Қазығұрт аудандық мәдениет сарайында Қазығұрт аудандық оқушылар сарайының жанынан ашылған Жиенбек Феруза Салыбайқызының жетекшілігіндегі «Наз» би ансамблінің бір жылдық есеп беру концерті өтті.
«Наз» би ансамблінің ашылғанына 1 жыл болса да би ұжымында 100-ден астам оқушы қатысуда. Сондай-ақ, «Наз» би ансамблі аз ғана уақыт ішінде бірнеше облыстық республикалық байқаудың жеңімпазы атанып үлгерді. Атап айтсақ, 2021-жылғы «QAZAQ_STAR_DANCE_MUSIC_FESTIVAL» (Қазақ стар данс мюзик фестиваль) Халықаралық онлайн би фестивалінің «Бас жүлде» иегері атанса, Шымкент қалалық орыс драма театрында өткен "Жас талант – 2021" Халықаралық фестивалінде І орын, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай өткізілген аудандық «Бұраң бел» байқуында І орын, 2022-жылғы Шымкент қаласында өткен «Жас дарын – 2022» Халықаралық фетивалінде бас жүлде және «Атадан мұра» қорының ұйымдастыруымен өткен республикалық байқауында бас жүлде иегері атанып Көкшетау қаласында өтетін супер финалға жолдама алды.
Осынау өміршең өнерді өрнек еткен ұстаздың бірі Феруза Жиенбек Салыбайқызы бишілік өнерге қанат бітіріп, қыздарды әсемдікке, сұлулыққа тәрбиелеуде. Би өнерінде әр шәкіртімен аянбай тер тегудің нәтижесінде биік белестерді бағындыруда. «Наз» би ансамблінің репертуарында қазақ, орыс, хорезм, хип-хоп басқа да түрлі жанрда өнер көрсетуде. Жалпы би өнерін дұрыс үйрету – бұл тарихымызды, салт-дәстүрімізді, ұлттық санамызды таныта отырып тәрбиелеу.
Қорыта келгенде концерт жоғары деңгейде өтіп, келген көрермен ризашылығын білдіріп жатты. Алдағы уақытта да «Наз» би ансамблінен керемет билер күтеміз және алдағы күндерге сәттілік тілейміз.
Құндыз ҚАҢЛЫБАЕВА,
Қазығұрт аудандық оқушылар сарайының бұқаралық бөлім меңгерушісі.