Бала тәрбиесі – басты назарда

Дүйсенбі, 26 Қараша 2018 00:00 Жарияланды Мәдениет Оқылды 65 рет

Іс-шаралар

тарбие-фото

Жуырда әлеуметтік-психологиялық сүйемелдеу қызметі секторының ұйымдастыруымен «Бала тәрбиесі – баршаның ісі» атты кездесу өтті. Оған облыстық ардагерлер кеңесінің мүшелері, әжелер алқасы, жергілікті полиция қызметі, мектеп директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары мен зиялы қауым өкілдері қатысты. Дәл осындай жиын Алтынтөбе ауыл округінде «Отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу» тақырыбында ауыл ақсақалдары, ардагерлер кеңесінің төрағалары, зиялы қауым өкілдері және жастардың қатысуымен «дөңгелек үстелдегі талқылауларға» ұласты. Отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу, жас отбасы мүшелері мен өскелең ұрпаққа тәрбие беру және ұлттық құндылықтарды сақтау, насихаттау мақсатында түрлі іс-шаралар күні бүгінге дейін жалғасын табуда.

Аудандық білім бөлімінің АІІБ-нің жергілікті полиция қызметімен бірлесе отырып, Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында құқық бұзушылық пен зорлық-зомбылықтың алдын алу үшін «Қылмыссыз әлем» тақырыбында Алтынтөбе, Қарабау, Жаңабазар ауылдық округтерінде мектеп оқушыларына түсіндіру жұмыстары қолға алынды.

Белгіленген кесте бойынша барлық ауыл округтерінде жастар мен жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында АІІБ жергілікті полиция қызметінің ювенальды полиция қызметкерлері және психолог мамандардың қатысуымен «Қылмыскер бала қайдан шығады?», «Қылмыссыз болашаққа бір қадам» тақырыптарында 39 кездесу мен 3 «дөңгелек үстел» ұйымдастырылды. Сонымен қатар, уақытша ұстау изоляторына саяхат жұмыстары және пробация бөлімінде есепте тұрған жастармен, орталықтағы білім ошақтарындағы лидер оқушылармен кездесу өтті. «Қылмыссыз болашақ» рейдтік акциясы 5 рет, жалпы 65 «түнгі рейд» жүргізілді. Рейд барысында көзге түскен 87 жасөспірімге әкімшілік хаттама толтырылып, түсіндірме жұмыстары мен парақшалар таратылды.

     Қазығұрт ауданы әкімінің ресми сайтында (http://uko-kazigurt.gov.kz/) Қазығұрт ауданындағы құқық бұзушылық профилактикасының 2017-2019 жылдарға арналған кешенді жоспары мен оның орындалуы жарияланды. «Киелі Қазығұрт» газетінде БАҚ-та қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге азаматтардың қатысуының оң аспектілері туралы халықты ақпараттандыру мақсатында 40 мақала жарыққа шықты.

     Дүниежүзілік денсаулық күніне орай Қазығұрт ауыл округінде «Street workout» спорт алаңшасында "Дені саудың – жаны сау" атты колледж студенттері арасында жарыс ұйымдастырылды.  

Облыстық отбасы, балалар және жастар істері жөніндегі басқармасымен бірлесе, «Қылмыс пен құқық бұзушылыққа нөлдік төзімділік» атты облыстық мамандарының қатысуымен жастармен басқосуда жасөспірімдер арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру, құқық бұзушылық алдын алу мақсатында видео роликтер көрсетілді.

Ғ.САҒАТ,

аудандық ішкі саясат

бөлімінің бас маманы.