Ұлы даланың жеті қыры

Дүйсенбі, 26 Қараша 2018 00:00

poslaniye

аЙМАҚ

5bf3da01eafa4

 

Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінде Ақордада өткен Қауіпсіздік кеңесінің отырысынан кейін орталық аппараттың және оның Департаменттерінің басшылары жауапкершілікке тартылды, – деп хабарлайды  Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметі.

Ақордада өткен Қауіпсіздік кеңесінің отырысында Мемлекет басшысы берген монополияға қарсы ведомствоның жұмысын тәртіпке келтіру бөлігінде тапсырмасын орындау аясында Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов Қазақстан Республикасының Бас Прокуратурасы коммуналдық қызметтерге тариф белгілеу саласында анықталған бұзушылықтар бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің және оның аумақтық бөлімшелерінің лауазымды тұлғаларын жауапкершілікке тарту мәселесін қарады.

Осылайша Комитеттің Жамбыл, Солтүстік Қазақстан, Ақтөбе, Қарағанды облысы және Астана қаласы бойынша департаментінің басшыларына, Павлодар, Ақмола, Қызылорда, Алматы облысы және Шымкент қаласы бойынша департаменті басшысының орынбасарларына сөгіс жарияланды.

Комитеттің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің басшысы атқаратын лауазымынан босатылды. Сонымен қатар, монополияға қарсы ведомствоның мәселелеріне жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі Серік Жұманғаринге және Комитет төрағасы Азамат Майтиевке сөгіс жарияланды. 

Еске сала кетейік, ҚР Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев Үкімет отырысында Ұлттық экономика вице-министрі Серік Жұманғаринге сөгіс жариялады.Сондай-ақ, Үкімет басшысы Ұлттық экономика министрлігінің Монополияға қарсы комитеттің оның аумақтық бөлімшелерінің жұмысын тәртіпке келтіруін қолдайтынын атап өтті.

Бұған дейін Ақордада өткен Қауіпсіздік кеңесінің отырысында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев коммуналдық қызметтерге тарифтерді заңсыз өсірген табиғи монополиялар субъектілерін жазалауды талап етіп, тариф саласында орын алған кемшіліктерге байланысты ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Азамат Майтиевке сөгіс жариялады.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев:

 

0111