МӘДЕНИЕТІМ – МЕРЕЙІМ!

Жұма, 27 Мамыр 2022 00:00 Жарияланды Мәдениет Оқылды 91 рет

fb73f3a2-4da5-4459-94cf-3e8f63380441

Кез келген ­мереке не болмаса іс-шара мәдениет және өнер саласы өкілдерінің қатысуынсыз өтпейді. Мәдениет саласының майталмандарына қандай құрмет пен ізет көрсетсекте жарасады.
Ауданымызда халқымыздың өнері мен мәдениетіне сүбелі үлес қосып, осы саланың шоқтығын көтеріп келе жатқан мәдениет және өнер қызметкерлерінің еңбектері өлшеусіз. Бұл – қалам сертін қалтқысыз атқарып жүрген ақын-жазушының, білім бұлағымен сусындатуда көмегін аямайтын кітапханашының, мазмұнды қойылыммен көрерменге ізгілік нəрін сыйлайтын театр əртісінің, өңірлердегі мəдениет ошақтарында қызмет етіп жүрген өзге де мамандардың еңбегін елеп, алғыс айтатын кəсіби мереке.
Айтулы мерекеге орай аудандық мәдениет сарайында «Мәдениетім – мерейім!» атты іс-шара өтті. Аудан әкімі А.Абдуллаев, аудандық мәслихат хатшысы Ө.Көпеев және аудандық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары М.Намешов мәдениет саласында көп жылдар бойы үздіксіз халыққа мәдени қызмет көрсетіп жүрген мәдениет қызметкерлерін құттықтап, марапаттады.
Мерекеде аудандық мәдениет сарайының және ауылдық мәдениет үйлері мен клуб қызметкерлері өз өнерлерін көрсетті.

Раушан БАЙҚАНҚЫЗЫ,
аудандық мәдениет сарайының әдіскері.