БАҚЫТТЫ БАЛАЛАР – БАҚЫТТЫ БОЛАШАҚ

Жұма, 10 Маусым 2022 00:00 Жарияланды Мәдениет Оқылды 88 рет

 209      кітапхана 3

"1 маусым – балаларды қорғау күні". Алғашқы халықаралық балаларды қорғау күні 1950-жылы өткізілді. БҰҰ аталған бастаманы дер кезінде қолдап, балалардың өмірін, құқығын, денсаулығын қорғауды өз қызметінің басты бағыттарының біріне айналдырды. Балаларды қорғау күні олардың өмірін соғыстан қорғау, денсаулығын сақтау, болашақ ұрпаққа демократиялық негізде білім мен тәрбие беру жөніндегі барша әлемдегі озық пікірлердің тоғысқан арнасы десек, артық айтқандық емес. Дәл осы күні болашақта адамгершілікке, әділдікке, баянды өмірге толы қоғам құру үшін оның негізі – балаларға барлық жағдай жасау керектігі тағы да паш етіледі. Осылайша, «Балаларды қорғау күні» мереке ғана емес, сонымен қатар, болашаққа бағдар жасайтын маңызды шараның бірі.
Адамзаттың алдында тұрған зор міндет – болашақ ұрпақтың бақытты өмірін қалыптастыру. Қазығұрт аудандық орталық және балалар кітапханасының ұйымдастыруымен жаздың алғашқы күнінде «Отбасы аллеясында» мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен биылғы 2022-жыл «Балалар жылына» орай «Бақытты балалар бейбіт елдің тірегі» атты тақырыпта мерекелік кеші өтті. Кештің мақсаты балалардың «Балаларды қорғау күні» туралы түсініктерін бекіту. Балаларды өзін құрметтеуге, әлеуметтік мәнділік сезімін, жеке тұлға ретінде көрсете білуге тәрбиелеу. Балалардың жеке қасиеттерін дамыту, тақпақ, өлең, әндерді нақышына келтіре айтуды үйрету. Бір-бірін сыйлауға, адамгершілік қасиеттерін жоғалтпай ұстауға, белсенділіктерін арттыру.
Балалар күніне арналған мерекелік іс-шараны ОКЖ директоры Г.Даулетбаева ашып берді. «Бала арманына қанат бітіріп, өмірдің ең бақытты кезеңін естерінде қалдыру – біздің парызымыз. Балаларды қорғау дегеніміз - әрбір сәбидің тыныштығын қорғау, тәтті ұйқысын бұзбау, алаңсыз күлкісін тоқтатпау», – деп ізгі тілегін білдірді.
Мерекелік кешті кітапханашылар М.Айтубаева мен Э.Қыстаубаева жүргізді. Сонымен бірге Т.Рысқұлов мектеп-лицейінің «Наз» би тобының бишілері «Өрнек» биін биледі. Бүлдіршіндер мерекелік тақпақтар орындап, әндер шырқады. Қ.Сатпаев мектеп-лицейінің 4 «и» сынып оқушылары «Соңғы қоңырау» әнін орындаса, «Болашақ» балабақша бүлдіршіні Тойлыбай Бақсұлтан «Жеті қазына» әнін орындады. Мерекелік кешке сайқымазақтар, ертегілер елінен кейіпкерлер қонаққа келіп, ойындар өткізді. Кітапханашылардың «Түлкінің туған күні» ертегісінен сахналық қойылым қойды. Ертегілер елінің саяхаты жұмбақтар, ән, биге ұласты. Балалар «Бақытты балалық шақ» атты тақырыпта асьфалт бетіне сурет салып, байқау өтіп, алғыс хаттар мен сый – сияпаттар жасалды.
Адамзаттың алдында тұрған зор міндет – болашақ ұрпақтың бақытты өмірін қалыптастыру. «Ихсан» қайырымдылық қоғамдық қорының мүшесі Е.Тәжібаев мерекелік іс-шараға қатысып, жылы лебізін білдіріп, бүлдіршіндерге қоғамдық қордың атынан балмұздақтар таратты.

Д.САҒЫНТАЕВА,
аудандық балалар кітапханасының әдіскері.