ОБЛЫСТЫҚ ЖАРЫС ӨТТІ

Жұма, 14 Қазан 2022 00:00 Жарияланды Спорт Оқылды 303 рет

78a2abb1-b569-4b6d-90bf-e0127072451a

Жуырда Қазығұрт елдімекеніндегі орталық футбол алаңында «2022-жыл – Балалар жылы және ТМД халық шығармашылығы мен мәдени мұра жылына» арналған футболдан 2009-2010 жылы туылған жасөспірімдер арасында Қазығұрт аудандық №4 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің ұйымдастыруымен облыстық жарыс өтті.
Жарысқа Түркістан облысының спорт мектептерінің командалары қатысты. Ойындар айналым тәсілімен екі топта өтті.
Ойындардың нәтижесінде бірінші орынды «Қазығұрт», екінші орынды «Облыстық мамандандырылған футбол мектебі», үшінші орынды «Сарыағаш» командасы иеленді. Жеңімпаздарға №4 БЖСМ тарапынан дайындалған кубоктар, медальдар, дипломдар және сыйлықтар табыс етілді.
Жарыста ерекше көзге түскен Төлебек Азамат «үздік қақпашы» (Сарыағаш), Мамыт Сүндет «үздік шабуылшы» (Облыстық мамандандырылған футбол мектебі), Бахтяр Ернұр «үздік қорғаушы» (Қазығұрт), Ержанұлы Сұлтанмахмуд «үздік ойыншы» (Қазығұрт), Ағабек Аян «үздік жартылай қорғаушы» (Арыс) атанып, арнайы сыйлықтармен және дипломдармен марапатталды.
Сонымен қатар, турнирде жақсы ойын көрсеткендері үшін «Арыс» командасы, Сәрсенбай Саят (Қазығұрт), Қуватбеков Бехруз (Облыстық мамандандырылған футбол мектебі), Сабыр Азамат (Арыс) дипломдармен марапатталды.

Абылай ӨТЕГЕН,
аудандық №4 БЖСМ әдіскері.