123

Әл Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті 2021-жылы халықаралық QS World University Rankings реитингі бойынша 165-ші сатыдан көрініп, әлемдегі көшбасшы оқу орындарының санатына енді. Quacquarelli Symonds (QS) реитинг агенттігінің мәліметінше, әлемдегі жоғары оқу орындары арасында жүргізілген түрлі бағыттар бойынша тексерулердің нәтижесіне сай, Әл Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті 165 сатыға көтерілді. Сөйтіп, ҚазҰУ Қазақстанда тұңғыш рет әлемдегі ең озық 200 оқу орынының санатына енген университет атанды.

«QS WUR by Subject» реитингі бойынша ҚазҰУ ТМД елдері арасында 51-100 үздік тобына қосылды. Аталмыш реитингке 6 қазақстандық оқу орны қосылғанын атап өткен артық болмас. Әл Фараби атындағы ҚазҰУ-нің ғылыми-зерттеу кеңістігіндегі жыл санап артып отырған абырой-беделін ескерген Quacquarelli Symonds реитинг агенттігі халықаралық форумды Қазақстанда өткізуге шешім қабылдады. Сөйтіп, «Адамзат мұрасы мен жоғары технология негізінде дамуға бағыт ұстау» атты форум 2019 жылы елімізде табысты өткізілді.

Осы арада атап өтетін жай, соңғы 9 жылдың ішінде Әл Фараби атындағы ҚазҰУ 500 сатыға көтерілген екен. Осындай қысқа мерзім ішінде жоғары реитингке жеткен қазақстандық оқу орны шетелдік сарапшылардың қатты қызығушылығын туғызып, бұл құбылысты олар «қазақстандық феномен» деп атады. Әрине, мұндай жоғары жетістік өздігінен келмегені, ұзақ жылдардағы төккен тердің нәтижесі екені анық.

Әл Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің 88 жылдық тарихында қол жеткен жетістіктері мен табыстары аз емес. Бүгінде оқу орны 180 мамандық бойынша жоғары білімді мамандар даярлайды. 16 факультет бар және сол факультеттердің құрамында 62 кафедра және оған қоса, ғылыми зерттеу институты, технопарк жұмыс істейді. Осы құрылымдарда 2 мыңнан астам профессорлар мен ғылым докторлары, ғылым кандидаттары және философия докторлары еңбек етеді. Университетте еңбек ететін оқытушы-профессорлық құрамда 100-ге тарта түрлі академиялардың академиктері, 40 Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, 40-қа тарта мемлекеттік сыйлықтардың иегерлері бар.

Университетте студенттерге сапалы білім беру үшін қажетті жағдайлардың бәрі де жасалған. Жалпы аумағы 90 гектар жерді алып жатқан университет қалашығында студенттерге қажетті жағдайлардың бәрі ескеріліп, жасалған. Қалашық құрылысы 1971-басталып, 2004-жылға дейін созылды. Ал 2005-жылы Мемлекет басшысының құптауымен қалашық құрылысының екінші кезеңі басталды. Қазіргі күні студенттер қалашығында 10 оқу корпусы, 17 жатақхана мен Ө.Жолдасбеков атындағы студенттер сарайы, спорт кешені, «Қазақ университеті» баспасы бар.

Әл Фараби атындағы ҚазҰУ қазіргі күні еліміздегі ең үздік оқу орны болып саналады.

Аяжан АРТЫҚБАЙ,

ҚазҰУ 4 курс студенті,

Аида Айтбембетова,

ғылыми жетекші, экономика ғылымдарының

докторы, профессор.

БЕЙБІТ КҮН ЖАСАСЫН ӘЛЕМДЕ!

Жұма, 13 Мамыр 2022 00:00

b9544afe-3fbf-4ce8-a21d-ec75a4896a92

Биыл Ұлы Жеңіс күні мерекесіне 77 жыл толып отыр. Осынау бейбіт күн бізге оңайлықпен келген жоқ. Батыр ағаларымыздың ерлік істерінің, қан мен тердің арқасында келді.
Осы сұрапыл соғыста жауды талқандап Ұлы Жеңіске жетуге қазақстандықтар да сүбелі үлес қосты. Ұлы Отан соғысына Бауыржан Момышұлы, Мәншүк Маметова, Әлия Молдағұлова, Мәлік Ғабдуллин, Талғат Бигелдинов және т.б жерлестеріміз қатысты.
Жүздеген мың қазақстандықтар қолына қару алып, өз Отанының бостандығы үшін күресті.
Қазақстандықтар Брест қамалын қорғады. Мәскеу түбінде өлімге бас тікті. Сталинград, Курск доғасындағы шайқастарда ерекше көзге түсті. Берлинді шабуылдады. Рейхстагқа қазақ жігіті Рақымжан Қошқарбаев Жеңіс туын тікті.
«Ешкім де ұмытылған жоқ, еш нәрсе де ұмыт қалған жоқ». Бұл сөздер мереке кезінде жиі естіледі. Ерлікпен қаза тапқан ерлердің ескерткіштерінде бұл сөздер ­тас­пен қашалып, ойылып жазылған. Ал, осы бейбіт өмірге жете алмаған, ерлікпен қаза тапқан аталарымыз бен апаларымыздың рухына құрметпен бас иеміз.
Мерекеге орай «Шарбұлақ» бөбекжай балабақшасында «Бейбіт күн жасасын әлемде!» атты іс-шара Қарлығаш және Ботақан топтарында ұйымдастырылды.
Іс-шараны өткізудегі мақсат – балаларға Ұлы Отан соғысымен, қазақстандықтардың ерлік істері туралы түсінік беру. Ұл-қыздарымызды адамгершілікке, Отанын сүюге, оны қорғауға баулу. Отанға деге сүйіспеншілігін арттыру. Оларға патриоттық тәрбие беру, үлкен адамдарды сыйлай білуге, оларды қадірлеуге, өз Отанын сүюге тәрбиелеу.
Ертеңгілікте балалар жеңіс, туған жер тақырыбында өлеңдерді жатқа оқыды. Сол кездегі майдан шебіндегі оқиғалар бойынша көрініс қойды. Келген ата-аналар балаларының өнерін тамашалады. Осынау шараны ұйымдастырған тәрбиеші апайларына, балабақша ұжымына алғыстарын білдірді.


Айгүл БЕКМҰРАТОВА,
«Шарбұлақ» балабақшасының тәрбиешісі.

Жуырда Кенен Әзірбаев атындағы жалпы орта білім беретін мектепте жыл сайын дәстүрлі түрде өткізіліп келе жатқан ұлағатты ұстаз, үлгілі басшы Абдуллаев Айдар Оспанұлы атындағы 4-сыныптар арасында математика пәнінен аудандық олимпиада ұйымдастырылды.

12 Абдуллаев Айдар
Абдуллаев Айдар Оспанұлы 1947-жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Қазығұрт ауданы, Жаңабазар ауыл округіне қарасты Жаңаталап елдімекенінде, қарапайым жанұяда дүниеге келген. Мектеп жасына дейін ата-анасының тәрбиесінде болып, 1954-жылы «Жаңаталап» сегіз жылдық мектебіне оқуға барып, 1966-жылы М.Горький атындағы орта мектепті аяқтаған. Мектепте оқып жүрген кезінде, мектептің қоғамдық жұмыстарына белсене араласып, мектепте үздік оқушылар қатарында болды. Әсіресе, математика, физика, химия пәндеріне қызығушылығы жоғары еді.
Алғашқы еңбек жолын «Жаңаталап» сегіз жылдық мектебінде бастады. Кейін ағамыздың педагогикалық ұйымдастырушылық қабілетін байқап, «Қазақстанның ХХ-жылдығы» бастауыш мектебінің меңгерушісі болып ауысты.
Айдар Абдуллаев – өте тынымсыз, ізденімпаз болатын. Аудандық партия совет комитеттерінің басшыларының алдына тиісінше халықтың талап-тілегін жеткізіп, қосымша оқу корпустарын салдыртып, әуелі орталау мектепке кейін орта мектепке айналдырдырып, мектеп қасынан алғашқылардың бірі болып, шаруашылыққа жер алып, көкөністер ектіріп, түскен қаржыға мектептің материалдық базасын нығайтуға бағыттап отырды және өмірінің соңына дейін осы мектепте басшылық етті.
Айдар Абдуллаев «Коммунизм» совхозының қоғамдық жұмыстарына да белсене қатысатын. Жұмысшылардың балаларына арналған «Сауап» лагеріне бірнеше жыл басшылық етті. Ауылдық кеңестің 75 депутатының бірі болды. Еткен өнегелі еңбегінің арқасында «Қазақ ССР халық ағарту ісінің озық қызметкері» төсбелгісімен және «Н.К.Крупская атындағы сыйлықтың» иегері, бірнеше рет облыс, аудан басшылардың алғыс хаттарымен марапатталған.
Аталмыш олимпиадаға аудан бойынша 50 оқушы қатысып, 10 оқушы марапатталды. Жүлделі І орынды «Жаңатірлік» жалпы орта білім беретін мектеп оқушысы Үкібай Рамазан, жетекшісі Төребаева Күлпан, ІІ орынды Б.Момышұлы атындағы жалпы орта білім беретін мектеп оқушысы Жолдасбек Назерке, жетекшісі Тасыбекова Гүлшехра, ІІ орынды «Ащыбұлақ» жалпы орта білім беретін мектебі оқушысы Асан Әсем, жетекшісі Ускенбаева Сара, ІІІ орынды Т.Рысқұлов атындағы мектеп-лицейінің оқушысы Мерген Жанерке, жетекшісі Илиясбекқызы Арайлым, ІІІ орынды Елшібек батыр атындағы мектеп-лицейінің оқушысы Рахым Дидар, жетекшісі Абдалиев Азамат, ІІІ орынды С.Сейфуллин атындағы жалпы орта білім беретін мектеп оқушысы Мамырали Жансезім, жетекшісі Абдуллаева Айжан иеленді. Ал, ынталандыру сыйлықтарына П.Акбаров атындағы негізгі орта білім беретін мектеп оқушысы Серікбай Ерасыл, К.Әзірбаев атындағы жалпы орта білім беретін мектеп оқушысы Бөлекбай Мансұр, «Атбұлақ» жалпы орта білім беретін мектебінің оқушысы Қалыбек Сырым, М.Әуезов атындағы жалпы орта білім беретін мектептің оқушысы Құралбай Нұрболат марапатталды.
Олипиаданы ұйымдастыруда және Абдуллаев Айдар атындағы кабинетті жабдықтауда Абдуллаевтар отбасы демеушілік жасады.

Гүлнар ТАШЕНОВА,
Кенен Әзірбаев атындағы жалпы орта білім беретін мектептің

қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі.

Әр ұлттың, халықтың, діні мен сеніміне, тұрмыс тіршілігіне, ұлттық құрылым ерекшелігіне сәйкес ғасырлар бойы жинақталып, өмірдің өзі туғызған ғұрыптар тұғырының негізгі салт ретінде қалыптасқан. Шілдехана (салт) – жаңа туған нәрестенің құрметіне жасалатын ойын - сауық, той. Кіндіккесер (салт) – нәресте туған сәтте оның кіндігін кесетін әйелдер (кіндік шешесі) дайын тұрады. Кіндік кесу – мәртебелі, абыройлы іс. Бесікке салу (салт) – жаңа туған баланы бесікке салу. Бесік – қасиетті, киелі құтты мүлік, сәбидің алтын ұясы болып есептеледі. Қырқынан шығару (салт) – Баланың туғанына қырық күн толған соң оны ыдысқа қырық қасық су құйып шомылдырады. Ол сәбидің жан – жүйесінің қалыптасып дені сау болып өсуіне деген ақ тілектен шыққан. Тұсау кесер (салт) – сәби қаз тұрғаннан кейін тез жүріп кетсін деген тілекпен жасалатын ғұрып. Қазақтың өмір салты, өрен салты т. б. қолдану мен дәріптеуді ғұрып дейміз.

aad7a01926e25749d188a9a5e3822488
Қазақ халқында қалыптасқан ғұрыптар. Ат қою (ғұрып) – қазақ халқы жаңа туған сәбиге жақсы есімдер мен әйгілі адамдардың атын қойған. Сонымен бірге бала есімін беделді кісілерге қойғызып батасын алған. Айдар (ғұрып) – балалардың төбе шашын ұзартып өсіріп қояды. Бұл ғұрып ер балаға жасалады. Сәбилерге шаш орнына кекіл, тұлым да қойылады. Кекіл (ғұрып) – жас балардың шашын ұстарамен алып тастайды да, маңдайына бір шөкім шаш қалдырып, оның жиегін тегістеп қиып қояды.
Дәстүр – халықтың атадан балаға көшіп, жалғасып және дамып отыратын тарихи әлеуметтік, мәдени- тұрмыстық, кәсіптік, салт-сана, әдет-ғұрып, мінез- құлық, тәлім-тәрбие және рухани іс-әрекеттер көрінісі.
Базарлық (дәстүр) – алыс сапарға шыққан адамдардың жақындарына әкелген сыйлығы. Байғазы (дәстүр) – балалардың, жастардың жаңа киімі, заты үшін берілетін ақшалай, заттай сый.
Тілашар (дәстүр) – баласы жеті жасқа толған соң балаға жаңа киім кигізіп, оқу-жабдықтарын дайындап, шағын той өткізеді. Мұны «Тілашар» тойы деп атайды. Жеті ата (дәстүр) – халқымыз кейінгі ұрпаққа жеті атасын білуді міндеттеген. Асату (дәстүр) – ет желініп болған соң төрде отырған ақсақал табақта қалған етті жас балалар мен жігіттерге асатады.
«Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні бар», – демекші, салтын сүйген әрбір жас ұрпақ болашақта халқын сүйетін, еліне адал қызмет ететін, тілінің, салт -дәстүрінің жанашыры болатындығына сенімдімін.
Еліміздің жарқын болашағы біздің қолымызда! Атадан балаға мирас болып жылдар бойы жалғасып келе жатқан салт-дәстүрімізді көзіміздің қарашығындай сақтай білейік, және де кейінгі ұрпаққа кеңінен дәріптей білейік!

ЖӘДІГЕРҚЫЗЫ Күлайым,
«Майбұлақ» жалпы орта білім беретін мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі.

АҚЫЛ ОЙДЫҢ АСҚАР АЛЫБЫ

Жұма, 01 Сәуір 2022 00:00

01 Алтынтөбе

Алтынтөбе ауыл округіндегі кітапханаларда оқушылармен ағартушы ғалым Ахмет Байтұрсыновтың 150 жыл толуына орай "Ақыл ойдың асқар алыбы" атты танымдық кеші болып өтті.
Кештің мақсаты Ахмет Байтұрсыновтың шығармашылығы, кітаптары, ғылыми еңбектері туралы мағлұмат беру.

02 Алтынтөбе

Ақын өмірін оқушыларға үлгі ете отырып, өз елін сүюге, оның көркеюіне үлес қосуға тәрбиелеу. Өнер Жамалов жалпы орта мектебінің белсенді оқушылары Ахмет Байтұрсыновтың өмірбаянын, шығармаларын жатқа айтып өтті.

А.АБДАКИМОВ,

Алтынтөбе ауыл округі әкімінің орынбасары.

200px-Ахмет Байтұрсынов

Биыл халқымыздың көрнекті қоғам қайраткері, кешегі Абай, Ыбырай, Шоқан салған ағартушылық, демократтық бағытты ілгері жалғастырушы ірі ғалым, көсемсөз шебері, әдебиет зерттеуші, тюрколог, дарынды ақын- аудармашы Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл.
Ахмет Байтұрсынұлы – қыры мен сыры мейлінше мол адам. Біріншіден, ол қазақ тілінің тұңғыш әліппесі мен оқулықтарының авторы. Ол жазған мектеп оқулықтары 1914- 1915 жылдан 1927- 1928 жылға дейін пайдаланылып келді. Қазақ оқушыларының бірнеше буыны сауатын А.Байтұрсынұлының «Әліпбиімен» ашып, ана тілін А.Байтұрсынұлының «Тіл құралы» арқылы оқып үйренді.
Ахмет Байтұрсынұлы – қазақ ән-күй өнеріне де терең ой жіберген ғалым. А.В.Затаевичтің айтуынша, ол шебер домбырашы, әнші болған. Халық әндерін, күйлерін жинаған және олардың шығу тарихын да білген.
Ахмет Байтұрсынұлы – ақын және аудармашы. Оның өлеңдері «Қырық мысал» , «Маса», «Үзік» деген аттармен 1912-жылдан 1922-жылға дейін бірнеше рет жарияланған. «Масаға» енген өлеңдер қараңғылық, надандық, шаруаға енжарлық, қазақты шағуға дайын тұрған жылан. Оның иесі аяқтары ұзын, сары маса болып ызыңдап, ұйықтап жатқан халқын оятпақшы.
Ахмет Байтұрсынұлы тек өзi ғана жазып қоймай, аудармашылықпен де айналысқан. Ол «Қырық мысал» 1909-жылы Петербург қаласында бастырады. Орыстың классик мысалшысы И.А.Крылов мысалдарының бiр тобын аударған. Крыловтың аудармалары өз елiне тән, жақын екенiн сезiп отырып таңдаған. Бұл тұңғыш аударма едi. Ол «Замандастарыма» деген кiрiспесiнде:
«Орыстың тәржiме еттiм мысалдарын,
Әзiрге қолдан келген осы барым.
Қанағат азға деген, жоққа- сабыр,
Қомсынып қоңырайма, құрбыларым», – дейдi.
Сонау қылышынан қан тамған қаһарлы жылдары жазықсыз мыңдаған адамдар «Халық жауы» деген жаламен айыпталып, жер аударылып кетті. Кейбір деректерге қарағанда 6 млн. адам қуғын-сүргінге ұшырап, оның 900 мыңдайы атылған. Сондағы 25 мыңға жуық қазақтың ішінде бес арысымыз Жүсіпбек Аймауытұлы, Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатов, Мағжан Жұмабаев, Шәкәрім Құдайбердіұлы болған еді.
...Адам өмірінде болатын аумалы-төкпелі уақыт қайғысымен де, қуанышымен де ерекше айқындалатын болса керек. Ахмет Байтұрсынұлы тағдыр толқындарынан, қайғы-қасірет сілкіністерден, тар жол тайғақ кешулерден өткен еді...
Әрине, Ахмет тағылымын бір сәтте оқып білуге болмайды. Оны жылдар бойы оқып үйренуіміз керек. Ахмет Байтұрсынұлының ақын, публицист, ғалым, қоғам қайраткері санатында жасаған барлық еңбегі, тартқан қорлық, көрген азабы, болашаққа сенген үміт-арманы, баршасы ұлы миссияны орындауға, туған халқы үшін қасықтай қаны қалғанша қалтықсыз қызмет етуге арнады.

Азиза КЕРІМҚҰЛОВА,
О.Жандосов атындағы жалпы орта
білім беретін мектебінің орыс тілі пәнінің мұғалімі.

 

«Ұстаздық ету – уақыт ұту емес, өзгенің бақытын аялау, өзіңнің уақытыңды аямау. Адам тәрбиелеуден асқан абыройлы іс жоқ. Ұстаздық – ұлы нәрсе».
З.Қабдолов.

Мектепте оқушылармен жұмыс жасап келе жатқаныма қаншама жылдар болса да, менде мамандығымды өзгертсем деген ой болмаған.
Ұстаз міндеті – оқушылардың бойындағы білім ұшқынын одан әрі дамытып, оларды әлемді тануға қолдау көрсету.
Менің жұмысымның негізгі әдісі – оқушылармен «тең жағдайда» қарым-қатынас жасап, әрекет еткен кездегі ынтымақтастық педагогикасы. Мен әр оқушының жан дүниесінде отбасына, өз халқына, олардың салт-дәстүрлеріне деген сүйіспеншілік сезімін оятып, өмірге деген қызығушылығын арттырып тәрбиелеуге бағдар беру.
Мектептегі өмір мен үшін белсенді әрі қызықты, мектебімізде түрлі іс-шаралар, ашық сабақтар, ұйымдастырылады. Мұндай іс-шаралар бізді жақындастырды және түсіністік, жанашырлық, мейірімділік сезімдері пайда болды. Оқушылар бір-бірімен мейірімді, сыпайы және көңілді қарым-қатынаста болады. Сыныпта достық және өзара түсіністік атмосферасы қалыптасады.
«Ұрпақ тәрбиесі бұл – ұлт болашағы» баланы өмірге бейімдеуде мектеп, мұғалім және ата-ананың орны бөлек. Тәлім-тәрбиедегі жарасымдылық бірлесіп жұмыс істеген жағдайда ғана үйлесімділік табады. Жас ұрпақтың бойына жақсы қасиеттердің бәрі тәрбиемен келеді.
Тәрбиенің үздіксіз жүріп отыратынын ескерсек, «Ел болам десең, бесігіңді түзе», – деген халық даналығы осы ойымның дәлелі. Ж.Аймауытовтың «Тәрбие болмаған жерде шын ақылды, мәдениетті өмір болмақ емес», – деген парасатты пікірі бар. Тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы.
Бала тәрбиесін ата-анаға немесе ұстаздарға ғана жүктеп қойған дұрыс емес, бұл баршаның ісі. Бала – біздің болашағымыз, қоғамның бір мүшесі және оны ары қарай дамытушы. Сондықтан, баланы адамгершілікке, инабаттылыққа, елін, жерін сүюге, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрін қастерлеуге тәрбиелеу бәріміздің міндетіміз. Өз ұлтының бар қадір-қасиетін бойына сіңіріп өскен ұрпақ, ертеңгі ел сенімі, ел тірегі.
Бала тәрбиесі барысындағы тәжірибемнен ойға түйгенім – адамды тәрбиелеу үшін онымен тығыз байланыста болып, жан- жақты білу, оның жан дүниесін зерттеу шарт екен.
Мұғалім – баланың жеке тұлғасын қалыптастырушысы, тәлім-тәрбие өнегесінің бастаушысы, үлгісі. Бүгінгі жас ұрпақ ертеңгі қоғам мүшесі. Ендеше, қоғамдағы қол жеткен тәрбиелік жақсы дәстүр атаулыны пайдаланып, биік адамгершілік қасиеттерге баулу, тәрбиелеу біздің басты мақсатымыз әрі міндетіміз.
Мұғалім кәсіби білімін тынымсыз жетілдірген жағдайда ғана оқушының танымдық, шығармашылық қабілетін дамытып, ғылымға деген қызығушылығын қалыптастыра алады.

Зылиха БАЙДАЛИЕВА,
«Заңғар» жалпы орта білім беретін мектебінің қосымша білім беру педагогы.

123 отбасы

Мейірімділік – адам өмірінің мәні. Адамның бір-біріне деген мейірімі арқылы қоғамда тіршілік қалыптасады. Адамгершілік пен мейірімділік егіз ұғым. Бұл қасиеттер адамды мейірімділікке, Отанын, отбасын, достарын, қоршаған ортаны сүюге үйретеді. Егер адам бойында адамгершілік қасиеті болмаса, ол адам өзін – өзі реттеп, айналасындағы жандарды құрметтей алмайды. Қоғамда болып жатқан түрлі келеңсіз оқиғалар, адам жүрегінде мейірімділіктің, иманның жоқтығынан. Кішкентай кезінен отбасында мейірім көріп өспеген бала, өскенде айналасындағы жандарға да мейірім көрсете алмайды. Әрбір отбасында дүниеге келген сәбиге ата-анасы өз мейірімін төгеді. «Айналайын» деген сөздің астарында қандай мейірім жатыр. Ата – ана баласына тал бесіктен бойына мейірім мен сүйіспеншілікті ұялата білсе, тастанды бала, панасыз қарт, жүрексіз ұл-қыз болмас еді. Сол үшін де ізбасар ұрпағымыз теректей түзу болып өсуі үшін, отбасындағы екеуара мәдениетті, сүйіспеншілікті негіз етіп қалауымыз керек. Табиғат пен тіршілік иесіне құрметпен қарап, аялай білуді, жас ұрпақтың бойына жақсы қасиеттерді сіңіру ата-ана мен ұстаздың басты міндеті.
Білімдінің сөзі – ем, мейірімі көп, өзі кең!, – деп дана халқымыз айтпақшы ұрпағымыз білімді, жүрегі мейірімге толы болуы үшін аянбай еңбек етуіміз керек.

Перизат АСАНБЕКОВА,
«Болашақ» мектеп-гимназиясының өзін-өзі
тану пәнінің мұғалімі.

bb4a66f3-ee52-4f1a-831a-2afba51b17aa

«Білім – біліктілікке жеткізер баспалдақ,
ал біліктілік сол білімді іске асыра білу дағдысы»
А.Байтұрсынов.

ХХІ ғасыр – білімділер ғасыры. Заман талабына сай білімді ұрпақ тәрбиелеу бүгінгі күннің басты міндеттерінің бірі. Сапалы білім беру – оқыту мен тәрбиелеудің үздіксіз үдерісі. Қазіргі кезде білім берудегі мақсат – жан-жақты білімді, өмір сүруге бейім өзіндік ой-талғамы бар, адамгершілігі жоғары, қабілетті жеке тұлғаны қалып­тастыру. Осы орайда мектебімізде «Жаратылыстану ғылымының құпиясы тұңғиық, көз жет­пейді мұнарасы тым биік» атты жаратылыстану пәндерінің апталығы ұйымдасты­рылды. Апталықтың жоспары әдістемелік бірлестігінің отырысында қаралып, талданды және бекітілді. Осынау іс-шараны өткізудегі мақсат – оқушылардың зерттеушілік ойлау қабілеттерін дамытып, химия, биология, география пәндеріне қызығушылықтарын арттыру. Апталық барысында мұғалімдер ұйымдастырған іс-шаралар заман талабына сай өтті, соның ішінде интеллектуалды сайыстар, кештер, ашық сабақтар, сыныптан тыс іс- шаралар. Бірлестіктің апталық жоспарымен таныстыру мақсатында алғашқы күні оқушылар жиыны өткізілді, мектеп директорының міндетін уақытша атқарушы М.Өмірәлиев пен бірлестік жетекшісі Р.Жүнісова апталықтың жоспарымен таныстырып, оқушыларды белсене қатысуға шақырып, апталықты ашты. Мектебіміздің пән мұғалімдері Жүнісова Рамила – «Мен бақытты баламын», Теңгебекова Шолпан – ашық сабақ, Жанәлиев Нүркен – сайыс сабақ, Өтеуіл Біржан тәжірибелермен жұмыс жасады.
9-10 сыныптар арасында «Жеміс-жидек» сұрақ-жауап айдары және дебаттар, «Жүректен-жүрекке», «Табиғатты қорғау» сурет салу, «Аялдама бекеті», «Қызықты тәжірибе», «Сайыс сабақ», «Ең...ең...ең...» сайысы, «География патшалығы», «Қызыл кітаптағы жануарлар мен өсімдіктерді қорғау» атты іс-шаралар ұйымдастырды. География пәнінің мұғалімі Шолпан Теңгебекова 7 «ә» сыныбында «Дүниежүзі халықтарының діни құрамы» атты, ал химия пәнінің мұғалімі Құралбаева Роза апайымыз 9 «ә» сыныбында «Фосфор» атты ашық сабақтар өткізді.
Ертеңгі күннің болашағы бүгінгіден де нұрлы болуы үшін болашақ ұрпақ білімді, өз заманының көшбасшысы болуы шарт. Олай болса, заман талабына сай мұғалім, жаңашыл болуы керек. Оған жоғарыда атап көрсеткен мектепішілік шаралар, ашық сабақтар, сыныптан тыс жұмыстарымыз дәлел бола алады.
Қорыта айтқанда, «Білекке сенер заманда – ешкімге есе бермедік. Білімге сенер заманда – қапы қалып жүрмейік» – деп Абылай хан айтып кеткендей, ертеңгі күннің болашағы бүгінгіден де нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратын құдіретті күш тек білімге ғана тән екенін естен шығармайық!

Рамила ЖҮНІСОВА,
Қ.Өмірәлиев атындағы жалпы орта білім
беретін мектебінің биология пәнінің
мұғалімі, бірлестік жетекшісі.

5ab27b9675c38

Наурыз – жылдың, әрі көктемнің бірінші айы. Мағынасы, парсының «нау» – жаңа, «руз» – күн, яғни «жаңа күн» деген сөзінен шыққан. Наурыздың бірінші күні күн мен түн теңесіп, Жаңа жыл келеді. Наурызды жыл басы, көктем басы, мереке басы деп санайтын халқымыз – «Ұлыстың ұлы күні» деп ерекше құрметтейді.
Ұлы ғұламалар Әбу Райхан Бируни, Омар Һайям тәрізді әлем таныған тарихи тұлғалардың еңбектеріндегі Шығыс халықтарының наурыз мейрамын қалай тойлағаны туралы деректерге назар аударсақ, парсы тілдес халықтар ­Наурызды бірнеше күн тойлаған. Яғни, олар Наурыз күндерінде мынадай салт-дәстүр, ырымдар жасаған: Әр жерде үлкен от жағып, отқа май құйған. Жаңа өнген жеті дәнге қарап болашақты болжаған. Жеті, ақ кесемен дәстүрлі ұлттық көже «сумалық» ұсынған. Ескі киімдерін тастаған. Ескірген шыны аяқты сындырған. Бір-біріне гүл сыйлаған. Үйлерінің қабырғасына дөңгелек ою – «күн символын» салған. Үйлеріндегі тіреу, ағашқа гүл ілген. Жамбы ату тәрізді түрлі жарыстар өткізген. Бұл күні кәрі-жас мәз болып, бір-біріне жақсы тілектер айтқан, араздаспаған.
Наурызды ата-бабаларымыздың сөзімен айтсақ, ақ түйенің қарны жарылған күн. Бұл біздің халқымызда күн мен түн теңелер мезгіл-наурыз айының 22-ші жұлдызына сәйкес келеді. Бұл қыс бойғы қар еріп, жер жүзі көгеріп, көктеп, тіршілік атаулыға жан бітіп, жасарып жаңартқан шақ. Бұл күні аталарымыз бен әжелеріміз үй-үйді, ауыл-ауылдарды аралап, наурыз көжеден дәм тататын. Үлкен-кішіге ақ баталарын беріп, ізгі тілек тілесетін болған.
«Ұлыс күні қазан толса, ол жылы ақ мол болар» деп нақыл айтып, ауыл арасын бірлікке, татулыққа, ынтымаққа шақыратын. Жыл басы наурыз-күні айтылған бұл тілектер ақ болып, толық орындалады деп ырым ететін. Наурыз – жаңару мен тазару, махаббат пен сұлулық мерекесі! Наурыз мейрамы – бірлік пен берекенің бастауы. Бірлігімізге бекем болсақ, болашағымыз баянды, еңсеміз биік, іргеміз берік болары анық!

Арайлым ХАМИТ,
аудандық оқушылар сарайының үйірме жетекшісі.