ТҰМАУДЫҢ АЛДЫН АЛУ ЖОЛДАРЫ

Сенбі, 22 Қазан 2022 00:00 Жарияланды Денсаулық Оқылды 344 рет

1543463995 1391589430-491122-15187-900x

Тұмау және тыныс алу жолдарының жедел вирустық инфекциялары - бұл ауа-тамшы жолдарымен жұғатын әртүрлі инфекциялардың жиынтығы. Соның ішінде тұмау циклдік ағымға ие болған. Сонымен қатар адамдардың көпшілігінде тұмау пандемиядан да қауіпті эпидемияға айналып отыр. Адамзатқа пандемияның бірнеше түрі белгілі, ең қатерлісі «Испанка» пандемиясы. Қазіргі таңда тұмау эпидемиясы кезінде адам өлімі жоқ, бірақ көптеген адамдардың тұмауға деген салғырттықтарының нәтижесінде инфекцияның күшеюіне жол берілуде. Яғни, бұл өз кезегінде тұмаудың тұрақты вирустарын туғызады. Сөйтіп ауа арқылы басқа адамдарға жұғады, жүрек- қан тамырлары жүйесі, бүйрек және басқа да мүшелер ауруларының асқынуына әкеледі. Тұмау өте құбылмалы және оның құрылымы өзгеріп отырады, осылай тұмау және вирустық инфекциялар жаңа толқынды болады. Ең алдымен «Ауырып ем іздегенше,ауырмайтынд жол ізде» деген қағиданы ұмытпауларыңыз керек. Сақтықта қорлық жоқ дегендей, әрбір адам өз денсаулығына жауап беруі тиіс.
Инкубациялық кезең бірнеше сағаттан 7 күнге дейін,орташа 2-3 күнді құрайды. Аурудың басталуы жедел,интоксикация синдромымен сипатталады. Бірнеше сағат ішінде дене температурасы 39-40С дейін котеріледі, әртүрлі дәрежедегі қалтырау, мерзімі қысқа, 3-5 күн. Әдеттегiдей аурудың басы өткiр, кенет интоксикация синдромынан басталады. Қалтырауы бар науқастарда (өте жылдам бiрнеше сағат ағымында) дене температурасы 39-40С көтеріледі, қалтырау қысқа және әртүрлі сипатқа ие (ремиттирлеуші, интермиттирлейтiн сипаттағы қалтырау тағы басқалар), маңдай бөлімінің, әсіресе қабақ үсті аймағының ауырсынуы, бас айналу, тершеңдік, буындардың, сүйек-бұлшықеттерінің ауырсынуы тән, адинамия, жалпы әлсіздік үдей түседі. Тұмаудың ауыр ағымында ұйқының қашуы, көп ретті құсу, ес бұзылыстары, менингиалді белгілердің болуы тән. Катаральды синдром интоксикация синдромымен бірге, немесе біраз кешігінкіреп пайда болады (12-24 сағаттан кейін). Тұмауды алдын алудың жолдары:
1. Ең тиімді алдын алу әдісі- тұмауға қарсы вакцинасы.
2. Эпидемия кезінде адамдармен байланысыңызды мүмкіндігінше азайтуға тырысыңыз (қоғамдық көліктермен исрек жүріп,қонаққа барудан бас тартыңыз).
3. Бөлмеңізді, үйіңізді жиі желдетіп, ылғалды түрде жиыстырып қойыңыз.
4. Мұрныңыздың шырышты қабығын интерферонды қолдана отырып, 0,25 пайызды оксалин майымен майлап қойыңыз.
5. Сарымсақ пияз сонымен қатар құрамында Сдәрумені бар өнімдерді көбірек пайдаланыңыз лимон, орамжапырақ, қара қарақат.
6. төрт қабатты дәкелі таңғышты қолданыңыз.
7. Толық тамақтаныңыз
8. Таза ауада жүйелі түрде серуендеу, денешынықтырумен және спортпен айналысуды қолға алыңыз.
9. Тұмаумен ауыратын науқасты басқалардан оқшалауды ұмытпаңыз.
Алдын алу шаралары
Тұмауға нақтылы диагноз қойып, науқасты оқшаулап, ауруханаларда не басқа тиісті мекемелерде карантин жарияланады. Тұмауға қарсы вакцина егіледі, оның ішіндегі ең тиімдісі – тазартылған вириондық вакцина. Алдын ала организмді шынықтыратын емдер жасап, спортпен шұғылданған дұрыс.
Тұмау басталғанда адамның денесі дел-сал болып, көңіл-күйі нашарлайды және тағамға тәбеті шаппайды. Бір-екі күннен кейін дене қызуы көтеріледі, басы ауырады, бұлшық еттері сыздап, буын-буыны сырқырайды, мұрны бітеді, дауысы қарлығып, жөтеледі, тамағы қызарып, жұтынғанда ауырады, көзі қызарып жасаурайды. Адам дереу дәрігерге көрініп, емделсе, үш-бес күннен кейін дене қызу төмендеп, сауыға бастайды.
Емі. Емі — дәрігердің бақылауында болып, оңаша, ауасы таза бөлмеде жатып емделу. Дене қызуын, дене сырқырауын, аспирин, пирамидон және т.б. дәрілер тез басады. Тұмау вирусына антибиотиктер пайда етпейді. Ауру адам жөтелгенде, түшкіргенде аузы-мұрнын қолымен немесе орамалмен (шүберекпен) жабуға тиіс. Науқастың тек өзіне арналған ыдысы, орамалы т.б. болуға, олар жиі қайнатылып, жуылуға тиіс.
Тұмау асқынғанда науқасты ауруханаға жатқызып, кешенді емдеу шараларын жүргізеді. Арнайы дәрілер (оксолин, амантадин, ремантадин, интерферон, т.б.), антибиотиктер, қызу басатын, организмнің улануын азайтатын дәрі-дәрмектер беріледі.

Зульфия УТЕНОВА,

«Сенбі» ауылдық дәрігерлік емханасының жалпы тәжірибелі дәрігері.