АСТАНА КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

Жұма, 05 Шілде 2019 00:00 Жарияланды Қоғам Оқылды 98 рет

Құттықтау!

 

            Астана – Тәуелсіздік қаласы. Еркін елдің айбары, тұмары. Күннен күнге өрісі кеңейіп, тұлғасы биіктеп келе жатқан көркем қала. Астана – ұлттың арман-қиялдарын жүзеге асырып, сан қилы тағдырларды тоғыстырып жатқан керемет те, көрнекті орда.

            Бас қаламыздың бүгінгі көркі жанымызды жадыратып, сұлулықтың іңкәр лебімен тербейді. Өмір талабына сай аспанмен үндескен ғимараттар мен сан түрлі көрікті демалыс орындары адам жанына жылылық сыйлайды.

            Қазақстан, Тәуелсіздік, Астана – үш ұғымы бірдей. Біздің бір ғана отанымыз бар, ол – Қазақстан. Біздің орындалған арманымыз ол – Тәуелсіздік. Біздің ешбір елге ұқсамайтын көк байрағымыз бар. Ол Біріккен Ұлттар Ұйымынан бастап, барлық шет елдердегі елшіліктерде, үлкен шараларда желбіреп тұрады. Дәстүр бойынша Астана күнінде де мемлекеттік туды көтереміз. Астана күні мемлекеттік мереке болып жарияланудың өзіндік тарихи-тағлымдық, тәрбиелік тұрғыдан мәні ерекше зор. Бұлай дейтін себебім, Елорданы Алматыдан – Ақордаға ауыстыру – бұл қазақтың өз билігі өз қолына тигеннен кейін ұлттық болмыс бітімін сақтап, мемлекеттің келешегі жас ұрпақтың бойына отансүйгіштік қасиеттерді дарытып, қанына патриоттық сезімдерді сіңіреміз, – деп айтқан Тұңғыш Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың сөзінің маңызы үлкен.          Қазақстандықтар Астана қаласымен мақтанады. Қарыштап дамыған жаңа Астананың бүгінгі келбетіне сүйсінбейтін жан жоқ. Жас Елорданың көз сүріндірер келісті келбеті күн санап жасарып, көркейіп, гүлдене түсуде. Ол жаңаша қарқын алған құрылысымен ғана емес, соңғы технологиялар негізінде салынып жатқан гүлзарларымен, аллеяларымен сырттан келгендердің назарынан тыс қалмай, шетелдіктерге қуаныш сыйлауда.

            Қазақстанның Елордасы – мәңгілік достықтың символы. Астанамыз Нұр-Сұлтан – болашағы жарқын қала, жастардың қаласы. Сондықтан, ел жүрегі мәңгілік соғып, бас қаламыз одан әрі гүлденіп, арайлана берсін!

            Құрметті жерлестер!

            Баршаңызды Астана күнімен шын жүректен құттықтап, тәуелсіздікті ту етіп көтерген халқымыздың көңілдері көтеріңкі, жаны жай, денсаулықтары мықты, табыстары молая берсін деп тілейміз!

            Ару қала Астана әрқашан асқақтай берсін!

            Т.ТЕЛҒАРАЕВ,                                                            Ө.КӨПЕЕВ,

            аудан әкімі.                                                                  аудандық мәслихат хатшысы.