КӘСІПКЕРЛІК САЛАСЫ ҚАРҚЫНДЫ ДАМУДА

Жұма, 23 Қырқүйек 2022 00:00 Жарияланды Экономика Оқылды 259 рет

34

Ауданда ­жалпы 15 өнеркәсіп кәсіпорын­дарының өнім көлемі ағымдағы жылдың 8 айында 8720,8 млн. теңгеге жетіп, алдыңғы жылмен салыстырғанда 611,0 млн. теңгеге артты. Нақты көлем индексі 105,5%-ға орындалып отыр.
Жыл қорытындысымен өнім көлемін 13231,4 млн. теңгеге жеткізу жоспарлап отырмыз. Көптеген кәсіпорындардың өндіріс қарқынының өсуі, жаңа қуаттардың енгізілуі және технологиялық процесті модернизациялау өнеркәсіптік сектордың орнықты дамуына ықпал етеді. Ол үшін ауданымыздағы өндіріс орындарын көбейту үшін «Қазығұрт» индустриялдық аймағына инвесторлар тартып жаңа жұмыс орындарын ашуымыз қажет. Ауданның инвестициялық ахуалын жақсарту мақсатында «Қазығұрт» индустриялдық аймағы (35 га) құрылып, кәсіпкерлерге мүмкіншілік жасалды. Яғни, индустриялдық аймақтағы инфрақұрылым жүйелерінің қуатын ұлғайту арқылы қосымша жаңа кәсіпорындар ашу жоспарланған болатын.
Қазіргі таңда, 10,86 гектар жер телімінде 7,3 млрд. теңгелік 193 жұмыс орнын құрайтын 5 жоба орналастырылған (1.«Асыл бастау.kz» ЖШС-ның «AQUA THE BEST» атауымен 0,5, 1,0, 5 және 19 литрлік ыдыспен ауыз су өндірісі, 2.«CG Foods Central Asia» ЖШС-ның «Тез әзірленетін тағамдар» өндірісі, 3.«Көрік ШҚ» ЖШС-ның «Алкогольсіз табиғи шырынды сусындар шығару» өндірісі, 4.«Отырабат-Құрылыс» ЖШС-ның «Газабетон блогы» өндірісі, 5.«ЮКГУ» ЖШС-ның «Газабетон блогы» өндірісі).
Сонымен қатар, Қақпақ ауылы округіне қарасты Заңғар елдімекенінде орналасқан «Ынтымақ» СТК-нің жалпы құны 700 млн. теңгелік 1,3 МВт/сағ. кіші су электр станция жобасы іске қосылу жоспарлануда. Бүгінгі таңға жер учаскелері тегістеліп, ғимараттың құрылысы аяқталуда. Сонымен қатар Чехия мемлекетінен қондырғылар жеткізіліп, кәсіпорынды 2022-жылдың IV тоқсанында іске қосу көзделуде.
Негізгі капиталға бағытталған инвестиция көлемі 8 айда 16794,6 млн. теңгеге жетіп, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2 352,6 млн. теңгеге артты. (2021 ж. 8 ай 14442,0 млн.тг)

00 CG Foods Central Asia жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
Ауданымыздағы шағын және орта бизнес саласы қарқынды дамуда. Бүгінгі таңға тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері саны 11 033 бірлікті құрап, одан жұмыс істеп тұрған субъектілер саны 10 884 бірлікке жетіп, жұмыс істеп тұрған субъектілерінің үлесі 98,6% құрады. Бұл жақсы көрсеткіш. Осы бағытта ауданымызда 15303 адам жұмыспен қамтылып, олардың өндірген өнім көлемі 60 007,7 млн. теңге болып, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 111,9% артты.
Мемлекеттік бағдарламалардың қолдау құралдары арқылы ауданымыздағы шағын және орта бизнестің дамуына және жаңадан ісін бастаған кәсіпкерлерге бірінші кезекте жеңілдетілген несие қажет.
Жалпы қаржы ұйымдары арқылы 2022-жылы 8 айда 4253 тұлға 2897,8,0 млн. теңгеге несиелендірілді.

00к
Мемлекет басшысы шағын және орта бизнестің рөлін күшейтіп, оның ел экономикасындағы үлесін 2025-жылға қарай 35 пайызға дейін жеткізу міндетін қойған болатын. Бұл бағытта «Қарапайым заттар экономикасы» жеңілдетілген несиелендіру бағдарламасы бастау алған. Бүгінгі күнге жалпы құны 40,0 млн. теңге көлемінде кәсіпкерлік бағытындағы 1 жобаға несие берілді. Қажетті несиемен қамтамасыз ету жұмыстары жалғасын табатын болады.
2022-жылы жалпы құны 5,3 млрд. теңгелік, 503 жұмыс орнын құрайтын 16 ірі, 49 орта және шағын жобалар іске асыру қарастырылып отыр. Осы жобалардың кезең-кезеңмен іске асыру үшін тиісті қолдаулар көрсетілетін болады.
Анықтама:
1. «Сау ас» ЖШС-ның құны 1443,0 млн.теңгелік, 32 жұмыс орнын құрайтын 4 га өнеркәсіптік жылыжай құрылысы жобасы.
2. «Қазығұрт нұры» ЖШС-ның құны 78,0 млн. теңгелік, 5 жұмыс орнын құрайтын 1 га жылыжай жобасы.
3. «Ынтымак» СТК-ның құны 700,0 млн. теңгелік, 7 жұмыс орнын құрайтын қуаттылығы 1,3 МВт/сағ кіші ГЭС жобасы.
4. Сонымен қатар, жалпы құны 754,0 млн. теңгелік 49 шағын жобалар.

Б.ӨСЕРБАЕВ,
аудандық кәсіпкерлік және
ауыл шаруашылығы бөлімі
басшысының орынбасары.