ҚЫЛМЫСТЫҚ ПРОЦЕСС ҮШ БУЫНДЫ МОДЕЛЬДЕ ЖҰМЫС ІСТЕУДЕ

Жұма, 24 Маусым 2022 00:00 Жарияланды Заң Оқылды 220 рет

Мемлекет басшысының 2020-жылғы «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» жолдауында қылмыстық процесті 3 буынды модельде жүргізу мәселесі қаралып, азаматтардың құқығын заманауи тұрғыдан қорғауды қамтамасыз ететін үлгі керектігі көрсетілген болатын.
Нәтижесінде прокурорлар қылмыстық істерді қарау мерзімін жеделдетті. Үш буынды модельдің мүмкіндігі аясында қағазбастылықтан арылып, апталап жататын істердің зерделенуі жылдам қаралуда. Бұған дейінгі модель жаһандық қылмыстық іс бойынша азаматтарға қатысты қабылданған шешімнің заңдылығы істің прокуратураға жолданғанынан кейін ғана тексерілетін. Өз кезегінде құқықтары бұзылған азаматтар айлап қылмыстық қудалаудың жетегінде жүрді.
Ал үш буынды модельдің енгізілуі осындай мәселені жоюда. Себебі, азаматтардың құқықтарына әсер ететін негізгі шешімдерді прокурор келіспей (не бекітпей) олардың заңды күші болмайды. Бұл норма қолданыстағы Қылмыстық-процестік Кодекске де енді. Қазір прокурор қылмыстық процесте азаматтардың болашақ тағдырына жауапты. Олардың құқықтарын қорғап, әділеттік пен заңдылықты қамтамасыз етеді. Осы ретте бізге сенім артқан азаматтарымыздың алдындағы үлкен жауапкершілікті нақты сезініп отырмыз.
Айта кетейік, бұл прокуратура, полиция және сот арасындағы өкілеттіліктерді бір ізділікке түсіруге жасалған оңды қадам. Өз кезегінде прокурорлар да істі сотқа жолдаған сәтте емес, істің тіркелгенінен бастап, адамның құқықтарының бұзылуына жол бермеуіне тосқауыл қояды.
Яғни, полиция қылмысты анықтап, оған қатысы бар адамды тауып, айғақ жинауы тиіс. Бұл ретте прокурор жиналған дəлелдемелерге тəуелсіз баға беру арқылы, кінəсіз адамдардың қылмыстық қудалауына жол бермей, сотта таққан айыбын қолдау және сот осы органдардың әрекетіне қатысты шағымды қарап, іс бойынша түпкілікті шешім қабылдайды.
Қылмыс орын алған жағдайда қылмыстық құқық бұзушылықтардың жолын кесу, оларды бейтараптықпен, тез және толық ашу, тергеп-тексеру, оларды жасаған адамдарды әшкерелеу және қылмыстық жауаптылыққа тарту жөніндегі қылмыстық процестің міндеттері болып табылады.
Аудан тұрғындарына аудан аумағында қандай-да бір заңбұзушылықтар, қылмыстық қудалау органдары тарапынан заңсыз іс-әрекеттер (қылмыс фактісін уақытылы тіркемеу, қысымшылық және т.б.) орын алған жағдайда аудан прокуратурасының кезекші прокурорына хабарласу мүмкіндіктеріңіз бар екенін хабарлаймыз.
Байланыс нөмірі: 2-11-40, 2-11-73

Қазығұрт ауданы прокуратурасы.