КЕЗЕКТЕН ТЫС ПРЕЗИДЕНТ САЙЛАУЫ: ЕЛІМІЗДІҢ САЯСИ ЖҮЙЕСІН ТРАНСФОРМАЦИЯЛАУ ЖОЛЫНДАҒЫ КЕЗЕКТІ ҚАДАМ

Жұма, 04 Қараша 2022 00:00 Жарияланды Қоғам Оқылды 285 рет

369 АШИРОВ

Күздің алғашқы күніндегі басты жаңалық кезектен тыс Президент сайлауы өтеді, бұл жолы бір рет сайланған президент тек 7 жыл басқарады. Конституцияға енгізілетін ең маңызды өзгерістің бірі – сайлау туралы заңның өзгеруі. Біз қазір бір реттік, жеті жылдық Президент сайлауына өтіп жатырмыз. Бұл демократиялық қадамның бірі деп есептеймін. Себебі, қанша мықты болса да билікте бір басшының ұзақ жылдар бойы отыруы дамуды тежейді.
Қазіргі таңда геосаяси жағдай тұрақсыз. Көршілес мемлекеттер арасындағы қақ­тығыстарға қарап, еліміздегі ең маңызды мәселе – Бейбітшілікті сақтау деп анық айта аламыз. Оны сақтау үшін саяси тұрақтылық керек. Осы жағынан алғанда, жеті жылдық, бір реттік Президент сайлауы елдегі бастамалар мен реформаларды тиянақты жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасы Президенттігіне үміткерлер арасынан талапқа сәйкес 6 үміткерді тіркеді. Қазіргі таңда үміткерлердің сенімді өкілдері үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Жаңа Қазақстан – жаңару мен жаңғыру жолы, бүгінгі буынның болашақ ұрпаққа аманаты. Қазақстанның тұрақты дамуын ары қарай қамтамасыз ету үшін, белсенді азаматтық позиция ұстанып, сайлауға қатысуға, ең лайықты кандидатқа дауыс беруге шақырамын.

Нұржан АШИРОВ,
Түркістан облыстық
мәслихатының депутаты.