Жолдауға қолдау

                                   

0212

20170710220408

   2020-жылға дейін орталықтандырылған ауыз сумен қала тұрғындары – 97, ауылдық елдімекендер – 62 пайызға қамтылуы керек. Сонда «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі» бағдарламасында елдімекендерді орталықтандырылған ауыз су және су бұру жүйелерімен қамтудың нақты көрсеткіштерін толығымен орындаған боламыз. Бұл туралы Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Ж.Түймебаев селекторлық жиында мәлімдеді.    Аймақ басшысы жалпы өңірде орталықтандырылған ауыз су жүйесіне қосылмаған 200-ден астам ауыл бар екенін айта келе, жиында баяндама жасаған облыстық энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы М.Марайымға бірқатар тапсырмалар жүктеді.

       Бүгінде облыс халқының 12 пайызы, яғни шамамен 200 мыңға тарта

тұрғыны орталықтандырылған ауыз су жүйесіне қосылмаған. Осы бағыттағы жұмыстарды жүйелендіруіміз керек. Бағдарлама талаптарына сәйкес, елді мекендерде құрылыс жұмыстарын жүргізу үшін, бірінші кезекте жер асты су қорларына геологиялық іздеу-барлау жұмыстарын жүргізу қажет. Осы жұмыстардың қорытындысы негізінде құрылыс жұмыстарын жүргізу үшін жобалау-сметалық құжаттарын әзірлеу керек, – деді Жансейіт Қансейітұлы.

     Басқарма басшысы осы бағытта, 2016-2018 жылдары халық санының басымдығына қарай 117 елдімекеннің жобалау-сметалық құжаттары әзірленгенін жеткізді. Облыстың даму жоспарына сәйкес, алдағы 3 жылда 84 елдімекенді орталықтандырылған ауыз сумен қамту жоспарланып отыр. 2018-жылы ауыз су саласына 11,0 млрд.теңге бөлініп, 76 нысанның құрылысы іске асырылуда. Оның ішінде, 20 нысан ағымдағы жылы пайдалануға берілсе, 56 нысанның құрылысы 2019-жылға өтпелі. Сонымен қатар, басқарма басшысы жыл соңына дейін 13 елдімекен ауыз жүйелерімен қамтылса, 2 елдімекеннің тозығы жеткен су құбырлары қайта жаңартылып, 2 мөлтек ауданда және 4 суағарлар құрылысы аяқталатынын айтты.

     Жиынды қорытындылаған облыс әкімі басқарма басшысына өзге аймақтармен салыстырғанда халқты ауыз сумен қамту деңгейі қандай екенін анықтауды және аталған салаға автоматтандыру жүйесін енгізуді тапсырды.

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.

Қазығұрт ауданы таулы өңір болғандықтан таңқурай өсіруге өте қолайлы. Сондықтан алдағы жылдары мұнда таңқурай егістік көлемін ұлғайту қажет. Ең бас-тысы – білікті бағбандардың тәжірибесін жұртпен бөлісіп, таңқурай өсіремін деушілердің басын біріктірген жөн. Бұл туралы Қазығұрт ауданына жасаған жұмыс сапары барысында «Нұр-айдар» шаруа қожалығының жұмысымен танысқан Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев мәлім етті.

262eeff7-4a79-458c-8a5f-d5c0e0fb91ad

Қазығұрт ауылында 2014-шы жылдың сәуірінде ашылған Азиялық Несие Қорына (АНҚ) бүгінде 3 жыл толып отыр. Біз осы қысқа мерзімнің ішінде айтарлықтай үлкен жетістіктерге қол жеткізіп отырмыз, қазіргі таңда Қазығұрт ауданында 2 624 тұтынушыға 498 млн. теңгені құрайтын несие беріліп отыр.

«Майкене» май зауыты ашылды

Жұма, 17 Наурыз 2017 09:30

Қазақстанда бұрын-соңды болмаған өнеркәсіп

Біз өз кәсіпорнымыздың жаңа тармағы ретінде Қазығұртта «Майкене» май зауытын ашатынымыз жайлы өткен жылы осы басылымда мақала жариялатып, аудан тұрғындарын құлағдар еткенбіз. Бұл жобамыз іске асып, май зауытын салдық, бүгінде өнім өндіруді бастап та жібердік.

Қазығұрт ауданының Шарапхана ауыл округіне қарасты Майлыошақ елдімекенінен 40 гектар жер телімінде Индустриалдық аймақ құрылған.

Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша (Жергілікті атқарушы орган және «Даму» қорының қаражатының есебінен) шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін қаржыландырудың аймақтық бағдарламасы жалғасуда. Бағдарлама шарттарына сәйкес, кәсіпкер өз бизнесін жүзеге асыру үшін жылдағы 8,5%-бен 200,0 млн. теңгеге дейін несие ала алады. Жаңа негізгі құралдарды сатып алуға және жаңғыртуға несиелендіру мерзімі 84 айға дейін.

Қазығұрт аудандық мәдениет сарайында «Ontustik» кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының басшылары шағын және орта бизнес өкілдері алдында олар үшін жасалынып жатқан тиімді бастамаларды таныстырып өтті. Соның бірі – отандық тауар өндірушілерге арналған тегін жарнама алаңы.

 

Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова Қазақстандағы зейнетақы мен балалар жәрдемақысын 20%-ға көбейту туралы баяндады, – деп хабарлайды «Sputnik Қазақстан».
2017-жылы баланың туылуына байланысты төленетін жәрдемақы мен зейнетақы 20%-ға өсіріледі.

Снимок

100 нақты қадам

Сәрсенбі, 14 Желтоқсан 2016 09:51

Мемлекеттік қызметке қабылдау ресімдері жаңғыртылды
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «100 нақты қадам» Ұлт жоспарына сәйкес қабылданған мемлекеттік қызмет туралы Жаңа Заңның талаптарына орай, барлық мемлекеттік қызметке кіруге ниет білдірушілер мемлекеттік қызметті төменгі лауазымнан бастайды. Ондағы басты қағидат - мемлекеттік қызметті ең төменнен бастай отырып, оның әрбір сатысындағы қызмет жүйесін меңгере отырып, кәсіби шеберліктің шыңына жету. Яғни, билік тізгінін қолына алған әрбір басшы лауазым иесі осы талаптарға сай болуы міндетті және тиісті тәжірибесі болмаған адамдардың басшы лауазымдарға тағайындалуына мүмкіндік жоқ.

100   адам