Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 1-қыркүйек күнгі Жолдауын іске асыру аясында және Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасымен 2022-жылғы 7-қазандағы ведомствоаралық жедел кеңес хаттамасының 2.2-тармағына сәйкес құқық қорғау және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, өңірлерде «Заң керуені» акциясы өткізіліп жатыр. Ауданымызда жалғасын тапқан акцияға Түркістан облысы прокурорының орынбасары Келдібеков Саян Шаймұратұлы, Түркістан облысы полиция Департаментінің ЖПҚБ-ның бастығы Төреханов Асылхан Сейдеханұлы, Қазығұрт ауданы әкімі Абдуллаев Арман Айдарұлы, Қазығұрт ауданы прокурорының міндетін атқарушы Кадиров Ержан Кеулімжайұлы және Қазығұрт ауданының полиция бөлімінің бастығы Ермеков Мұрат Мұхтарұлы қатысты.
Акция барысында жергілікті тұрғындарға жедел құқықтық көмек көрсету, құқықтық мәдениет деңгейін арттыру, заңдарды түсіндіру, елдегі қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті нығайту үшін азаматтық қоғам мен құқық қорғау органдарының күш-жігерін біріктіру жұмыстары аясында сөз болып, азаматтар тарапынан қойылған сұрақтар мен өтініштерге нақты жауаптар берілді.
«Қазығұрт – ақпарат».