Өркениеттің алғашқы нышанының бірі – әйел теңдігі екенін ескерсек, тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен Гендерлік теңдікке үлкен мән беріліп, еліміздің БҰҰ конвенциясына қосылғаны тегін емес. Ал, ата-бабаларымыздың ертеден «қыз – елдің көркі», «жұмақтың кілті – аналардың табанының астында» деп ерекше дәріптеуі – халқымыздың әйел баласын ерекше бөліп, қоғамда айрықша орын бергенін көрсетеді. Бірақ та, бүгінде қыз баласына, әйеліне, бала-шағасына қол көтеретін азаматтар саны күн санап артып келеді.

Отбасындағы зорлық-зомбылық құрбандарының көпшілігі моральдық тұрғыдағы мінеуден қорқып, құқық қорғау органдарына шағымданудан бас тартып жатады. Осыған сәйкес, әйелдер мен қыздар арасында әйелдердің құқықтық сауаттылығын арттырып, зорлық-зомбылықтың түрлері мен себептерін зерделеп, алдағы уақытта қылмыстық әрекеттерді болдырмау бағытында тиісті профилактикалық іс-шаралар жүргізілуде. Мектептерде, мекемелерде, ұжымдарда психологтар, медицина және мешіт қызметкерлерімен бірлесіп суицидті болдырмау және оның алдын алу жолдары бойынша кездесулер ұйымдастырылып, проблеманың шешілу жолдары талқыға салынып, лекциялар оқылды.
Халқымыз қашан да нәзік жанды әйелдерді қастерлеп, шаңырақтың ұйытқысына, ырыс пен бірліктің символына балаған емес пе?! Үйдің киесі, жақсылық біткеннің діңгегі санап, нәзік жандыларды төріне шығарып, жоғары бағалаған.

Бірімізге – ардақты ана, бірімізге – сүйікті жар, бірімізге – аяулы апа-қарындас бола білген қыз-келіншектерімізді құрметтейік, қастерлейік, алақанымызға салып аялай білейік. Ана – өмірдің бастауы, әдемелік пен мейірімділіктің діңгегі, мемлекеттің тірегі екендігін ұмытпайық!

 

  1. Перизат ИМАНОВА,
  2. Қазығұрт аудандық полиция бөлімінің ЖПҚ әйелдерді
  3. зорлық-зомбылықтан қорғау тобының
  4. инспекторы, полиция капитаны.

Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ

Сейсенбі, 05 Қараша 2019 00:00

«Ұлт жоспары – 100 нақты қадам»

 

Елбасымыз Н.Назарбаевтың «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 13-қадамында жемқорлыққа қарсы күресті күшейту мәселелері нақты атап көрсетілген болатын.

Жалпы, елімізде тәуелсіздік алған алғашқы күндерінен бастап-ақ,әлемдік стандартқа сәйкес келетін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдар тұрақты түрде жүзеге асырылып келеді.

Сыбайлас жемқорлықтың көріністерін жою мақсатында кірістер басқармасында мемлекеттік қызмет көрсету түрінің саны артып, барлық қызмет түрлері онлайн қашықта жүзеге асырылып отыр.

Бүгінгі таңда жеке кәсіпкерлер онлайн режимінде бақылау касса машиналарын тіркеуге қоюды жүзеге асырса, онлайн режимінде алкоголь өнімдерін бөлшек сатуға лицензия алуды меңгеріп жұмыстары жүргізілуде.

Қоғамда өзектілігін жаймай тұрған жемқорлықты болдырмау үшін салық төлеушілерге құқықтық сауатын арттыру, электронды үкімет пен электрондық сандық қолтаңбаны тұрақты түрде қолдана отырып, кез-келген мәліметтерді үйде немесе офисте отырып алуға болатындығы жайлы іс-шаралар жиі ұйымдастырылуда. Ағымдағы жылдың 9-айында салық төлеушілердің қатысуымен 19 – семинар-кеңес, 4 – дөңгелек устел, «Ашық есік» күні өткізілуде.

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оны болдырмау бойыеша кірістер басқармасында тұрақты түрде жұмыстар қолға алынуда. Салық төлеушілердің сауаттылығын арттыру мақсатында түсіндірме жұмыстары жалғасуда.

Н.МҮСІРАЛИЕВ,

Қазығұрт ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы басшысының орынбасары.

Жалпы әлемдегі барлық мемлекеттер сыбайлас жемқорлықпен күресті басты міндеттерінің бірі ретінде белгілеп, онымен ымырасыз күреседі. Сыбайлас жемқорлықтың деңгейі – мемлекеттің әлем жұртшылығы алдындағы абыройы мен беделіне әсер ететін фактор. Сыбайлас жемқорлық – бүгінгі таңда әлемнің бірде-бір елі түбегейлі жеңіп шыға алмаған әлеуметтік дерт.
Сыбайлас жемқорлық ел экономикасының көтерiлуiне үлкен кедергi келтiретін, қоғамдағы ең басты қауiп-қатерлерiнiң бiрi болып табылады. Кәсіпкерлікпен айналысып, өз ісін жүргізіп, еліміздің экономикалық дамуына үлесін қосып отырған ел азаматтары мен еліміздің экономикасына инвестиция салып, жұмыс орындарын ашқан шетелдік кәсіпкерлер сыбайлас жемқорлықтың деңгейіне қатты алаңдайды. Сондықтан да оны болдырмау, алдын-алу мақсатында елiмiзде көптеген iс-шаралар жоспарланып, жүзеге асырылуда.
Қазақстанның Тұңғыш Президентi Н.Ә.Назарбаев мемлекеттiк негiзгi басымдылықтарының арасында сыбайлас жемқорлықпен күрестi белгiлеген еді.
Қазақстан Кеңес өкiметiнен кейiнгi кеңiстiкте бiріншi болып 1998-жылдың шiлде айында сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы заңын қабылдады және халықаралық конвенцияларға қосылды.
Бүгінгі таңда жемқорлыққа қарсы іс-қимыл 2015-жылдың 18-қарашасында қабылданған «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңы аясында жүргізіледі. Аталмыш заң азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, сыбайлас жемқорлық көрiнiстерiнен туындайтын қауiп-қатерден елiмiздiң ұлттық қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге, экономикалық дамуына ықпал жасауға, жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған. Қоғамымыздың барлық саласында жемқорлықтың жолына батыл тосқауыл қойып, олардың зардаптарын жою және мүдделiлердi жауапқа тарту – бүгiнгi күннiң ең басты мiндеттерiнiң бiрi.
Қазығұрт аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінде заңнамалар мен талаптардың бұзылу фактілері жөнінде хабарлау үшін «Сенім телефоны» үздіксіз жұмыс істейді.
Сонымен бірге, мұндай ауыр кеселдi тек мемлекеттiк және құқық қорғау органдардың күшiмен жеңе алмаймыз. Халық арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру арқылы, азаматтардың бұл індетке төзбеушілігін арттыру арқылы оң нәтижеге қол жеткізуге болады деген ойдамыз.

Ержан ҚАҢЛЫБАЕВ,
Жігерген ауыл округі аппаратының бас маманы.

Жасөспірімдер құқық бұзбауы тиіс

Дүйсенбі, 16 Қырқүйек 2019 00:00

Комиссия

 

Өткен жұма күні аудан әкімшілігінің үлкен мәжіліс залында Қазығұрт ауданы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның отырысы болып өтті. Оған аудан әкімі, комиссия мүшелері, ауыл әкімдері, мектеп директорлары, мектеп басшыларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, М.Әуезов атындағы жалпы орта мектебінің мұғалімдері қатысты.

Комиссия отырысын оның төрағасы, аудан әкімінің орынбасары С.Тұрсынқұлов жүргізіп отырды.

Комиссия отырысының күн тәртібіне төмендегі екі мәселе ұсынылды.

Бірінші «05.09.2019 жылы Жаңабазар ауыл округіне қарасты М.Әуезов атындағы жалпы орта мектебінде 8-сынып оқушысы Алихан Талғатұлы Махатайдың тосын жағдайда қайтыс болуы туралы» аудандық білім бөлімінің басшысы А.Үйсінбаев хабарлама жасады. Сонымен қоса, «Жасөспірімдер арасында өз-өзіне қол жұмсаудың алдын-алу бойынша» аудандық білім бөлімінің есебін берді.

Екінші мәселе, «Жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын-алу және аудан көлемінде түнгі рейдтер нәтижесімен аудандық полиция бөлімінің есебі туралы» аудандық полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметі басшысы Е.Елтаев баяндама жасады.

Комиссия отырысына қатысқан аудан әкімі Т.Телғараев өзінің қорытынды сөзінде аудан көлемінде жасөспірімдер арасында әлі де болса құқық бұзушылық, ұсақ-түйек қылмыстарға баруы кездесетіні, тіпті, кейде жасөспірімдердің ата-аналар, мектеп ұжымдары тарапынан бақылаусыз қалып, түнгі мезгілде топ-топ болып көше кезіп жүрулері жиі болатыны жасырын емес.

Сондықтан, жасөспірімдер арасында құқық бұзудың алдын-алуға ата-анадан бастап, мектеп ұжымы, қоғамдық ұйымдар, полиция қызметкерлері бәріміз жауаптымыз. Солай екен, жасөспірім мәселесіне жеңіл-желпі қарауға болмайды. Олардың жүріп-тұруы, бос уақыттарын қалай пайдалануы, жүрген ортасы бәрі-бәрі бақылауда болуы тиіс. Жасөспірімдердің құқық бұзуына барынша жол бермеуіміз керек.

М.Әуезов атындағы жалпы орта мектепте орын алған келеңсіз жағдай барлық азаматтарға, мектеп директорларына ой салып қана қоймай, ондай жағдайдың алдын алуды, жан-жақты қарастырып, қауіпсіздік шараларын қолға алу қажеттігін ұғындырды.

Комиссия отырысында күн тәртібіндегі қаралған мәселелер бойынша тиісті шешім қабылдап, бірқатар басшыларға арнайы тапсырмалар жүктеп, оның орындалу мерзімін көрсетті.

Жорабек СҮЙЕУБЕКОВ.

 

Ең алдымен «фирмалық стиль дегеніміз недеген сұрақ жауап берсек, фирмалық стилькоммуникацияны сандарының біріТек ол сөзбен емес, көзбен көру және сезіну құралдары арқылы сезілуі тиіс
Фирмалық стильдің болуы әлемдік корпорациялар мен оқшау бизнестердің жұмысының ажырамас элементі болып табылады.
Осылайша, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі өзінің фирмалық стилімен БАҚ өкілдерін таныстырды.
Агенттіктің жаңа жаңа логотипі мен эмблемасы минимализм стилінде жұмыс істейтін «Storm» коммуникациялық агенттігі және «Dimasso» графикалық дизайнерімен әзірленген.
         Дамыған және бірқатар дамушы елдерде мемлекеттік органдар ойластырылған көрнекі коммуникацияны кең қолданады. Бәріңіз FBI бас киімдерін, NASA жейделерін және басқа киімдерді, мысалы Нью-Йорк полициясын жақсы білесіздер.
Қазақстанда қазіргі уақытта өзінің жеке коммуникациялық брендтері бар бірде бір мемлекеттік орган жоқ. Оның себептері әр түрлі болуы мүмкін: біреулер оны маңызды деп есептемейді, басқалары ол туралы мүлде ойламайды. 
          Елбасының және Президенттің мемлекет пен қоғам арасындағы байланысты реттеу маңыздылығын, осы қашықтықты қысқартуды атап өткені белгілі. 
         Бұл жерде әрине, ең бастысы жұмыстың мазмұны, оның сапасы екені сөзсіз. Дегенмен, байланыстың осы нысаны да өте маңызды. «McKinsey» консалтинг компаниясының зерттеулері көрсеткендей, сыртқы коммуникацияға тиісті көңіл бөлетін ұйымдар неғұрлым тиімді болады. Ол жеке секторға да, мемлекеттік секторға да қатысты.
Сондықтан Агенттік төрағасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің бірегей фирмалық стилін жасау идеясын қолдады.
БАҚ алдында жарияланған Агенттіктің логотипі заманауи талаптар ескеріліп әзірленген. Ол қарапайым, бірден танылатын, тез бейімделетін және әмбебап болуы тиіс.
        Логотиптің тиімділігі ол қаншалықты басқалардан ерекшеленеді, түрлі тасымалдағышта қаншалықты көрінеді, баспа және цифрлық форматқа қалай бейімделеді, міне соған байланысты. 
Жаңа логотипте 2 элемент қолданылған: «А» әрпі және найзаның ұшы. Екі символды өзара оларды байланыстырып, стильдеп, жаңа коммуникациялық логотип шығардық.
         Жүргізілген жұмыстар барысында нысандық киімде және Агенттіктің әкімшілік ғимаратының ішінде қолданылатын елтаңбаны өзгерту де қолға алынған. 
         Ал, қолданыстағы орган эмблемасы ашық түрде ескірді. Оған қоса, ол бұрын мемлекеттік қызмет мәселелерімен айналысқан агенттіктің міндеттерін бейнелейді. 
         Жаңа елтаңба бейнесі коммуникациялық логотипті және қалқан ішіндегі мемлекеттік тудағы қыранды үйлестіреді, ал төменде агенттіктің құндылықтары – әділдік, парасаттылық, сенім белгіленген.Яғни, елтаңба Агенттіктің осы құндылықтарды ұстанатынын көрсетеді. Сондай-ақ, Агенттік стиліндегі фирмалық түстер де айқындалған.        

Аспантүсіәділдікті, кемелденуге, жаңаруға, теңдестіккеұмтылудыбілдіреді.         

Ақтүспарасаттылықтыкөрсетеді, тазалықпен, адалдықпен, пәктікпенбайланысты.      

Көксенімді, қауіпсіздіктіжәнесенімділіктібейнелейді.
        
Бұл бастаманың негізгі мақсаты – Агенттік жұмысын сыртқы ортамен жүйелеу, бірыңғай стильді құру.

Қазақстан Республикасының

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл

Агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа

қарсы қызмет) баспасөз қызметі

 

Қазіргі жағдайда кез келген мемлекеттік орган қоғам тарапынан нақты және пәрменді қолдау арқылы ғана табысқа жете алады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тиімді іс-қимылды, атап айтқанда, халықтың белсенді қатысуымен ғана жүзеге асыруға болады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Call-орталығы азаматтарға тегін ақпараттық-консультациялық қолдау көрсетеді.

Операторлар агенттіктің қызметі туралы сұрақтарға жауап береді, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет пен оның қызметкерлерінің жұмысына шағымдар, ұсыныстар мен пікірлерді қабылдайды, жұмысқа түсу тәртібін түсіндіреді.

Орталық сыбайлас жемқорлық фактілері, оның ішінде жасалған немесе дайындалып жатқан құқық бұзушылықтар жөнінде, сондай-ақ, кәсіпкерлік қызметке кедергі келтіру жағдайлары туралы телефон хабарламаларына тәулік бойы ден қояды.

Егер, бұрын қылмыстық істер бақылау-қадағалау органдары тарапынан жедел әзірлемелер мен құжаттық тексеру материалдары негізінде қозғалса, бүгінгі таңда Агенттіктің, сондай-ақ бей-жай емес азаматтардың хабарламаларына да сүйеніп отыр.

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасады деген күдік туралы қоңырау түскен кезде оператор абонентті Агенттіктің кезекші офицерімен дереу қосады, ол хабарламаны тіркейді және жедел ден қою шараларын қабылдайды.

Осылайша, әрбір хабарлама уақтылы тексеріледі. Жеткілікті негіздер болған жағдайда сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталады.

Ал, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің 1424 call-орталығы бар

екенін тұрғындардың есіне сала кетейік.

Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа

қарсы іс-қимыл Агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа

қарсы қызмет) баспасөз қызметі.


Ұрлық түбі – қорлық

 

           Жуырда Қазығұрт аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғыны арызданған болатын. Ол арызында маусым айының 17 күні сағат 13:30 шамасында сөмкесінде тұрған әмиянының жоғалғанын айтқан болатын.

Аталған арыз бойынша полицейлер тез арада ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы «Ұрлық» бойынша тіркеуге алып, қылмыстық іс қозғалды. Оқиға болған жердегі нысанның аймағындағы бақылау камералары тексеріліп, жәбірленушіге күдіктінің фотосы көрсетіліп, нақты фотосы аудан, ауыл округтеріндегі барлық учаскелік полицейлерге жолданған болатын. Жедел іс-шараларды жүргізу барысында аудан орталығындағы сауда орталығында сауда жасап жүрген сезікті азаматша ұсталады. Күдікті бөлімшеге жеткізіліп, тексеру барысында оның жәбірленушінің сөмкесінен 30 мың теңге мен куәлікті жымқырғаны белгілі болады. Аталған сезікті сән салонының кіре берісіндегі орналасқан бейнекамераның жазбасына түсіп қалған. Бұл өз кезегінде полицейлердің күдіктіні қолға түсіруіне көмегін тигізді. 

– Полицияға хабарласпай жүрсем, жүре береді екенмін. Жалпы полиция қызметкерлеріне алғысымды айтамын, – деді жәбірленуші.

Аталған жайт бойынша тексеру амалдары жүргізіліп, күдіктінің кінәлі екендігі белгілі болады. Алайда, жәбірленушінің ақшасын толығымен қайтарып, кешірім сұрағаннан соң екі жақ татуласып, ҚР Қылмыстық кодексінің 68 бабының талаптарына сәйкес қылмыстық іс қысқартылды.

Өзімізге өзіміз сақ болсақ, осындай ұры-қарылар, бөтен пиғылы бар азаматтардың  арам ойын іске асырудың алдын алған болар ек.

П.ИМАНОВА,

Қазығұрт АІІБ ЖПҚ

әйелдерді зорлық-зомбылықтан

қорғау тобының инспекторы,

полиция капитаны.

                                                   Жемқорлық – жегі құрт

 

Бүгінгі таңда жемқорлық мәселесі тек Қазақстанда ғана емес, әлемнің басқа да елдері үшін аса өзекті мәселе болып табылады. Сыбайлас жемқорлық ұлттық шектеулерді білмейді. Ол барлық жерлерде таралған. Бүгінде «жемқорлық» түсінігі әлемнің барлық баспаларында, журналдар мен газеттердің беттерінде жиі айтылады.

Ең алдымен «жемқорлық» сөзінің мағынасына тоқтала кетейік. БҰҰ-ның халықаралық сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы анықтамалық құжатында былай делінген: «Сыбайлас жемқорлық – бұл жеке мақсаттарында пайда көру үшін мемлекеттік билікті пайдалану». 

 Еуропа Кеңесінің сыбайлас жемқорлық бойынша тәртіпаралық тобының жұмыс анықтамасында былай делінген: «Сыбайлас жемқорлық – мемлекеттік немесе жеке секторлардағы белгілі бір міндеттерді орындау міндеттелген тұлғалардың,  жеке қызметкер, тәуелсіз агент, мемлекеттік лауазымдық тұлғаның, жүктелген міндеттемелерді бұза отырып, жеке басы үшін және өзгелері үшін заңсыз пайда көру мақсатында пара алуы немесе басқа да іс-әрекеттері».

БҰҰ секретариаты әр түрлі елдер тәжірибесі негізінде дайындаған Басшылық құралда сыбайлас жемқорлық сөзіне былайша түсініктеме береді: 1)ұрлық, лауазымды тұлғалардың мемлекет меншігін иеленуі және ұрлауы; 2) жеке пайдасы үшін ресми мәртебесін биресми қолдана отырып, қызметтік жағдайын пайдалануы; 3) жеке бас пайдасы мен қоғамдық парызы мүдделері арасындағы қақтығыс.

Сыбайлас жемқорлықпен күресуде және алдын алуда Қазақстан әлемдік тәжірибелерді кеңінен зерттеп, керегін қолданысқа енгізіп келеді. «Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік жағдайын қалыптастыру» жобасы да сәтті жүзеге асырылуда.

Менің бұл мақалада негізгі айтқым келгені – Арнайы Мониторингтік Топ туралы. Әлеуметтік желілерде де, бұқаралық ақпарат құралдарында да, алқалы жиындарда да осы топ қоғамда сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік жағдайын қалыптастыруда үлкен ықпал етуде. Қарапайым тілмен айтқанда, арнайы мониторингтік топ дегеніміз  Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі жанындағы мүдделі мемлекеттік органдардың, қоғамдық ұйымдардың және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерінен құралған тұрақты жұмыс істейтін консультативті-кеңесші орган болып табылады.

Қазығұрт ауданында да арнайы мониторингтік топ мүшелері өте белсенді жұмыс істеді. Мемлекеттік мекемелерде жұмыс кестесінің талапқа сай болуын бақылап, біраз тәртіптер орнатты. Ұжымдармен мерекелер қарсаңында кездесулер өткізіп, мекемелермен заңсыз сыйақы алмау жөнінде келісімдер жасасты. Арнайы мониторингтік топ мүшелері қызметке тұру конкурстарына да бақылаушы ретінде қатысып, конкурстардың заңға сай өтуін қамтамасыз етуде. Біз мұны жағымды жаңалық ретінде естіп жатырмыз. Балалардың жазғы демалыс лагерлеріне ақша жинау мәселесін де дер кезінде орынды көтеріп, аудан әкімдігі тарапынан қолдау тапты. Халыққа қызмет көрсету орталығында да қызметкерлермен, қызметке жүгінген қарапайым азаматтармен де бірнеше рет ашық әңгімелесіп, ғимаратқа сыбайлас жемқорлыққа қарсы және алдын алу жадынамаларын ілді. Мұндай жадынамалар, сондай-ақ, барлық білім ошақтарында кіре беріс жерге орнатылған.

Жалпы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте және оның алдын алуда қоғам белсенділік танытуда. Қазір жұрт жемқорлықтың экономиканы қалай күйрететінін, әлеуметтік жағдайды жақсартуға кесірін тигізетінін, жасалынуға тиісті кез келген нәрсенің сапасыздыққа ұрындыратынын, мұның соңы қып-қызыл экономикалық шығынға батыратынын түсініп қалды. Алайда, әлі де пара алушылар мен берушілерді, жемқорларды толықтай әшкерелей алмай отыр. Алдымен әр адам өзінен бастау керек. Мәселені ақша беріп шешуге ұмтылмау керек. Құқығыңызды дұрыс пайдалансаңыз, мәселені шешуге болады. Мүмкін біраз қиындықтардан өтерсіз. Есесіне сіздің тазалығыңыз бен табандылығыңыз – өзгеге жақсы үлгі. Мейлі, мәселе шешілмегеннің күннің өзінде де сіздің ұстанымыңыз тамаша өнеге боп қалады. Жемқорлыққа қарсы әр нәрсені осылай өзімізден бастап отырсақ, жемқорлықсыз қоғам құруға атсалысқанымыз болар еді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, бұл тиісті құқық қорғау органдарының ғана міндеті емес, баршамыздың жемқорлыққа төзбес күресіміз, іс-қимылымыз болуы тиіс.

                                     Нұргүл ЖҰМАШОВА,

аудандық жұмыспен қамту

                   және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің

                   сектор меңгерушісі.

                          

                                                                                                                 

 

Жемқорлық – мемлекеттің, қоғамның дамуына тежеу болатын, болашағына кесірін тигізетін індет. Сыбайлас жемқорлықпен күресу – бүгінгі күннің күрделі мәселесі болып отыр. Оған, осы бастан тоқтау қоймаса мемлекетте тұрақты өсіп-өркендеу болмайды. Жемқорлықпен түбегейлі күресу үшін халықтың құқықтық сауатсыздығын жоятын, құқықты түсіндіру жұмысының сапасын арттырудың маңызы зор. Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатының негізгі басымдықтарының бірі осы зұлымдықпен күресу болып табылады. Біздің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа орын жоқ. Қоғамның барлық күш-жігерін біріктіріп, осы дерт одан әрі таралмауы үшін оған бөгет болудың барлық амалдарын қолдану арқылы ғана бұл құбылысқа тиімді түрде түбегейлі қарсы тұруға болады.

Сыбайлас жемқорлықпен күресу барлық Қазақстан Республикасы азаматтарының азаматтық борышы және адамгершілік міндеті деп білу керек. Біз қазір жаңаша өмір сүріп жатырмыз. Жаңа қоғамның сипаты іскерлік болса, бұл жолда жетістіктеріміз де баршылық. Ал, шешімі күрделі әлеуметтік мәселелер де бар. Қоғам өмірінде түбегейлі шешімі табылмай тұрған нәрсе ол – сыбайлас жемқорлық. Елімізде осыған байланысты арнайы қабылданған Заңдар да, атқарылып жатқан түрлі жұмыстар да баршылық, дегенмен, әлі толық шешімін таппағаны рас. Ендеше, жас буынға жемқорлықтың теріс салдары туралы ақпаратты дұрыс жеткізу олардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетінің қалыптасуына, өз құқықтары мен міндеттерін терең ұғынып жете түсінуіне және орындауына көмектесудің алғы шарттарының бірі болып саналады. Атап айтқанда, ол үшін ең алдымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана керек. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана қалыптасқан жағдайда ғана адам адамгершілікке жат-қылықтардан бойын аулақ ұстай бастайды, заңға қайшы келетін әрекеттерді жасауға жол бермейді. Қарапайым тілмен айтсақ, сыбайлас-жемқорлық – бұл қызмет дәрежесін жеке мақсатта пайдалану. Осы келеңсіз құбылыстың үдеп бара жатқаны жас ұрпақ тәрбиесіне зиян болатындығы бәрімізді алаңдатады. Сыбайлас жемқорлық ел болашағына, ұлттық қауіпсіздікке үлкен кесірін тигізеді. Яғни, осы келеңсіз құбылыспен күресу барша халықтың алдында тұрған ортақ мәселе екендігі айқын.

Еліміздің өркениетін дамытқысы келетін, өз ортасын құрметтейтін әрбір азамат мемлекеттің ішіндегі тәртіпті белгілі бір жүйеге келтіруге, ел ішіндегі қауіпсіздікті қамтамасыз етуге мүдделі және оның алдындағы басты парызы. Қоғаммен бірге өркендеп, етек жайып, етене сіңісіп келе жатқан бұл кеселдің тереңнен құлаш жаймауына өз үлесімізді қосу және оған тосқауыл болу – біздің басты міндетіміз.

Г.НАУМАНОВА,

аудандық мәдениет сарайының заңгері.

 

         Тәуелсіз еліміздің экономикасының дамуына кедергі келтіретін, қоғам дертіне айналған мәселелердің бірі – сыбайлас жемқорлық. Басқа дамушы елдер сияқты, біздің жас мемлекетімізді де жегі құрттай бұл кесел айналып өткен жоқ. Жемқорлықтың экономикаға тигізетін әсерінен көлеңкелі экономика ұлғаяды. Бұл өз кезегінде салық төлемдерінің төмендеуіне және бюджеттің әлсіреуіне әкеледі.                                                                                                                  

         Республика Президенті Қ.Тоқаев өз қызметіне ресми кірісу рәсіміндегі сөйлеген сөзінде «Жемқорлық – мемлекеттің дамуын тежейтін кесел. Бұл қоғамдағы өзара сенімге, жалпы мемлекетіміздің қауіпсіздігіне қатер төндіретін құбылыс», – деп сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүйелі жұмыс тоқтамайтынын атап өтті. Қазіргі таңда қоғамымызға қауіп төндіріп, орасан кесел келтіретін осынау келеңсіз әлеуметтік құбылысқа қарсы шаралар қатаң қолға алынып жатыр. Мемлекеттік міндеттерді атқаратын, сондай-ақ, соларға теңестірілген адамдардың лауазымдық өкілеттігін және соған байланысты мүмкіндіктерін пайдалана отырып, не мүліктік пайда алу үшін олардың өкілеттіктерін өзгеше пайдалану, жеке өзі немесе делдардан арқылы заңда көзделмеген мүліктік игіліктер мен артықшылықтарды заңсыз беру арқылы оларды сатып алу сыбайлас жемқорлық болып есептелінеді.

         Халық арасында жегі құрт, індет аталып кеткен осы дертті жою толықтай жүзеге аспағанымен, оны ауыздықтаудың, тежеудің сәті кейде түсіп, кейде шарасыздықтың бөлең алатыны да рас. Қоғамдағы осы мәселемен бірлесе күрессек, сыбайлас жемқорлыққа қатысты қылмыстардың саны азайып, экономикамыздың бұдан да әрі көркейе берері сөзсіз.

М.ТҰРАПБАЕВ,

                                                                                      аудандық экономика және қаржы  бөлімінің жетекші маманы.