Облыстық мәдениет басқармасының ұйымдастыруымен «2022-жыл – Балалар жылы» аясында өткен балаларға арналған «Балдаурен – 2022» облыстық байқауына Қазығұрт ауданынан қатысқан Есімхан Жәңгірхан жүлделі ІІІ орынды иемденіп, мерейі үстем болды.
Сондай-ақ, облыстық мәдениет және халық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен облыстық «Бал таңдай» балалар өнер фестивалі аясында өткізілген «Кел, билейік!» атты бишілер байқауында үздік өнер көрсеткені үшін Қазығұрт ауданынан қатысқан «Балауса» би ансамблінің мың бұралған бишілері бас жүлдені, ал «Наз» би ансамблі ІІІ орынды иемденді.
Ауданның намысын қорғаған жеңімпаздарға шығармашылық табыс тілейміз, өнерлері өрге жүзіп, биік белестерді бағындыра берсін демекшіміз!
Раушан БАЙҚАНҚЫЗЫ,
аудандық мәдениет сарайының әдіскері.