СПОРТШЫЛАР – ЕЛІМІЗДІҢ МАҚТАНЫШЫ

Жұма, 16 Қырқүйек 2022 00:00 Жарияланды Спорт Оқылды 74 рет

644bc430-0e0a-4755-9cdf-e9ed611f30a3

Спорт – қоғамдағы жалпы мәдениеттің бір бөлігі. Жастардың жан-жақты дамуын спортсыз елестету мүмкін емес. Бір сөзбен айтқанда, спорт – барлық тәрбие атаулының бір саласы. Оның түпқазығы – қозғалыс, ал қозғалыссыз тіршілік жоқ. Спорт сөзінің мағынасы өте кең. Бірінші байлық – денсаулық, ал сол денсаулықтың кепілі – спорт.
Елімізде осы қағиданы ту еткен спортшыларымызды мақтанышпен айта аламыз. Облыс тарапынан қаржылай қолдау көрсетіліп, Үшбұлақ елдімекеніне қарасты Қ.Өмірәлиев атындағы жалпы орта білім беретін мектебінде, мектеп директоры О.Салыбаевтың басшылығымен «Үшбұлақ бокс» клубы ашылып, бірқатар елеулі жетістіктерді көрсетіп отыр.
«Үшбұлақ бокс» клубы Түркістан облысы Олимпиада резервінің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебімен тікелей жұмыс жүргізіліп отыр. Бұл «Үшбұлақ бокс» клубы үйірмесі осыдан екі жыл бұрын, нақтырақ 2020-жылдың қыркүйек айынан бірінен бастап жүргізіліп келеді. Үйірмені түгелдей атаулы мектептің түлегі,бокстан Қазақстан Республикасының спорт шеберлігіне үміткері /КМС/ көптеген халықаралық турнирлердің жүлдегері, дене шынықтыру және спорт факультетінің түлегі Амангелді Нұрболат Нұржігітұлы жүргізіп отыр. Үйірме екі ауысым бойынша жұмыс жасалуда.Әр аусымда он бестен жоғары балалар мен қыздар қатысып қызу дайындық жасайды.
Біз бүгін еліміздің даңқын көкке өрлетіп жүрген спортшыларымызды даралап көрсетіп, дәріптеуді жөн көрдік.
2022 жылдың 27-31 тамыз күндері бокстан "Конституция күніне" орай және "Спорт – нашақорлыққа қарсы" атты ұранмен кіші жасөспірімдер арасында Қазығұрт аудандық № 2 БЖСМ-нің ашық біріншілігі болып өтті.

10845521-2040-4c73-8997-335d5d27065f
Аталған турнирге ауылымыздың "Үшбұлақ" мектебінің 16 боксшы жігіттері мен қыздары қатысып 11 медальға ие болды.
Түркістан қаласы, Бекзат Саттарханов спорт кешенінде ҚР-ның Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай бокстан 2004-2012 жылдар аралығына дейінгі жастар мен жасөспірімдер арасындағы республикалық ашық турнирде Үшбұлақ ауылының мектеп оқушылары жүлделі орын алды. Жарысқа қатысқан 8 жігіттің 6 боксшысы жүлделі орынға ілікті.
Бектұрсын Иманәлі мен Тұрсынбай Нұрдәулет ІІ орын, Жаппар Дарын, Алпысбай Диас, Төлебай Ерсұлтан, Мұғал Жанболат ІІІ орын иегері атанды.
ҚР-ның «Тәуелсіздігінің 30 жылдығына» арналған бокстан 2008-2009, 2010-2011, 2012-2013 жылы туылған жасөспірімдер арасында Түркістан қаласының «Тарлан батырлары» республикалық ашық біріншілігінде Үшбұлақ ауылының батырлары жүлделі орынға ие болды. Жарысқа 350 қатысушы қатысып, топты жарған 10 батырымыздың 5-і жүлделі орындарға ие болды. Олар: Абдрахим Мұхтар, Абилхасим Мұстафа, Жаппар Дарын, Тұрсын Бақдәулет, Амангелдиев Биболат ІІІ орын иегері атанды.
24-28 қпан күндері Тараз қаласында бокстан «Лондон-2012» олимпиада қатысушысы, әлем және Азия чемпионатының қола жүлдегері, ҚР Халықаралық дәрежедегі спорт шебері Ғани Жайлауовтың жүлдесіне арналған бокстан жасөспірімдер арасында республикалық ашық біріншілігінде Үшбұлақ боксшылары да өнер көрсетті. Алпысбай Диас 32 кг – І орын, ІІ орынды – Жаппар Дарын 28 кг салмақта, Ергеш Бекнұр 42 кг салмақта иемденсе, ІІІ орынды – Бектұрсын Иманәлі 28 кг салмақта, Тұрсын Бақдәулет 32кг салмақта,Тұрсынбай Нұрдәулет 30кг салмақта ие болды.
Бұл ашық біріншілікке Қазақстанның барша қалалары мен аудандарынан келген жалпы саны 847 боксшы жігіттер қатысты. 7-10 мамыр аралығында Қарағанды қаласында болып өткен Республикалық турнирде «Үшбұлақ бокс» мектебінің 19 батыр жігіттері мен 2 қайсар қыздары өнер көрсетті. Осы турнирде І орынды – Ербосын Ерасыл, Атбайлар Мейрамбек, Бектұрсын Иманәлі, Жаппар Дарын, Алпысбай Диас, Тұрсын Бақдәулет үздік техника кубогы, Байдулла Ердәулет, Амангелдиев Биболат, Ергеш Бекнұр, Тоқбай Жанболат, Бақыт Айсана иемденсе, ал ІІ орынды – Жәнібек Нұркелді, Абдрахим Мұхтар, Асқар Сұңқар, Қаржанбай Досымжан қанағат етті. Ал, ІІІ орынды Төлебай Сымбат, Тоқтабай Бақкелді, Төрехан Шыңғыс, Пердабек Дәулетбек, Бердіқұл Әлинұр, Байдулла Ербақыт қанжығасына байлады. Осынау командалық есепте бірінші орын алдық.
Бокстан 2006-2007 жылы туылған жасөспірімдер арасында Қызылорда облысы, Шиелі ауданының «Құрметті азаматы» Әбдіманап Шорабаевты еске алуға арналған республикалық турнирдің жеңімпазы Байдулла Ербақыт атанды.
Бірінші күні Хромтау ауданының жігітін уақытынан бұрын жеңді. Екінші күні де Тасбөгет ауданының жігітін уақытынан бұрын жеңді. Үшінші күні ақтық сайыста яғни финалда жерлес Шиелі 10 спорт мектебінің спортшысын уақытынан бұрын жеңіп турнирдің чемпионы атанды.
Амангелдиев Биболат Бижігітұлы Түркістан облысы біріншілігінде І орын иегері атанды. Қазақстан чемпионатына жолдама алды. Амангелді Нұрболат Нұржігітұлы «Үздік бапкер» атанды.
Жастарды «Діни экстремизм мен нашақорлыққа қарсы» атты ұранымен бокстан 2009-2010, 2011-2012 жылы туылған жасөспірімдер арасындағы Арыс қаласының біріншілігінде «Үшбұлақ бокс» мектебінің жігіттері жүлделі І орынды Жаппар Дарын 28 кг, Тұрсынбай Нұрдәулет 30кг, Алпысбай Диас 32кг, Тұрсын Бақдәулет 32 кг салмақта алса, ал ІІ орынды – Бектұрсын Иманәлі 28кг, ІІІ орынды Абдрахим Мұхтар 26 кг, Атбайлар Мейрамбек 30кг, Төлебай Ерсұлтан 30кг, Перне Нұрдәулет 28кг салмақта алды.
Аталмыш жарыста Жаппар Дарын, Алпысбай Диас,Тұрсынбай Нұрдәулет, Бақыт Айсана чемпион атанса, Абдрахим Мұхтар күміс медальға, Бектұрсын Иманәлі, Ербосын Ерасыл, Жеңіс Елнұр, Ержан Нұрбақыт,Асқар Сұңқар, Пердабек Дәулетбек қола медальға ие болды.
Елім дейтін ер болмаса, ерім дейтін ел қайдан болсын –демекші ең бірінші үздік бапкер атанған, жас спортшыларды шыңдай білген, Амангелді Нұрболат Нұржігітұлының еңбегін атап өтпей болмас.
Ал, бауырларының жетістігіне қуана білген, Арыс, Қарағанды қаласында өткен жарыстарда ерекше ықыласпен жатын орынды орналастырып, барыс-келіс жол шығындарына үлкен көмек білдіргені үшін, тектілік танытқан Үсіпбаев Ерғазы Тұрсынұлы және Әсілхан Дәурен Уәлиханұлының, Абдулла Нұрислам Тұрарұлының қамқорлығы, атымтай жомарттығы көпке үлгі.
Бұл үйірме әр спортшының ата-аналарымен де тығыз байланысты. Біз бүгінде, ең негізгі жетістіктер көбірек болған салалар туралы әңгімеледік. Алдағы уақытта бокспен бірге өзге спорт түрлерінен де жетістіктер мол болады деп ойлаймыз. Оған еліміздің жылдан-жылға артып келе жатқан спорттық әлеуеті көзімізді жеткізсе керек.

Руслан АЛДАБЕРГЕН,
Қарабау ауыл округі
әкімі аппаратының іс-басқарушысы.