МЕН ЖӘНЕ МЕНІҢ ОТБАСЫМ!

Сенбі, 22 Қазан 2022 00:00 Жарияланды Білім Оқылды 310 рет

ae7f3481-3ea9-423b-82ab-36e81ef9b3d2

Жуырда Қ.Өмірәлиев атындағы жалпы орта білім беретін мектебінде 5-сынып оқушылары мен ата-аналары арасында «Мен және менің отбасым» атты отбасылық спорттық сайыс ұйымдастырылды. Отбасылық сайысты мектебіміздің директоры О.Салыбеков ашып: «Бүгінгі балалар жылы аясында ұйымдастырылып жатқан спорттық шараның маңызы үлкен деп білеміз. Бұған дейін де талай іс-шаралар атқарылып жатыр. Бүгінгі шараны өткізудегі мақсат – ата-аналармен қарым-қатынасты нығайту, спорттың денсаулыққа пайдасы зор екендігін түсіндіру. Салауатты өмір салтын қалыптастыра отыра ептілікке, жылдамдылыққа, шапшаңдылыққа тәрбиелеу. Отбасылардың бірге орындайтын спорттық өнерлерін көрсетуде жылдам, епті, ұйымшыл және көңілді екендіктерін көру қандай қуаныш. Әр отбасы жеке топты құрайды. Әр топ жеңіс мәресіне жету үшін бірнеше кезеңнен тұратын кедергілерге төтеп беруі тиіс. Меніңше бұл әрбір ата-аналарымыздың қолынан келеді. Біз әр топ отбасыларына сәт сапар тілейміз!», – деді.
Аталмыш сайыста әділқазы алқалары болып тәрбие ісінің меңгерушісі Тұрлыбаев Азат, кітапханашы Халима Әлімқұлова, психолог Стамбекова Ұлбала, дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі Смаилов Әбдібай төрелік етті.
Жарыс 5 этаптан тұрды: 1. Эстафеталық жарыс (кедергілерден өтіп, тапсырма орындау). 2. Ептілікті сынау (тақтаймен допты алып жүру. 3. Кенгуру (ұлдар допты екі аяқ арасына қысып секіріп келу, қыздар скакалкамен. 4. Полиглот (Капитандар қаппен секіріп барып тобына сөз алып келу, сөзден топпен бірге жаңа сөздер құрау. 5. Арқан тарту. (екі топ арқанның екі жағынан ұстап тартады.)
Байқау қорытындысы бойынша, жоғары ұпаймен 5 «А» сыныбының «Жұлдыз» командасы І орын, 5 «Ә» сыныбының «Жас қыран» командасы ІІ орын иегері атанды.
Жүлдегерлер мен сайысқа қатысқан барлық отбасыға «Алғыс хат» пен бағалы сыйлықтар табыс етілді.

Ақмарал САХОВА,
Қ.Өмірәлиев атындағы жалпы орта
білім беретін мектебінің физика пәнінің мұғалімі.