ТАБИҒАТ – БІЗДІҢ БАЙЛЫҒЫМЫЗ!

Жұма, 22 Қазан 2021 00:00 Жарияланды Қоғам Оқылды 139 рет

20130615-butakovka-019

Ауданымыздың табиғаты әр алуан, ерекшелігі – тауы да, орманы да, тасты да жері бар. Осы байлығымызды біз мақтанышпен айта аламыз. Кең байтақ даламыздың көркем табиғатын сақтап қалу үшін елімізде заң шеңберінде жұмыстар атқарылып, жоспар түзілуде. Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев «ЖАҢА ЖАҒДАЙДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН: ІС-ҚИМЫЛ КЕЗЕҢІ» атты Жолдауында экологиялық жағдайға баса назар аударып, еліміз бойынша 2 млрд ағаш отырғызылатыны туралы баяндаған болатын.
Жолдауға сәйкес 2025-жылға дейін 2 млрд. түп ағаш отырғызу міндеті тұр. Бұл дегеніміз 85 мың га қашықтықты құрайды. Жалпы ел көлеміндегі орман алқабы 6 млн га-ға жетіп отыр. Қазақстанда далалық алқаптар өте көп. Ендігі мақсат – осы жерлерді орманға айналдыру.
Түркістан облысы – күн санап жасыл желекпен көмкеріліп, келе жатқанына баршамыз куәміз. Осы көшеттердің басымы «Жасыл Желек» мекемесінің тұқым бағында күтіліп, бапталады. Түркістан облысының жасыл аймаққа айналуына өз үлесімізді қосу мақсатында көктем айында 800 мыңға жуық әртүрлі ағаш көшеттері берілді. Алдағы күз айларында да көшетпен қамтуға дайындық жұмыстары жүргізілуде.
«Жасыл желек» мекемесінде көшеттердің түрлерін көбейту, сапасын жақсарту мақсатында жүйелі жұмыстар жоспарға сай. Біздің мекемеде өсірілетін көшет түрлері «Қылқан жапырақтылар» мен «сәндік көшеттері», «бұталар мен жеміс-жидек» һәм «жаңғақ тұқымды жемістер» болып беске бөлінеді.
Табиғатты қорғау, табиғатты аялау – әр адамның міндеті. Үлкен-кіші әрдайым оны таза ұстап, құрмет тұту қажет. Оның бізге қаншалықты қажет екені баршамызға мәлім.
Әрбір адам табиғатты аялай білуді парызым деп білуі тиіс. Қоршаған ортаны сақтау, экологияны жақсарту, болашақ ұрпағымыздың дені сау болуы үшін әрбір адам өзінің ауласына бір тал ағаш отырғызуы керек.

Ерғали САУЫТОВ,
«Жасыл желек» мекемесінің
бас агрономы.