары да берік тұлға бола алады. Ал, құқықтық жағынан алғанда зайырлы мемлекетте діни сенім бостандығы қамтамасыз етілетіндіктен, мұсылман адамның бес парызын орындауына ешбір тыйым салынбайтыны белгілі.

Ислам іліміне сәйкес діндар адам туған жерін, халқын, отбасы мен мал-мүлкін қорғауды қасиетті борыш деп санайды. «Отанды сүю – иманнан» деген хадис діндар адамды отансүйгіштікке жетелейді. Ал, зайырлы заңнамаларда отансүйгіштік құндылығы Ата Заң мен басқа да құқықтық нормаларға, мемлекеттік рәміздерге құрметпен қараудан бастап, жалпы адамгершілік-өнегелілік құндылықтар аясында ерекше орын алады.

Діндар адамның зайырлы және діни құқығы әрі міндеті – білім алу. Бұл ислам дінінде әрбір мұсылманға жүктелген парыз болса, зайырлы құқықтық нормаларда әрбір адамға артылған міндет болып табылады. Дінді дұрыс түсініп, шынайы сеніммен ұстанушы адамның бойынан табылатын көптеген ізгі қасиеттер зайырлылықтың моральдық-адамгершілік қағидаттарымен толығымен үйлеседі.

Өз кезегінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының «Шынайы мұсылман келбеті» тәлімінде санамаланған заңға бағыну, өзге дін өкілдеріне құрметпен қарау, қоғамға пайдалы болу, еңбекқорлық, ысырапқа жол бермеу және сараңдықтан бойды аулақ ұстау, бауырмалдық, сыртқы келбеті мен тазалығына мән беру секілді қасиеттердің барлығы діннің де, зайырлы моральдық-этикалық қағидаттардың да талабы болып табылады.

         Сондықтан шынайы діндар адамды зайырлы мемлекеттегі және тұтастай алғанда кез келген қоғамдағы озық өмір салтымен толық үндестікте өмір сүруге қабілетті тұлға деп таныған жөн.

Ғалымжан САҒАТ,

аудандық ішкі саяса бөлімінің бас маманы.

ӘбуовТұрар

Дін мәселелері жөніндегі ғылыми зерттеу және талдау орталығы

Діни ахуалды талдау және мониторинг бөлімінің бастығы,бас ғылыми қызметкер

 

 «Біз қазақ деген мал баққан елміз,

Ешкімге соқтықпай жәй жатқан елміз.

Елімізден құт-береке қашпасын деп,

Жеріміздің шетін жау баспасын деп,

Найзасына үкі таққан елміз.

Дұшпан басынбаған елміз,

Басымыздан сөз асырмаған елміз.

Досымызды сақтай білген елміз,

Дәм-тұзын ақтай білген елміз», – дейді әділ сөздің төресін айтқан Қаздауысты Қазыбек би.

Расында да, тарихтың бұралаң жолдарында қаншама қиыншылықты басынан өткерген ел атынан сөйлейтін ерлер ғана осылайша айта алары сөзсіз. «Мың өліп, мың тірілген» қазақ елінің қайраттылығы мен қайсарлығына тарих беттерін парақтаған сәттерде шүбәсіз сенеміз.

Бүгінгі таңда еркін ел көк байрағын желбіретіп демократиялық елдердің қатарына қосылды. Мемлекеттің экономикалық өрлеуі де, саяси тұрақтылығы да, демократиялық дамуы да елде мекен еткен түрлі ұлттар мен ұлыстардың өзара сыйластығына, түсіністігі мен татулығына барып тіреледі. Осы қағидатты құрмет тұтқан Елбасының жетекшілігімен мемлекеттің ұлттық саясаты  әрбір ұлттың этникалық жаңғыруын, өз тілі мен салт-дәстүрін өз қалауына сәйкес берік ұстану арқылы жүзеге асты. Сөйтіп, әр этностың толыққанды ұлт ретінде, әрбір ұлт өкілінің өзін осы елдің тең құқылы азаматы ретінде сезінуіне жағдай жасалды. Соның нәтижесінде 130-дан астам ұлт пен 18 конфессия өкілдері «Қазақстан – ортақ отанымыз, ортақ үйіміз» деген құндылықтық қағидат топтаса білді.

Заманауи әлемде түрлі қақтығыстар мен тұрақсыздықтардың көпшілігі дәл осы ұлттар мен діндер өкілдерінің арасындағы қарама-қайшылықтардан туындап жатқанда, еліміз бейбітшілік пен татулықтың негізін қалау жолында  өзгелерге үлгі болуда.

Діни татулықты әрдайым басты назарда ұстайтын Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының XXI сессиясында сөйлеген сөзінде: «...Мемлекеттің зайырлылығы Қазақстанда бар барлық діндердің ұлы рухани мұраларына құрмет көрсетуден, әркімнің таңдау еркіндігінен арқаулық табады. Конфессияаралық толеранттылықтың мұндай ахуалы, сірә, әлемде еш жерде жоқ. Сонымен бірге, біздің еліміз зайырлы және дін мемлекеттен бөлінген.

Біз сондай-ақ діни ұрандар ұстанған экстремизмді, діни ілімдерді сырттан саясиландыруға деген талпыныстарды, біздің халқымызға біз үшін бөгде діни көзқарастар мен идеяларды күштеп таңуды барынша теріске шығарамыз.

Ислам діні әу баста жаратушыдан біздің ата-бабаларымызға қалай түссе, бүгінгі Қазақстанға дәл солай жетуін тарихтың өзі қамтамасыз етті. Қасиетті қазақ жерінде әсіредіншілдер ешқашан болмаған. Қазақ халқының рухани болмысы әрдайым гуманизммен және ішкі тұтастығымен ерекшеленеді. Ата-бабалардан мирас болған осынау ұлы қасиеттен айырылуға бүгінгі буынның ешбір хақы жоқ. Сондықтан, мен қазақ зиялыларын, рухани жетекшілерін, барлық және әрбір қазақты ұлы ұстаздардың ұлағатын ұмытпауға шақырамын. Біз ұрпағымызды жат ықпалдардан қорғауға, адасқандарды ақылға шақырып, оларды оқыс қадамдардан сақтандыруға тиіспіз....», – деп ескерткен болатын.

Ендеше, ел ішінде шетін көзқараспен  жүрген азаматтарымызды жат ағымдардың ықпалынан арашалау, оларды қорғау, адасқандарды ақылға шақыру – баршамыздың ортақ міндетіміз.

Ал шетін көзқарастағылар азаматтардың денсаулығы мен қауіпсіздігіне, діни сеніміне нұқсан келтіретін, отбасының бұзылуына, т.б. бүлдіргіш әрекеттерге себеп болған нақты жағдайлар айқындалғанда бұған өз құзыреттері шегінде құқықтық органдар да араласып, тиісті шаралар қолданатыны белгілі.

Мұхаммед пайғамбар: «Дінде шектен шықпаңдар, шектен шығу құрдымға кетіреді», – деген. Бір ғана елді емес, бүкіл әлемді алаңдатып отырған экстремистік және лаңкестік әрекеттер дінде шектен шығушылықтың салдарынан болып отыр. Ел ішіне іріткі салып, дүрбелең туғызуға жаны құмар шетін көзқарастағылар ар алдында да, адамзат алдында да, тіпті Алла алдында да жауапсыз қалмайтынын білгені жөн.

Бұл ретте шетін көзқарастағыларды тек кіналап қана қоймай, оларды байсалды ортаға қайтару жұмыстары ауадай қажет-ақ.

Келіндердің сәлем салуы шірк пе?

Дүйсенбі, 12 Қараша 2018 00:00

 

Соңғы кездері осы мәселенің анық-қанығын білгісі келетіндер көбейіп келеді. Мұның себебі, кейбір бауырларымыз халқымыздың бұл әдет-ғұрпын ашық шірк деп бағалап, бұған тиым салу қажеттігін айтатын көрінеді. Әрине, бұл сауал өмірімізге астасып жатқандықтан оған жауап беру қажет. Жауап бергенде де соңынан күдік туындамауы үшін, Құран мен сүннәға негіздеп нақты түрде тиянақты етіп жауап беру керек. Сондықтан, алдымен бұл мәселенің шешімін Құраннан іздейміз, сосын сүннәдан. Бірақ, бұл мәселеге қатысты Құранда да, сүннәда да тікелей ешнәрсе айтылғандығының куәсі боламыз. Себебі, біз қарастырып жатқан мәселе дін үшін маңызды емес. Ал, Құран мен сүннәда тек дін үшін қажет негізгі шарттар мен қағидаларды айқындайтын мәселелер қамтылған. Сөйтіп, енді бұл мәселенің шешімін сахабалардың ижмағынан іздейміз. Сөйтсек, сахабалардың ижмағында да бұл мәселе төңірегінде ештеңе айтылмаған (өйткені, арабтардың әдет-ғұрпында келіндердің сәлем салатын әдеті жоқ). Сондықтан, енді қиясқа жүгінеміз. Міне, дәл осы қияста біз іздеген сауалға жауап табылады. Ендеше, түсінік жүйелі болуы үшін қияс туралы қысқаша айтып өтсек.

«Усулул-фиқх» (фиқх негіздері) ғылымын зерттеуші ғұламалар шариғат үкімдері алынатын негізгі "мәнбәъларды" (көздердің санын) төртеу деп белгілеген. Олар:

1. Құран. Құран негізінде шығарылған үкімдер. Бұлар – шешімі аяттарда ашық айтылған мәселелер.

2. Сүннә. Сүннә (Сүннет) негізінде шығарылған үкімдер. Бұлар – хадистерде шешімі анық берілген мәселелер.

3. Ижмағ – Құран мен сүннәда шешімі айтылмаған, сондықтан, сахабалар немесе олардан кейінгі мүжтахид ғұламалар иждихад жасап ортақ пікірге келіп шығарған үкімдер.

4. Қияс - Құранда да, сүннәда да, ижмағта да шешімі айтылмаған, сондықтан, салыстырмалы түрдегі талдау әдісімен шығарылатын үкімдер.

   Бұл төрт түбірдің үкім алынатын нақтылы түбірлер (көздер) екендігін барлық ғұламалар растаған.

   Сөйтіп, «Келіндердің сәлем салғаны шірк пе, әлде жоқ па»? – деген мәселені салыстырып қарағанымызда оны қиястауға келетін бірнеше аяттар бар екендігі мәлім болады. Олардың бірі «Бақара» сүресінің 34- аяты. Онда Тәңір тағала: «Әне, сонда Біз періштелерге (қарата) «Адамға сәжде етіңдер»! – дегенімізде, олар (барлығы бойұсынып, Адамға) сәжде жасады» деген. Осы жайттарды келтіре отырып келіндердің бет-ашар дәстүріндегі сәлем салуы шірк амалы емес екенін көреміз.

М.ОРАЗБАЕВ,

«Кемелді Ел» қоғамдық қорының маманы.

 

Сəлəф ағымы қауіпті, қауіпсіз жəне бейтарап болып үш топқа бөлінеді дейді. Яғни, Мадхалиттер, Сурариттер, Тəкфириттер болып бөлінеді екен. Осылардың аражігін анықтап тарқатып айтып берсек... Оларды бір-бірінен қалай ажыратуға болады? Қандай ерекше белгілері бар?

Негізінен осы үш топтағылар да қазіргі таңда өздерін таза мұсылман санайтын уаххабиттік «сәләфи» ағымныңөкілдері. Ендікезегіменаталмыштоптарғатоқталакетейік. МадхалиттерРабиибнХадиәл-Мадхалидің (1932 ж. дүниегекелген) көзқарастарынұстанғанмәдиналықсәләфилергеберілгенатау. ТаяуШығыстақалыптасқанжағдайғаорай, 1991-жылыСаудАрабиятерриториясынаАмерикаәскерлерінкіргізугебайланыстымәселедеелғалымдарыныңпікіріекігежарылып, біртопәскеркіргізудікүпірлікдептапқан. Тегі эфиопиялық Мұхаммед Аман әл-Жами өкіметтің ұстанымын қолдап, қарсы шыққандарды харижиттер деп жариялаған. Бұл сол кездегі билікке ұнап, Саудияда жамия деген топ пайда болды. Өкіметтің қолдауымен олар күш алып, өздеріне қарсы шыққандардың бәрін адасушылық, бидғатшылық және өкіметке қарсы шығумен кінәлады. Кейін оның пікірлерін осы Раби әл-Мадхали жалғастырды. Мамандардың айтуы бойынша, Раби әл-Мадхалидің ұстанымдары «Мұсылман бауырлар» және Сәйд Құтыптың көзқарасына реакция ретінде пайда болған. Кезінде оның өзі жиырма жылға жуық осы «мұсылман бауырлардың» арасында жүрген. Ол Сәйд Құтыптың әділетсіз басшыға қарсы шығу керек деген ұстанымына қарсы шыққан. Осылайша ол «мұсылман бауырлар» мен Құтыпты әрдайым кінәлап, оған қатысты арнайы еңбек те жазған. Олардың ұстанымдарынан бұл өте айқын байқалады. Өздеріне ұнамаған суруриттерді көбіне «ихуан», «құтыпшылдар» немесе харижиттер т.б. секілді жағымсыз атаулармен атап, өздерін ақ қылып көрсеткісі келеді.
Олардың негізгі ұстанымдары қандай жағдайда да мемлекет басшысына бағыну болғандықтан
, Таяу Шығыс елдеріндегі диктаторлық режимдегі билік басындағыларға ұнап, бірқатар елдерде радикалды топтарға қарсы күш ретінде қолдау тапқан. Кейін бұл қозғалыс көптеген араб елдерінде кең таралды.

Әрине, олар өздерін мадхалит деп атамайды және олай атауды дін дұшпандары әдейі ойлап тапқан деп мұндай атауға қарсы шығады. Алайда олардың шейхтарының бәрі Раби әл-Мадхалидің көзқарастарын негіз етіп алады. Олар тақлид жасауды дұрыс деп санамайды. Бірақ өз шейхтарын тақлид жасауды ерсі деп қабылдамайды. Өздерін ғана нағыз сәләфи және әхли сунна уәл жамағат жолындамыз деп, өзгелерді қаралауға күш салады.

Мадхалиттер қазіргі мұсылмандардың негізгі проблемасы таухид улухияны бұрмалауда деп санайды. Сондықтан, исламды барлық жаңалық (бидғат) атаулыдан тазарту керек дейді. Олар тек мәзһаб ұстанушыларды ғана емес, өзге сәләфилерді де өте қатаң сынайды. Сондықтан да олар көбіне сәләфи тәкпіршілдер арасында беделге ие. Ең жақсы көретін тақырыптары – бидғат. Олар бидғатты жақсы-жаман деп бөліп жатпайды. Жиһад жайлы ұстанымдары байсалды ретінде танылғанымен, 2000-жылы мұсылмандарды Индонезиядағы қарулы қақтығысқа қатысуға шақыруы арқылы үстанымдарында қайшылыққа түскен кездері де жоқ емес. Демек, қалыптасқан саяси жағдайға байланысты ұстанымдарын кез келген сәтте өзгертуі мүмкін.

Шейхтары:ибн Таймия, ибн Қаиим, Мұхаммед ибн Абдулуаххаб, Абдулазиз Ибн Баз, Мұхаммед ибн Салих аль-Усәймин, Салих аль-Фаузан, Насруддин әл-Әлбани, Абдулмухсин ибн Бадр әл-Аббад, Рабиъ ибн Хади аль-Мадхали (САК), Ясир Бурхами (Египет), Муқбиль әл-Уадии (Иемен), Мұхаммед Аман ал-Жами, Фалих ал-Харби, Фарид ал-Малики, Тарахиб Даусари, Абдуллатиф Башамил, Абдулазиз әл-Асқар және т.б.;

Орыс тілділер:Әбу Мұхаммед Ринат Зейнулин, Абу Салих Нәил Зейнулин, Абу Мариям Назратулла (ұлты тәжік, Сауд Арабиясында), Абу Яхья Крымский және т.б.; Қазақстандық ұстаздары: Тоиржан Ибрагимов, Октам, Ділмұрат және т.б. Профессор А. Муминов, олардың негізгі мақсаттарының ресми діни басқармаға ену екенін атап көрсетеді.

Бұларды қаншалықты байсалды дегеніңізбен тарихта із қалдырған уаххабизмнің негізін қалаушы Мухаммед Абдулуаххабтың төзімсіздігі мен билікке қарсы ұстанымын еске алсақ, мұның конспиративті ұстаным екенін көреміз. Олардың ел президенті билігін мойындап, Қазақстандағы мұсылмандардың қара шаңырағы, ҚМДБ-ны мойындамай, елді имамдарға қарсы қоюлары осының көрсеткіші болып табылады. Олар интернет ресурстарын өте тиімді пайдаланады. Көптеген сайттары белсенді жұмыс жасайды.
Өкінішке қарай, олар билікке қарсы шықпайды деген қате пайым нәтижесінде елімізде кейбір орталарда өзге сәләфилерге қарсы  осы топтағыларды қолдау керек деген ұстанымның бар екенін де айта кету керек. Бұл – қате ұстаным. Өзге уаххабилер секілді олар да қазақтың салт-дәстүрлерінің мәніне дұрыс үңіліп жатпастан, бидғат, ширк деп мұсылманшылықпен астасып жатқан дәстүрлерімізге білместікпен қарсы шығып, төзімсіздіктерімен де ерекшеленеді. Олар намаз оқымайтындарды ашық түрде кәпір демегенімен, мұсылман ретінде де санамайды.

Ал,суруриттерге келсек, олар – мемлекеттің елге Америка әскерлерін кіргізу шешіміне қарсы шығып, сол кездегі билікті күпірлікпен айыптаған мәдиналық сәләфи жамағат. Олардың басшысы – сириялық Мұхаммед әс-Сурури. Әлбани оларға осы суруриттер деген атауды беріп, үмбеттің харижиттері деп атаған екен.
Мұхаммед әс-Сурури 50-60 жылдары «мұсылман бауырлар» ұйымының белсенді мүшесі болған. Сәйд Құтыптың әделітсіз басшыға қарсы шығу керек деген идеяларын жалғастырумен қатар, сол кездегі ихуандарды дәстүрлі сунниттік бағытты ұстау жолында реформа жасауға шақырды.  Алайда
, сириялық ихуандар (Мұхаммед әл Бәннаның ізін жалғастырушылар) бір ғана жолды ұстанып, өзге ағымдарды жамандау ихуандардың жағдайын әлсіретіп, халықты билікті құлатуға қарсы көтеруге кедергі келтіреді деп санайтын.
             1967
-жылы Сирия өкіметінің ихуандармен қақтығысуы нәтижесінде Мухаммед әс-Сурур Сауд Арабиясына қашады. Осында жүріп өз насихаттарын жүргізеді. Оның ең белсенді шәкіртінің бірі Сәлман әл-Ауда, кейін осы саудиялық суруриттердің лидеріне айналады.
           Кейін Раби әл-Мадхалидің олардың үстінен әрдайым билікке арызданып, сол кездегі сәләфи ғалымдарының көпшілігінен қолдау табуы нәтижесінде Мұхаммед әс-Сурур Ұлыбританияға қашуға мәжбүр болды. Міне
, сондықтан да мадхалиттер мен суруриттер бір-біріне қастықпен қарап, бір-бірін кінәлаумен келеді. Мадхалиттер оларды «құтыпшылар, ихуандар, харижиттер» деумен қатар, «тәкпіршілдер» деп те атайды. Орталығы Лондондағы «Шарқ әл-Аусат» (Таяу Шығыс) атты халықаралық араб газеті оларды Ибн Тәймия мен Сәйд Құтып сенім негіздерінің қосындысы деп бейнелеген екен.
Негізінен суруриттерге байсалды деп анықтама берілгенімен, әсілінде өте төзімсіз келеді. Мемлекет билігінің кәпір елдермен қарым қатынас жасамауы қажет деп санайды. Саудиялық суруриттер бес уақыт намаз оқымаған мұсылманды кәпірге санайды. Бұл топ та Ибн Тәймия мен оның идеяларын саясиландырып жалғастырған Мұхаммед Абдулуаххабтың көзқарастарын ұстанады. Саудиялық суруриттер «Араб көктемінің» басталуына идеологиялық тұрғыдан дайындық жүргізген белсенділердің қатарынан саналады.
         Суруриттердің негізгі идеологтары ретінде Насыр әл-Омар, Сулайман әл-Ауда және Аид әл-Қарнилар аталады. Орыстілді шейхтары: Э.Кулиев, Надир Абу Халид, Абу Умар Саситлинский және т.б. Қазақстандық шейхтары: Раббани, Дарын Мұбаров, Дидар, Ахмад және т.б.

Қазақстанда олардың бірнеше жамағаттары бар. Олар кезінде алғаш болып Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына баламалы діни қауымдастықтар құрған. Өздерінің әмірлері, кеңестері (шура) болған. Қаржылық қорлар, білім беру орталықтарын (құжыра) құрған. Олардың алғашқы лидерлері ислам мәдениеті орталығының ұстазы Мұхаммед Абдуссамат еді. Суруриттер де мадхалиттер де әйгілі әхли сүннет уәл жамағаттың ақидадағы имамдары саналатын Имам Әшғари мен Имам әл Матуридиді адасқан философтар деп атайды. Бұл – олардың дінді кең түрде түсінуге қауқары жетпейтін келте түсініктерінің жемісі.

 Алау ӘДІЛБАЕВ,
теология ғылымының докторы,
«Әбу Ханифа» ғылыми-зерттеу орталығының директоры.

Қысқа балақ көңілге қаяу салады

Дүйсенбі, 12 Қараша 2018 00:00

666666666666

 

Қазақ елі Ислам дінін қабылдағалы бері ислам өркениетімен, атап айтқанда, Ханафи мазхабының ұстанымымен, қазақ халқының салт-дәстүрі және әдеп-ғұрыптарымен бітісе қайнасып, ізгілікке негізделген ел менталитеті қалыптасты. Өйткені, Ханафи мазхабы – ислам дінінің қашанда қоғамның бірлігі мен ынтымағын сақтауға басымдық беретін, әлеуметтік әділеттілікті қолдайтын, барлық ұлттар мен діндердің арасындағы татулық қарым-қатынастарды жақтайтын, жер жүзіндегі тіршілік иесінің бірде-біреуін алаламайтын толерантты мазхаб саналады. Сондықтан, оның басты ұстанымдарының бірі – адамдар арасында әрі ұлттық, әрі діни тұрғыда бейбіт қарым-қатынастар орнату және қолдау болып табылады.

Бүгінде экстремизм мен лаңкестіктің агрессивті көріністері және соның ішінде діни, саяси экстремизм, ислам фундаментализмі, ваххабизм және т.с.с түрлі-түрлі жан түршігерлік ұғымдар адамзат баласының санасына қорқыныш ұялатады. Ғылым және технология дамудың шырқау шегіне шыққанына және адамзат бірін-бірі оңайлықпен тани алатын мүмкіншіліктерге ие болғанына қарамастан, соңғы жылдары діни экстремизм мен лаңкестік тақырыбы бұқаралық ақпарат құралдарында өте жиі орын алуда. Хақ дін исламды да шарпып өтетін осы мәселенің мән-жайы хақында көптеген ойлар да, зерттеулер де бар екені мәлім. Дін мәселесінің ушығуы өзінен-өзі пайда болған жоқ. Ол – ұлттық тәрбие, тіл, діл мәселелерімен астарласып жатыр. Сондықтан, осы сұрақтың астарына үңілерде жоғарыда айтылған мәселелерді тұтастай қамти қарастыру керек сияқты. Сонымен қатар, ислам дінінің атын жамылып, оның заңдары                                мен қағидаларын бұрмалап, іс-әрекет жасап жүрген діни экстремистік және лаңкестік топтардың саны көбейіп келе жатыр. Ал, нақтылай атап өтетін болсақ, «Әл-Каида», «ХАМАС», «Мұсылман-ағайындар», «ЭТА», «Әл-Джамаа әл-Исламийя», «Ансар әл-Ислам», «Хизб-ут-тахрир әл-Ислами» және т.б.

Экстремизм мен терроризм сонау заманнан-ақ, қолданбалы әрі тиімді қару ретінде рөл атқарған болатын. Әсіресе, ХХ ғасырдың бірінші жартысында Франциядағы саяси жүйенің радикализациялануы кезінде экстремизмнің қалыптасуы орын алады.  Сондай ағымның бірі «Хизбут-Тахрир» партиясы. Арабша «Хизб» – ұйым, партия, ал «Тахрир» – азаттық мағынасын білдіреді. «Хизбут-Тахрир» партиясының негізін Таки ад-Дин Набахани 1952-жылы Палестинада қалаған. Өз мүшелерінің санын көбейту мақсатымен ол партия атауына исламды да қосып, алдарына 13 жылда халифат құру міндетін қойды. Бірақ, көрсетілген мерзімде партия мүшелерінің саны өспеді, бірде-бір араб мемлекетінде халифат құрылған жоқ. Тіпті, араб елдерінің өзі «Хизбут-Тахрир әл-Ислами» партиясының идеясын құптамайды. Хизбутшылар ислам атынан таратқан әдебиеттерді де (кітапшалар, парақшалар) мұсылман әлемінің ғұламалары мен діндарлары мойындамайды, теріске шығарады.   «Хизбут-Тахрир әл-Ислами» діни ағымы Қазақстан Республикасында да тыйым салынған діни экстремистік ағым болып табылады.

Д.ОРАЗБАЕВ.  

 

Дін өз мәнінде ғана қоғамдық-рухани құбылыс және кері кету бағытына ауытқыған жағдайда, барлық құбылыстар сияқты адамзаттың қас жауына, яғни, өзінің керісінше мағынасына өтеді, құндылықтық бағдары түбегейлі өзгеріске түседі. Бұл қарапайым ғана формула болғанмен, оның бұрмаланған кейпінің алдын-алуда адамзат тарихы оңтайлы тәсілді іздеп табуда дағдарысқа тап болуда.
Қазіргі кездегі әлемді алаңдатып отырған маңызды діни түйткілдердің бірі, тіпті ғаламдық мәселелердің қатарына жатқызуға да болатын құбылыс – діни экстремизм мен терроризм деп айтуымызға болады. Ол бастапқы идеялары бойынша дәстүрлі діндерге сүйеніп, олардың өңін айналдырып, бұрмаланған күйде танитын және өзінің сол позициясын ақиқат ретінде дәйектеуге тырысатын бүлікшіл пиғыл тек біздің еліміз емес, дүниежүзін айтарлықтай алаңдатып отыр.

bae49106f0d64e1158091a52da526f5f-big