СӘБИДІҢ ИММУНИТЕТІН КӨТЕРУ АНТИБИОТИКТЕРДІҢ ИММУНИТЕТКЕ ӘСЕРІ

Сенбі, 22 Қазан 2022 00:00 Жарияланды Денсаулық Оқылды 434 рет

00 Айжан  УСМАНОВА    кенес

Күз мезгілі вирустық инфекциялардың өршитін кезеңі болып табылады. Сондықтан сәбидің иммунитетін көтеру мақсатында осы тақырыпта мақала жазуды жөн көрдім. Алдымен иммунитет жайында қысқаша түсінік бере кетейін....
иммунитет - ол ағзаның қорғаныс күші, алдың айтқанда иммунитетке лимфа жүйесі жауап береді. Лимфа жүйесі бүкіл ағзада тараған және секунд сайын ағзаны ішкі және сыртқы ағзаға зиянды дүниелерден қорғап отырады.
Иммунитетке не әсер етеді?
- Тамақтану – сәбилер үшін ана сүтінің маңызыды болса, ересектеу балаларға құнарлы тамақтану маңызды. Құрамында Е қоспасы бар, тез дайындалатын, газдалған сусындар иммунитетті түсіреді.
- Судың мөлшерімен ішу. Ия ия суды дұрыс пайдалану арқылы иммунитетті көтеруге болады қалай дейсіз ғой. Суды дұрыс ішу арқылы іштің қатуының алдың аласыз, лимфа бездерің жуып шаясыз, зат алмасуды тездетесіз. Сондықтан сәбилерге жиі сусын беруді әдетке айналдырыңыз. Тәуліктік судың мөлшері 30 мл кг ға.
- Дене белсенділігі де маңызды рөл атқарады, балапанға массаж бен гимнастика күнделікті 10 минут көлемінде болуы қажет.
- Сонымен қатар баланың денесін салқынға үйретіңіз. Салқынға үйретіңіз дегенде бірден шешіндіріп тастамаймыз жеңіл киіндіріп, ауа ваннасын жасауды ұмытпаңыз. Себебі, бала бірден суыққа шыққан кезде тамырлары бірден тарылып, лимфа жүйесінің қозғалысы бәсендейді. Нәтижесінде қорғаныс әлсірейді.
- Және ең бастысы иммунитеттің 50 % баланың көңіл күйіне байланысты. Балаға көңіл бөлуді ұмытпаймыз. Жиі балаға жақсы сөз айтып жігерлендіріп, сәбилерді мейірлене емізуді ұмытпаңыз. Осы кезекте иммунитетке антибиотиктердің әсері жайында арнайы қысқаша мағлұмат бере кетейін.
Иммунитетке антибиотиктер қалай әсер етеді?
1. Антибиотиктер аты аталғандай анти қарсы, био тіршілік деген мағынаны білдіреді. Яғни, ағзаға түскен қоздырғыштарды өлтірумен қатар, ішектегі пайдалы микроағзалардың көзін жояды. Нәтижесінде бәріміз білетін процесс іш өту мен жүреді.
2. Бұл әрекеттің әсері 2 еселенеді егер сіз антибиотикті уақытылы, дұрыс қабылдамасаңыздар.
3. Жиі аналар өз бетімен емді бастап жатады, дәріні ретсіз беріп, жазылған соң қоя салады. Өзіңізді таныдыңыз ба?
Нәтижесінде қоздырғыштар антибиотиктерге үйреніп, оған қарсы иммунитет түзеді, яғни келесі жолы осы дәріні бергенде әсер етпейді. Сонымен қатар қате түсініктің бірі антибиотикпен вирусты емдеу. Вирусқа антибиотик әсер етпейді, ол үшін арнайы вирусқа қарсы дәрмектер болады.
Тақырыпқа оралсақ антибиотик сәбидің ағзасындағы пайдалы микроағзаларды өлтірді делік. Енді ол пайдалы микроағзалардың асқорыту, пайдалы дәрумендерді ағзаға сіңдіру қызметтерің кім орындайды?
Сіңіру қызметті бұзылып, ағзада түрлі бөрпелер, диатездер, іштің өтуі немесе қату симптомдары пайда болады. Сәби әлсірейді, иммуниттеті құлдырайды.
Содан бітпейтін жөтел, мұрнынан су ағу, түсіруі қиын қызбалар пайда болады.
Шешімі:
Сәбидің алғашқы мұрын ағуы мен жөтелі бастап өз бетімен ем бастап, көршіден, құрбыдан естіген дәріні беруге асықпаңыздар.
Антибиотик тағайындалғанның өзінде сәбилерге пробиотиктер (линекс, хилак форте, энтеражермин) бірге беру.
Жиі емізу, себебі ана сүтінде арнайы иммунитетпен, қоздырғыштарға қарсы антибиотиктер бар.
Сәбидің иммунитетін қалыптастыру мақсатында төменде көрсетілген дәрумендерді пайдалануға кеңес беремін.
Иммунитетті көтеретін дәрумендер
А витамині. Тыныс алу жүйесінің шырышты қабатының қабынуға қарсы күшін арттырады.
С витамині. Интерферонның түзілуіне септігін тигізеді. Ал ол өз кезегінде вирустардың көбеюі мен өсуін тежейді.
Е витамині. Ауру тудырғыш микрағзаларға қарсы қорғанысты түзеді. .
Микроағзаларға қарсы қорғанысты артыруға арналған микроэлементтер
Цинк. Вирустарға қарсы қорғанысы бар ферменттердің синтезіне қатысады.
Темір. Жергілікті иммунтиетің жоғарлауына септігін тигізеді. Нәтижесінде вирустар тыныс алу жүйесінің шырышты қабатына еңбей жатып жойылады.
Селен. Вирустарды жоятын киллер клеткалардың түзілуіне септігін тигізеді.
Ең бастысы балаға көбірек көңіл бөліп, мейірім махаббатқа бөлеу бұл дегеніміз иммунитеттің 50% көтерілді дей беріңіз.

Айжан УСМАНОВА,
БМСККО Қаратас жалпы тәжірибелі мейірбикесі.